
Мәңгілік заттар ғаламшарды қалай құтқарады және неліктен олар баршамызға қажет
8 сұрақ
«Мәңгілік заттар» деп нені атайды?
Саналы тұтыну дегеніміз не?
Затты тастамас бұрын оны киюдің орташа мерзімі қандай?
Бір мақта футболкасын жасауға қанша литр су жұмсалады?
Жыл сайын сән индустриясы қанша зат шығарады?
Өндірілген киімнің 85% қайда барады?
Қоршаған ортаны ластау деңгейі бойынша қандай индустрия екінші орында тұр?
Әрбір секунд сайын қанша киім қоқысқа лақтырылады?
Жемпір бір маусымның ішінде-ақ тозып кететін, телефондар бір жылда ескіріп қалатын, ал кез келген қаптама бір минуттан кем өмір сүретін бұл әлемде ерекше бір құнды нәрсе баршылық. Бұл мәңгілік заттар. «Мәңгі-бақи сәнді болатын» деген мағынада емес, бірнеше күннің орнына жылдар бойы қызмет ететін тиянақты істелген заттар. Неліктен олар нағыз қажеттілікке айналып отыр, әрі әрқайсысымыз осының арқасында ғаламшарымызды қалайша құтқара аламыз? Лайқос айтып береді.
Мәңгілік заттар – бұл не және олар несімен маңызды?
Бұл міндетті түрде қола ескерткіштер немесе винтажды сағаттар болуы тиісті емес. Мәңгілік деп келесілерді атауға болады:
- екі рет жуғаннан кейін бүлініп қалмайтын классикалық ақ жейде
- жарты өміріңізге жететін табиғи былғарыдан жасалған сөмке
- әжеңізден қалған, әрі жап-жаңа секілді көрінетін жылтыр сырлы кәстрөл
- әр күз маусымы сайын ауыстыруды қажет етпейтін күртке
Мұндағы идея қарапайым: зат ұзақ уақыт жұмыс істеуі тиіс – әрі бір-екі қолданыстан кейін мәнін жоғалтпауы керек.
Жалдам сән ғаламшарға қалай зиян келтіреді
Жылдам сән мен бір реттік тұтыну – бұл әдемі қаптамаға оралған нағыз экологиялық апат. Бүгінде сән индустриясы ластау деңгейі бойынша мұнай саласынан кейін екінші орында тұр. Әрбір секунд сайын әлемде киімге толы бір жүк машинасы қоқысқа лақтырылып жатады, жыл сайын бұл көрсеткіш – 92 млн тонна тоқымаға дейін жетеді, ал осы киім-кешектің 85% алғашқы жылдың өзінде-ақ қоқыс тастайтын жерлерге түседі. Әсіресе, масс-маркеттен сатып алынатын заттар өз жолын ерекше тез аяқтайды: олар қайта өңдеуге негізінен жарамсыз болып келеді және небәрі 6-12 ай өткеннен кейін қоқысқа айналатыны жиі кездеседі. Ал енді көз алдыңызға балама нұсқаны елестетіп көріңіз: бір маусымның ішінде 20 футболка емес, бар болғаны үшеуі ғана, бірақ сіз жылдар бойы қуана киетін футболкалар. Бұл дегеніміз өндірістің азырақ болуы, шығарындылардың төмендеуі, қоқыстың қысқаруы.
Мәңгілік заттар ≠ жалықтыратын заттар
Тұрақты заттар – бұл өңсіз, қызықсыз және қымбат деген пікір баршылық. Ал шын мәнісінде барлығы да керісінше болып тұр. Төзімді материалдармен жұмыс істейтін брендтер көбінесе жинақы, әмбебап және визуалды тұрғыдан тексерілген дизайнды ұсынады. Мұндай зат басқа нәрселермен оңай үйлеседі, бір маусымның ішінде ескіріп қалмайды және трендтерге тәуелді болмайды.
Сонымен бірге Қазақстанда және күлі әлем бойынша жергілікті маркалар мен винтажды жобалар кеңінен танымалдылыққа ие болып жатыр, олар тарихы мен жаны бар, шынымен де, сапалы заттарды жасап шығарады және оларды сатумен айналысады.
Саналы сатып алуды бастаудың жолы
- «Жаңасы үшін жаңаны» қуалауды тоқтатыңыз.
Өзіңізге мына сұрақты қойыңыз: бұл маған шын мәнісінде керек пе, әлде жай ғана гардеробты жаңартқым келіп тұр ма?
- Сапаға инвестиция құйыңыз.
Бір айдың ішінде түте-түте болып кететін бес сапасыз жемпірдің орнына жақсы біреуін алғаныңыз абзал.
- Тастаудың орнына жөндеңіз.
Жөндеу – заттың өмірін созу мен табиғатқа деген жүктемені азайтудың тәсілі.
- Тарихы бар заттарды сатып алыңыз.
Винтаж, секонд-хендтер мен жергілікті маркалар көбінесе жанын салып жасалатын бірегей, сапалы заттарды ұсынады.
Ал мен бұдан не аламын?
Үнемі таңдау жасаудан стресс алу азая түседі, көзге көрінерлік және қолмен ұстауға болатын нағыз сапаға, әрі өзіңізге және қоршаған әлемге деген құрметке ие боласыз. Сонымен бірге – сіз үнемдей аласыз: мұндай заттар әр екі ай сайын алмастыруды қажет етпейді.
Қорытынды
Әлем енді «бір ретке арналған заттарға» төзе алмайды. Егер біз ұзақ уақыт қызмет ететін нәрселерді бағалай бастасақ, онда біз өзімізге де, ғаламшарымызға да, әрі болашағымызға да шынайы қамқорлық таныта бастайтынымыз хақ.