Темекіні қыздыру жүйелері: темекі тартудың бұл баламасы қалай жұмыс істейді - Лайқос

Темекіні қыздыру жүйелері: темекі тартудың бұл баламасы қалай жұмыс істейді

Шылымды тастамаймын, бірақ денемнің саулығын қалаймын — шылымқорлардың зияны әлдеқайда аздау темекі баламаларына өту ниеті дәл осындай сөздерден басталады. Бүгін біз ең танымал нұсқаны – темекіні қыздыру жүйелері немесе темекіні қыздыруға арналған жүйені қарастырамыз. Бұл не және қалай жұмыс істейді?

Неліктен темекінің баламасын іздеген маңызды?

Никотин — шылым шегу тәуелділігінің басты себебі болса, темекі түтіні — залалдың басты көзі. Ғалымдар анықтағандай, темекі түтінінің құрамында 4 мыңнан 7 мыңға дейінгі химиялық қосылыстар бар, соның ішінде қоздырғыштар, қабыну агенттері, канцерогендер және басқа да уландырғыш заттектер.

Түтін шығармайтын балама нұсқаларда мүлдем ешнәрсе жанбайды. Бұл денсаулық үшін тәукелдердің барлығын жоққа шығармаса да, дегенмен олар шылымды тұтатуды жақсы көретіндер үшін неғұрлым қауіпсіз балама ретінде танылып отыр.

Темекіні қыздыру жүйелері қалай жұмыс істейді?

Темекіні қыздыру жүйесі Темекіні қыздыру жүйесі

Темекіні қыздыруға арналған құрылғылардың басты айырмашылығы — технология, оның арқасында темекі температураның қауіпсіз көрсеткіші, яғни, 350°C дейін ғана қыздырылады. Бұл температура құрылғының темекі аэрозолін буландыра бастауы үшін жеткілікті, алайда темекіні жағу үшін жеткіліксіз.

Темекіні қыздыру жүйелерінің жұмыс қағидаты қарапайым: құрылғының ішіне арнайы стик салынады, ал сол жерде қыздыру элементі орналасқан. Пайдаланушы батырманы басады да, осылайша пайдалану сеансы басталады.

Стиктердің құрамы қандай?

Стиктің іші пропиленгликольмен сіңдірілген кептірілген темекіге толтырылған. Сеанс барысында ол қыздырылады да, темекі буы пайда болады, әрі ол темекі түтінінен әлдеқайда қауіпсіз және қолайлы: құрамында зиянды заттектердің мөлшері 90-95% дейін азырақ, сондай-ақ ол жылдамырақ сейіледі және ащы иісі де аздау болады. Сонымен бірге шылымқұмар үшін үйреншікті әрекеттер толықтай сақталады: темекіні ішке тартты, дем шығарды, никотин үлесін алды да, тағы қайталады.

Нені есте сақтаған маңызды?

Никотинді тұтынудың ешбір әдісі толықтай қауіпсіз болуы мүмкін емес. Түтін шығармайтын балама нұсқалар — темекі шегуден болатын зиянды төмендетудің жақсы әдісі, дегенмен ең үздік шешім — бұл әдеттен біржолата бас тарту болып келеді.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]