Неліктен темекі тартуға жай ғана тыйым салуға болмайды - Лайқос

Неліктен темекі тартуға жай ғана тыйым салуға болмайды

«Темекіні таста!» — деп салауатты өмір салтын ұстанатын достарыңыз, анаңыз бен көршіңіз қайта-қайта айтып отырады. Алайда дамыған елдердің үкіметтері темекіге әшейін тыйым салу жеткіліксіз екенін түсінді. Тіпті, тарих сабақтарының өздерінен-ақ «құрғақ» заңдардың іске аспағандары есімізде — қайта адамдар қолдан жасалған алкогольді ішімдіктерден көбірек зардап шеккен еді. Осыған ұқсас темекі тартуға қатаң тыйым салынса, бұл адамдарды заңсыз және әлдеқайда қауіпті балама нұсқаларға ауысуға итермелеуі мүмкін.

Сонда темекі шегуге қарсы күресті қалай жүргіземіз

АҚШ Конгресінің мәжілістерінде Темекі өнімдерін бақылау бойынша бөлімінің директоры Митч Зеллер шылымқұмарларға зияны анағұрлым төменірек балама нұсқалар ретінде темекісіз өнімдерді қарастыруды ұсынған. Олар жанбайды, демек түтінді шығармайды — ал бұл адам денсаулығы үшін ең негізгі қауіп болып келеді.

Ғылыми пікір

18 елдің ғалымдары мен медицина қызметкерлері ДДСҰ бас директорының атына жазған хатында дәстүрлі шылымды электронды темекіге алмастыруды қолдайтындарын көрсеткен. Зерттеулерге сүйенсек, мұндай ауысу темекі тартуға байланысты пайда болатын аурулар қаупін төмендете алады. Атап айтқанда, британдық ғалымдар темекінің түтінімен салыстырғанда никотиндік аэрозольдің құрамындағы зиянды және канцерогенді заттектер 95% азырақ екенін анықтаған.

Деректер

ДДСҰ мәліметтеріне сәйкес жыл сайын әлем бойынша темекі шегуден шамамен 8 миллион адам қайтыс болады. Сонымен бірге зерттеулер көрсетіп отырғандай, зияны анағұрлым азырақ келетін балама нұсқаларға ауысу осы көрсеткішті айтарлықтай төмендетуі бек мүмкін. Мәселен, Швецияда снюс (шайналатын темекі) заңды түрде қолжетімді болып отыр, әрі мұнда басқа еуропалық елдермен салыстырғанда шылым шегуге байланысты пайда болатын дерттердің деңгейі айтарлықтай төмен. 2020 жылы ересек шведтердің небәрі 5% ғана дәстүрлі темекіні шеккен екен, яғни, бұл Еуропа бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі болып келеді.

Қорытынды

Зияны әлдеқайда төменірек балама нұсқаларға ауысу денсаулық үшін қауіптерді азайтудың тиімді тәсіліне айналуы әбден мүмкін. Дегенмен естеріңізге саламыз: темекінің ешқандай да баламасын толықтай қауіпсіз деп санауға болмайды. Өз денсаулығыңызға көмектесудің ең жақсы әдісі — темекі тартуды тоқтату.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]