Антидепрессанттар: дақпырттар, шындық және олар қалай жұмыс істейді - Лайқос

Антидепрессанттар: нені білген жөн және қателіктерге жол бермеудің амалы

Антидепрессанттар дау-дамайлардың нысанына жиі айналады, әрі кейде, тіпті, сенімсіздік пен үрей тудырып жататыны рас. Лайқос антидепрессанттардың қалай жұмыс істейтінін және шынымен де тұлғаны өзертеді ме, әлде жоқ па екендігін анықтады. Бұл тұста бізге дәрігер-психиатр, нарколог, психотерапевт, Ольга Дубынина көмектесті.

Антидепрессанттар дегеніміз не?

Антидепрессанттар — бұл күйзеліс, мазасыз күй, ЖКСБ және басқа да күйлерді емдеу барысында тағайындалатын дәрілік препараттар болып келеді. Олар көңіл-күйді жақсарта отырып, мидағы химиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектеседі. Егер күйзелістің белгілері жеңіл немесе уақытша қиындықтармен байланысты болса, дәрігерлер психотерапияға жіберуі мүмкін және өмір салтын өзгерту туралы кеңес бере алады.

Антидепрессанттар туралы дақпырт

Олар тәуелділікті тудырады және тұлғаны өзгертеді

«Сіз қазір мені әуестендіріп жібересіз де, кейін мен нашақор сияқты боламын». Осындай қарсылыққа әрбір психотерапевт тап болып отыратыны хақ. Шын мәнісінде олар есірткімен салыстырғанда физикалық тәуелділікті тудырмайды. Антидепрессанттар ерік-жігерге, зият пен ойлау тәсілдеріне әсер етпейді.

Оларды алкогольмен бірге қабылдауға болмайды

Антидепрессанттарды алкогольмен немесе есірткілік заттармен бірге қолдануға тыйым салынған – бұл күрделі салдарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Ал темекі тартуға келер болсақ, бұл тұста қатаң тыйымдар жоқ, дегенмен соңғы зерттеу анықтағандай, ол депрессияның даму ықтималдығын шамамен 50% арттыра алады. Жалпы алғанда кез келген жаман әдеттер біздің денсаулығымызға кері әсерін тигізеді, сондықтан ең жақсы нұсқа – олардан біржолата бас тарту. Адамдардың көбі қайтару нышанатының ауырлығын төмендету және темекі түтініне жол бермеу мақсатында шылым шегуден бас тарту үдерісіндегі аралық кезең ретінде хиттерлердің қолданысына жүгінеді, алайда бұл мүлдем зиянсыз шешім емес және қосымша клиникалық зерттеулердің жүргізілуін қажет етеді.

Олар әп-сәтте әрекет етеді

Мұндағы әсер бірден пайда болмайды, тек 2-4 птадан кейін ғана. Миға бейімделу үшін уақыт керек. Антидепрессанттарды қабылдай бастағаннан кейін бір ай өткен соң сіз оның тиімділігін бағалау, мөлшерлемесін түзету немесе препарат керекті нәтижені бермеген жағдайда, оның өзін өзгерту үшін қайтадан дәрігермен кездесуге келесіз. Қажет болса, жанама әсерлерден құтылу мақсатында қосымша құралды таңдауға болады.

Олар көптеген жанама әсерлерді тудырады

Антидепрессанттар гормондық немесе эндокриндік жүйеге нұқсан келтірмейді, бұл дақпырт. Иә, кейбір жанама әсерлер болуы ықтимал: құмартудың төмендеуі, салмақтың жоғарылауы, ұйқышылдық немесе жүрек айну. Дегенмен жаңа буынға жататын дәрі-дәрмектер олардың барлығын іс жүзінде жоққа шығара алады. Антидепрессантты таңдау әрдайым жеке әдіс-тәсіл мен дәрігер кеңесін алуды қажет етеді. Егер препарат дұрыс таңдалса, жанама әсерлер мүмкіндігінше аз болмақ.

Жағдай жеңілдеген соң дәрі қабылдауды тоқтатуға болады

Препаратты қабылдауды өз бетімен тоқтатуға болмайды – бұл қайтару нышанатына, яғни, ағзаның болжауға келмейтін реакциялар жынтығына әкеліп соқтыруы мүмкін. Емделудің минималды курсы – жарты жылдан кем болмауы тиіс, кейбір жағдайларда одан да ұзақ болуы ықтимал. Дәрі-дәрмек ішуді тоқтату тек дәрігердің бақылауында жүргізілуі керек.

Қорытынды

Емдеудің ең жақсы нұсқасы – препарат + жеке терапия. Антидепрессанттар мидың жұмысын реттеуге көмектеседі, алайда сіздің көзқарастарыңыз бен түйткілдерге деген реакцияларыңызға ықпал етпейді. Не дегенмен негізгі жұмысты өзіңіз жасауыңыз керек. Жауапкершілікті тек дәріге артуға болмайтыны айқын.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]