Темекіні қыздыру жүйелері: құрамы және шылымнан айырмашылығы

Темекіні қыздыру жүйелерінің ішінде не бар?

Қазіргі заманғы әлемде адамдар кез келген өнімнің құрамы неден тұратындығына көбірек қызығушылық таныта бастады: супермаркеттер ішінде заттаңбалардағы құрамдарды оқып, электронды техниканың нұсқаулығын жете зерттейтін болған. Сол секілді темекіні қыздыруға арналған құрылғы да мұқият зерттеледі. Бұл мақалада стиктердің неден тұратындығын, әрі олардың классикалық темекіден айырмашылығы неде екендігін анықтап көрейік.

МАҢЫЗДЫ! «Лайқос» жобасының редакциясы психикалық белсенді заттарды (алкоголь, темекі және басқаларды) тұтыну туралы сөз еткенде, сонымен қатар ПБЗ және оларды пайдаланатын адамдардың суреттерін жариялағанда, мұны тек Зиянды төмендету тұжырымдамасы аясында осындай мінез-құлықтың қауіптілігі туралы ақпараттандыру мақсатында ғана жасайды. Егер сіз осыған дейін ПБЗ тұтынушысы болмасаңыз, оларды ешбір жағдайда да қабылдауға шақырмаймыз.

 

Біз бұған дейін де ертеректе жазылған мақалаларымызда темекіні қыздыруға арналған жүйелердің қарапайым темекіден несімен ерекшеленетіндігін және түтін шығармайтын құрылғылар туралы қандай аңыздар бар екендігін айтқан едік. Енді біз темекіні қыздыру жүйелерінің өздерін талдап, әрі олардың ішінде не бар екендігін қарастырамыз.

 

Темекіні қыздыруға арналған жүйелердің жұмыс істеу қағидатының негізі темекіні жандырмай-ақ, тек қана 350°C-қа дейін қыздыруда жатыр. Бұл қарапайым темекіге тән және темекі тарту кезінде ең қауіпті фактор болып саналатын жану үдерісін жоққа шығарады.

 

Баршамыз біліп отырғандай, темекіні қыздыруға арналған жүйелердің ең негізгі құрауыш бөлігі – темекінің тікелей өзі болып келеді. Ұқсас балама нұсқаларда оның екі түрі кездеседі: үкпелі темекі және стиктер, бұл құрылғының түріне байланысты болады.

Темекіні қыздыру жүйесі

Темекіні қыздыру жүйесінің ішкі құрылымы

 

Штранг – темекі қағазының таспасымен оралған кесілген темекінің бумағы

 

ҮКПЕЛІ ТЕМЕКІНІ ҚОЛДАНАТЫН ҚҰРЫЛҒЫЛАР

Аталмыш үкпелі темекі құрылғының жабық сегментінде орналасқан, әрі ол қыздырылған кезде аэрозоль бөлініп шығады – бұл темекінің жану үдерісін болдырмайды және темекі түтінінің құрамында кездесетін 95% зиянды химиялық заттектердің (соның ішінде шайыр және канцерогендер) түзілуін жоққа шығарады. Темекі түтінімен салыстырғанда, темекіні қыздыруға арналған жүйелердің бөліп шығаратын аэрозолінде зиянды химиялық заттектердің түзілуі 95%-ға төмендетілген.

 

ТЕМЕКІ СТИКТЕРІН ҚОЛДАНАТЫН ҚҰРЫЛҒЫЛАР

Осындай құрылымы бар құрылғылар шылымға ұқсас келетін және құрамында темекісі болатын темекі стиктерін пайдаланады. Шылымқұмар стикті темекіні қыздыруға арналған құрылғыға орналастырады да, құрылғы оны қыздырады – осылайша адам темекіні тұтына алады.

 

Шылымға қарағанда темекіні қыздыруға арналған жүйелер күлді өндірмейді, сонымен қатар қол, шаш, киім мен жиһаз үстінде иіс қалдырмайды. Темекіні қыздыруға арналған жүйелердің бөліп шығаратын аэрозолі пассивті шылым шегуді де жоққа шығарады, әрі осының арқасында оның зияны шылымқұмардың айналасындағы адамдар мен үй жануарлары үшін азырақ бола түседі.

 

ТЕМЕКІНІ ҚЫЗДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ НИКОТИН

Кез келген түтін шығармайтын балама нұсқалардың зиянсыз болмайтындығын ешқашан да естен шығармаған абзал – олар адамның ағзасына никотинді жеткізеді, ал ол тәуелділікті тудыратын нәрсе. Сонымен бірге түтін шығармайтын құрылғылар темекі шегуден бас тартудың баламасы немесе темекіні тастауға көмектесетін құрал болып келмейді, егер де сіз денсаулыққа әсер етуі мүмкін қауіптерді жоққа шығаруды қаласаңыз, темекі мен кез келген түрдегі никотинді тұтынудан толығымен бас тарту қажет.

 

Сондықтан темекіні қыздыруға арналған жүйелерді тек никотиннен әзірше бас тарта алмайтын, дегенмен шылымды біржолата тастаудың алдындағы аралық кезеңі ретінде темекі шегудің зиянын төмендеткісі келетін адамдар ғана қарастыруы мүмкін.

 

Аударған: Рита Сәрсенова

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]