Аптап ыстықта өнімділікті сақтаудың жолы: кондиционер мен жұмыс бойынша кеңестер

Аптап ыстықта өнімділікті сақтаудың жолы: кеңсе мен үйге арналған кеңестер

Жаз маусымында жұмыс істеу қиындай түсетіні рас. Аптап ыстықта адам ағзасы жылуды реттеу мақсатында артық ресурстарды жұмсайды, осының салдарынан біз тезірек шаршап қаламыз, зейін қоюды жоғалтамыз және нашар ұйықтаймыз. Түске қарай назарымыздың шашырап кетуі де ғажап емес, ал ойымыздағы жалғыз тілек – үйге қарай қашып кету. Лайқос өнімділікті жоғалтпай қапырықты жеңудің жолын айтып береді.

Неліктен ыстықта жұмыс істеу қиынырақ?

Термометр бағанасы жоғары қарай көтерілген сайын ағза «салқындату жүйесін» іске қосады: тердің бөлінуі күшейе түседі және қанайналым өзгереді. Осыған біршама күш-қуат жұмсалады, ал ми бұл энергияны жұмыс бабындағы міндеттерге жұмсай алатын еді. Зерттеулер растап отырғандай: үй-жайдағы жоғары температура кезінде адам реакциясының жылдамдығы төмендейді, сонымен бірге зейін қою мен ақылға салынған шешімдерді қабылдау қабілеті нашарлайды.

Өзіңізге қалай көмектесе аласыз?

Дұрыс желдету

Нағыз шыжыған ыстықта терезелерді ашпағаныңыз абзал – бұл тұста сіз жай ғана ыстық ауаны ішке кіргізіп аласыз.

Келесі кестені ұстанғаныңыз дұрыс:

  • Таңертең ерте: 9:00 дейін.
  • Кешқұрым: 19:00 кейін.
  • Түнде: егер шарттар мен терезе сыртындағы шуыл мүмкіндік берсе.

Қарбалас тіршілік кезінде терезелерді жабық ұстаған жөн, әсіресе, олар күнгей жаққа шығып тұрса. Бұл жерде кондиционер нағыз таптырмас дүние, дегенмен адамдардың көбі оны қолданудан сасқалақтайды. Бұдан қорқудың қажеті бар ма екенін анықтайық.

Кондиционер: одан ауырып қалуға бола ма?

Өздігінен кондиционер вирустарды немесе тұмауды жұқтырмайды. Ауруларды адамдардан берілетін патогендер тудырады. Дегенмен техника сіздің иммунитетіңізді әлдеқайда әлсіретіп жіберетін жағдайды туғызуы әбден мүмкін. Негізінен біз басқа бір жерде ауырып қаламыз да, ал кеңседегі салқын ауаны бәріне де кінәлі етеміз.

Неге кондиционерден кейін жағдайыңыз нашарлауы мүмкін:

  • Құрғақ ауа. Ол мұрын мен тамақтың шырышты қабаттарын құрғатып жібереді – бұл біздің басты қорғаныс тосқауылымыз. Әлсіреген тосқауыл – вирустар үшін нағыз жеңіл олжа.
  • Температураның күрт өзгеруі. Көше мен ғимарат арасындағы 10-15 градусқа дейін жететін айырмашылық болған жағдайда тамырлар нағыз күйзеліске ұшырайды. Бұл тамақтың жыбырлауы мен жайсыздық сезіміне әкеліп соқтыруы ықтимал.
  • Ауаның тікелей ағыны. Мойын немесе арқаға үнемі ұрып тұратын салқын ағын жергілікті суық тиюді тудырады, ал бұл бұлшықеттің ауырсынуы немесе қабынуына апаруы мүмкін.
  • Лас сүзгілер. Ескі сүзгілердің ішінде жинақталатын шаң мен бактериялар кондиционерді ластанған ауа көзіне айналдырады.

Техниканы қауіпсіз қолданудың жолы:

  • Тепе-теңдікті сақтаңыз. Көшемен салыстырғанда оңтайлы айырмашылық – 5-7°C.
  • Ағынды бағыттаңыз. Тікелей жұмыс орнына үрлеп тұруынан сақ болыңыз.
  • Тазалықты қадағалаңыз. Сүзгілерді тұрақты тазалағаныңыз абзал.
  • Ауаны ылғалдандырыңыз. Ылғалдықты 40-60% шамасында ұстап тұрыңыз.

Қорытынды

Тіпті, шөлдегенді сезбесеңіз де су ішіңіз – бұл ақыл айқындылығын әлдеқайда ұзағырақ сақтауға көмектеседі. Ең күрделі және маңызды міндеттерді ыстық шыңына жетпей тұрғанда, яғни, күннің алғашқы жартысына жоспарлаған дұрыс екендігін қаперіңізден шығармаңыз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.