Бьюти-процедуралардың қаупі: кірпік ұзарту, ламинаттау, татуаж - Лайқос

Сұлулық па, әлде қатер ме: кірпік ұзарту, ламинаттау мен татуаж несімен қауіпті

Сұлулық индустриясы құпия рецептіні әлдеқашан тауып алған: ұзындау кірпік, әдемі көз – әрі сен ояна салып, макияжға сағаттап уақыт жұмсамай, әлемді бағындыруға дайынсың. Ал татуаждың, ламинаттау мен кірпік ұзартудың қандай қауіптері бар? Лайқос кеңінен таралған сұрақтармен офтальмолог Артем Фарбитникке жүгінді.

Танымал бьюти-процедуралардың қандай қауіптері бар?

Кірпік ұзарту – бұл тек қана желім мен шоқ-шоқ кірпік емес. Бұл дегеніміз қабақ терісі мен өз кірпігіңізбен түйісу. Осы тұста аллергиялар, қабыну, әлсіздену және, тіпті, кірпігіңіздің түсіп қалуы де мүмкін.

Жапондық сауалнама мәліметтеріне сүйенсек, әрбір төртінші әйелде кірпік өсіртуден кейін қызарудан бастап қабақтың ісінуіне дейін қиыншылықтар болған. Ал процедура неғұрлым жиі жасалса, қауіп те соғұрлым жоғары – ол сеанстар арасындағы қысқа интервалдар кезінде үш есе арта түседі екен.

Кірпікті ламинаттау химиялық әсер етуді меңзейді. Мұның нәтижесінде күйік алу, тітіркену, құрғақтық, сынғыштық және кірпіктердің алопециясына тап болу ықтималдығы жоғары келеді.

Кірпік арасындағы кеңістіктің татуажы – бұл тәуекелі ең жоғары процедура. Ықтимал қиыншылықтардың ішінде – пигменттің көзге түсіп кетуі, қабыну, көздің ылғалдануы үшін жауап беретін бездердің зақымдалуы.

Көздің тітіркенуін нақты не нәрсе тудыруы мүмкін?

  • Кірпік өсіртуге арналған желімнің құрамында формальдегидті бөлетін цианоакрилаттар бар, бұл – аллерген әрі токсин.
  • Ламинаттауға арналған препараттар – сутегінің асқын тотығы, аммиак пен сілті.
  • Татутажға араналған пигменттердің құрамында никель, кадмий және басқа да ауыр металдар бар болуы мүмкін.
  • Сапасыз техника (жарақаттар, микрожаралар) инфекцияны жұқтыру қаупін тудырады.

Бірдеңенің дұрыс емес екенін қалай түсінуге болады?

  • дызылдау, көз жасының ағуы, қышу
  • қабақ немесе көздің қызаруы
  • ісіну, көз көруінің нашарлауы
  • іріңнің бөлініп шығуы, кірпіктің жабысып қалуы

Өз кірпігіңіз бен қабақты зақымдап алуыңыз мүмкін бе?

Иә. Көбінесе кірпік ұзарту түк фолликулаларына зақым келтіреді, әрі қан айналымын нашарлатады, кірпік анағұрлым жіңішке болады да, түсе бастайды.

Ал кірпіктің шамадан тыс салмағы птозды, яғни, жоғарғы қабақтың төмен түсуін жылдамдатуы ықтимал, әсіресе, адамның жасы ұлғайған сайын осы қауіп артатыны анық.

Шырышты қабаттың татуажы несімен қауіпті?

Кірпік арасындағы татуаж – бұл процедураның асқыну қаупі жоғары: пигмент шырышты қабатқа немесе, тіпті, нұрлы қабыққа түсіп кетуі мүмкін, ал бұл созылмалы қабыну, ұлпаның қалыңдап қатаюы және көзді ылғалдандыратын бездер жұмысының нашарлауына әкеліп соқтыра алады.

Шешім қабылдап қойсаңыз, не істеу керек?

Процедурадан кейін алғашқы 24-48 сағат өте маңызды.

Су, косметикадан аулақ болып, көзіңізді уқаламаңыз. Ылғалдандыратын тамшыларды қолданыңыз.

Келесі жайттар болса, процедураны жасамағаныңыз абзал:

  • сізде көздің созылмалы аурулары бар болса (блефарит, құрғақтық)
  • сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізіп жүрсеңіз
  • аллергияларға бейімділік немесе сезімтал тері болған жағдайда
  • агрессивті заттектер қолданылатын процедуралардан сақ болыңыз

Міндетті түрде:

  • сертификатталған шеберді таңдаңыз
  • аллергияның бар-жоғына сынақ жасатыңыз
  • алдын ала офтальмологпен кеңесіп алыңыз

Симптомдар пайда болса ше?

Егер сіз жағымсыз симптомдарды байқасаңыз, соның ішінде қызару, қышу немесе дызылдау пайда болса, сол тұста көзді стерильді физерітіндімен жуып-шайып, жасанды жас әсерін беретін тамшыларды пайдаланыңыз және жағдайды жеңілдету мақсатында салқын компресс жасаңыз. Өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз – егер, тіпті, жағдайыңыз жақсарса да, дәрігердің көмегіне шұғыл жүгінгеніңіз абзал. Тек қана маман нақты диагнозды қоя алады, әрі дұрыс ем-дом шараларын ұсынады.

Қорытынды

Көз – адам ағзасындағы ең сезімтал мүшелердің бірі, әрі кез келген араласу ерекше сақтықты талап етеді. Өзіңіз ұқыпты күтінгеніңіз жөн. Сұлулық қауіп төндіруі емес, келбетіңізді ажарлай түсуі тиіс.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.