Игілікке жараған технологиялар: цифрлық шешімдер инклюзия әлемін қалайша өзгертіп келеді - Лайқос

Игілікке жараған технологиялар: цифрлық шешімдер инклюзия әлемін қалайша өзгертіп келеді

Бүгінде технологиялар – бұл әшейін жайлылық қана емес. Бұл баршаға арналған тең мүмкіндіктер турасында болып отыр. Дауыс шығаратын көмекшілер, арнайы қосымшалар, бейімделген сайттар мүгедектігі бар адамдарға толыққанды өмір сүруге көмектеседі. Әрі күндердің күнінде емес, дәл қазір септігін тигізіп келеді.

Қазақстанда 800 мың адамның көру қабілеті бұзылған

Бұл өте үлкен сан. Бұл адамдар үшін ақпаратқа, білім алуға, мәдениет пен бос уақытын өткізуге деген қолжетімділік әлі де бұрынғыдай шектеулі болып қала береді.
Сонымен бірге бұл «өзгелердің» түйткілі емес – бұл әрқайсымызға қатысты мәселе. Өйткені, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, 2050 жылға қарай жер шарындағы халықтың тең жартысы көру қабілетінің белгілі бір дәрежедегі бұзылуына тап болады.

Алайда инклюзия – бұл тек көру қабілеті жайында ғана емес. Бұл денсаулығының ерекшеліктеріне қарамастан, барша адамдардың қоғам өміріне тең дәрежеде атсалыса алуын білдіреді. Әрі дәл осы технологиялар мұндай әлемге тосқауылсыз жетуге көмектесетін көпірге айналып отыр.

Қазақстанда инклюзия үшін не істеліп жатыр?

Жарқын мысалдардың бірі деп – қолжетімділік жөніндегі сарапшылар және Қазақ зағиптар қоғамымен бірлесіп Jana Dunie қорының жасап шығарған Focus қосымшасын айтуға болады.

Focus не істейді?

Қосымша соқыр және нашар көретін адамдарға фильмдерді қарауға көмектеседі. Қолданбада фильмдер аудиоскрипциямен бірге ұсынылған: бұл дегеніміз кадр сыртындағы дауыс визуалдық жайттарды әңгімелеп отырады; кімнің қайда бара жатқанын, кейіпкерлердің бейнесін, экранда не болып жатқанын түсіндіреді.

Қолданбаның интерфейсі, дауыс шығаратын көмекшісі қарапайым, әрі фильмдер базасы тұрақты түрде жаңартылады. Адам, басқалар секілді, нені қарауды өзі таңдайды.

Әрі бұл тек бастамасы ғана

Болашақта Focus қолданбасын зағип және нашар көретін адамдарға арналған ірі онлайн-платформаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, сонда ол жерде не болады:

  • көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған комментариймен бірге футбол мен басқа да спорт матчтарын көру мүмкіндігі;
  • экспонаттарды ұстау және егжей-тегжейлі аудио сипаттаманы тыңдауға болатын тактильді көрмелер жайында білу;
  • білім алу, дәрістерді қарау, танымдық және ойын-сауық бағдарламаларды тыңдау мүмкіндігі – барлығының да қолжетімді болуы ескерілген.

Тағы не айтуға болады?

  • Қазақстанда screen reader – зағип пайдаланушыларға арналған экрандағы мәтіндерді «оқитын» бағдарламалары бар бейімделген сайттар пайда болып отыр.
  • Қазақ тіліндегі чат-боттар мен дауыс шығаратын көмекшілер дамып келеді – бұл баршаға қолжетімді болуына қарай жасалған маңызды қадам.
  • Мүгедектігі бар мектеп оқушылары мен студенттер ұлғайтылған қарпі, әрі пернетақтаны басқару мүмкіндігі мен тапсырмалардың балама форматтары бар білім беретін онлайн-платформаларға қол жеткізе алады.

Кішкентай қадамдар – дегенмен олар орасан зор өзгерістерге жол ашып отыр.

Қорытынды

Технологиялар қазірдің өзінде өмірді өзгертуге көмегін тигізіп жатыр, алайда алдағы уақытта талай нәрселер күтіп тұр. Қоғам, шын мәнісінде, ашық әрі адамгершілікке толы болуы үшін әркімнің ақпаратқа, мәдениетке, білім алу мен мүмкіндіктерге қол жеткізе алуы аса маңызды.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.