
Заңсыз вейптердің қауіптілігі: неге олардан бүгіннің өзінде бас тартқан абзал
Осыдан бір жыл бұрын Қазақстанда вейптерге, яғни, «бір реттік» темекіге тыйым салынған еді. Дегенмен көптеген қазақстандықтар заңсыз әкелінген құрылғыларды қолдануды жалғастырып келеді, әрі олар мұның салдары қандай болуы мүмкін екендігін ұғынбайды.
Неліктен заңсыз вейптер қауіпті: тіпті, темекі тартпасаңыз да, ағзаға болатын зияны
Көптеген елдер вейпті темекі тартудың «зияны азырақ» балама нұсқасы ретінде мойындап отыр. Алайда Қазақстандағы заңсыз түрде қолжетімді құрылғылардың құрамы хош иістендіргіштер, пропиленгликоль және ауыр металдарды қамтиды, әрі олардың сапасы күмән тудырады, әрі осының барлығы тікелей өкпеге деммен бірге енеді. Адам, тіпті, дәстүрлі темекіден болатын түтінді жұтпаса да, ол ағзасын созылмалы қабынулар, аллергия және тыныс алу жүйесінің бұзылуын тудыра алатын заттектердің залалды әсеріне ұшыратады. Жасөспірімдер үшін зиян еселене түседі – өйткені олардың ағзалары әлі де қалыптасып жатыр, ал жаман әдеттің салдары ұзақмерзімді болуы әбден мүмкін.
Егер бұрын, Вейпинг қауымдастығы өкілдерінің мәлімдемелеріне сәйкес, еліміздің нарығында заңсыз құрылғылардың көлемі 70% құрған болса, қазірде бұл көрсеткіш 100% тең.
Заңсыз сатылатын жасанды вейптер: сатушылар айтпайтын қауіп-қатер жайында
Вейптерді заң жүзінде сатуға тыйым салынғаннан бері Қазақстанда контрафактілік өнімнің саны арта түсті. Мұндай құрылғылар жасырын түрде, бақылаусыз сатылып жатыр, әрі көбінесе арзан және уытты компоненттерден жинақталады. Жасанды вейптерді қолдану – бұл денсаулыққа нұқсан келтіру ғана емес, сондай-ақ өміріңізге қауіп төндіру дегенді білдіреді. Белгісіз құрам, сертификаттаудан өтпеген сұйықтықтар мен аккумулятордың тұрақсыз жұмысы улануға, күйік алу немесе басқа да ауыр салдарға әкеліп соқтыруы ықтимал. Әсіресе, бұл жасөспірімдер мен жастар үшін аса қауіпті, өйткені олардың ағзасы ерекше сезімтал келеді.
Дамыған елдерде вейптер мен электронды темекі шын мәнісінде дәстүрлі темекі тартудың зияны анағұрлым азырақ баламасы ретінде қарастырылады. Алайда бұл тұжырым, мысалы, АҚШ-тағы FDA (Азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық бақылау жөніндегі басқарма) немесе Ұлыбританиядағы PHE (Public Health England, бүгінде UK Health Security Agency деп аталады) сияқты ұлттық санитарлық реттеушілер тарапынан өткізілетін қатаң тексеріс пен сертификаттаудан өткен өнімдерге ғана қатысты. Бұл органдар құрамдарды, компоненттердің қауіпсіздігін, мөлшерлемелердің сәйкестілігі мен зиянды қоспалардың бар-жоғын бағалайды.
Қазақстанда интернет арқылы сатылатын сертификатталмаған немесе заңсыз әкелінген құрылғылардың құрамында никотиннің қауіпті деңгейі, ауыр металдар, уытты хош иістендіргіштер немесе белгісіз химиялық қоспалар болуы мүмкін, ал бұл кез келген әлеуетті «қауіпсіздікті» жоққа шығарады.
Хиттер – вейптің баламасы: зияны азырақ, бақылау көбірек
Қазір Қазақстанда FDA немесе PHE тарапынан дамыған елдерде авторизация алмаған тек заңсыз қытайлық брендтер ғана кеңінен таралып отыр. Олар құрамының толық сипаттамасынсыз сатылып жатыр. Осының барлығы адам ағзасы үшін қайғылы салдарға әкеліп соқтыруы бек мүмкін.
Бұл әдеттен бірден бас тарта алмайтын адамдарға хиттер секілді балама нұсқаны қарастырып көрген абзал. Бұл құрылғы сұйықтықты қолданбайды және оны қыздырмайды, демек зиянды буды шығармайды. Хиттер денсаулыққа болатын залалды айтарлықтай төмендетеді. Әлбетте, ең мінсіз таңдау – темекі шегуден біржолата бас тарту екені сөзсіз. Алайда егер сіз зиян туралы ойналып бастасаңыз және қаупі анағұрлым азырақ баламаны қолдануды қаласаңыз, хиттер – бұл жауапкершілікке қарай жасалатын қадам болмақ.
Қорытынды
Вейп – бұл сәнді ойыншық емес, бұл ересек шылымқұмарларға арналған балама. Олар денсаулығы әлі қалыптасып келе жатқан жасөспірімдер мен жастарға зиян келтіруі мүмкін. Жасанды құрылғыларды сатып алу – тікелей ауыр салдарға апарар жол. Парасаттылық танытқан маңызды: күмәнді ләззат үшін тәуекелге барудың қажеті жоқ.