
Шылымқұмарға ақша төле – ол әдетін тастайды: қаржы ынталандырмасы темекіден арылуға көмектесе ме?
Адамға темекі шегуден арылуға көмектесу тәсілдерінің бірі – ерік-жігер ғана емес, сондай-ақ қаржы ынталандырмасы болса ше? Жаңа зерттеу көрсетіп отырғандай, ақшалай сыйақы шынымен де темекіден бас тарту ықтималдығын арттыра алады, бұған қоса аталмыш тәсілдің әсері, тіпті, төлемдер аяқталғаннан кейін де сақталады. Лайқос бәрін айтып береді.
Қаржы ынталандырмасы қалай жұмыс істейді?
Темекі шегуден бас тарту бағдарламаларында қатысушыларға ақшалай төлемдер, сыйлық сертификаттары ұсынылады немесе адам енді темекі тартпайтын болса, оған осыған дейін салынған депозиті қайтарылады. Мұндай бағдарламалар жұмыс орындарында, медициналық мекемелерде және қоғамдық бастамалар аясында қолданылуы мүмкін.
Мұндағы негізгі идея – әшейін ғана «темекіден бас тартқаны үшін адамға ақша төлеу» емес, никотинге деген тәуелділікті еңсеру өте қиын болатын кезеңде қосымша мотивацияны туғызу. Зерттеушілердің пайымдауынша, қаржылық марапат никотинге тәуелділіктің қалыптасуында маңызды рөл атқаратын мидың марапаттау жүйесіне әсер етуі мүмкін.
Зерттеу нені көрсетті?
Ғалымдар алуан түрлі марапаттау бағдарламаларының тиімділігін тексеруге бағытталған, әрі 21 900 астам адам атсалысқан 48 зерттеуді талдады. Нәтижелер айтарлықтай көрнекі: қаржылай ынталандырылған қатысушылар арасында 100 адамның 10-ы алты айға дейінгі мерзімге темекі шегуден бас тарта алды, ал сыйақы алмаған топтардағы көрсеткіш шамамен 100 адамнан 7-ге жуығы болып шықты. Оның үстіне бағдарлама аяқталғаннан кейін әсері бірден жоғалмаған екен. Бұл маңызды жайт: мұндай бағдарламалардың мақсаты – ақша үшін темекі шегуден уақытша бас тарту емес, шын мәнісінде бас тартуды бекіту.
Әсіресе жүкті әйелдерде әсері айқын байқалады
Зерттеушілер жүкті әйелдерге қатысты жайтты бөлек зерттеген, әрі бұл жердегі айырмашылық одан да едәуір болып отыр. Қаржы ынталандырмасына ие болғандардың ішінде 100 әйелдің 13-і алты ай немесе одан да көп уақыт өткеннен кейін де темекі шегуден бас тартқан еді. Бақылау топтарында бұл көрсеткіш 100-ден 6-ға жуық болған екен.
Яғни, қаржылық мотивация темекі шегуді ойдағыдай тастау мүмкіндігін екі есеге арттыра алды. Сонымен бірге зерттеушілер мұндай бағдарламалардың жүктілік кезінде ерекше маңызды болуы мүмкін екендігін белгілеп өтті, өйткені бұл кезеңде темекі тарту ана мен бала үшін асқынудың жоғары қаупімен байланысты болып келеді.
Ал егер бас тарту әзірге қолдан келмесе ше?
Темекіден біржолата бас тарту денсаулық үшін ең жақсы нұсқа болып қала бермек. Дегенмен никотинге деген тәуелділік аса күшті болуы ықтимал, әрі одан бірінші талпыныстан-ақ құтылу баршаның қолынын келе бермейді.
Егер адам әзірге темекі шегуден толықтай бас тартуға дайын болмаса, инновациялық түтін шығармайтын балама нұсқалар – хиттерлерді қарастырып көруге болады. Қарапайым шылымға қарағанда оларды қолданған кезде темекінің жану үдерісі болмайды, үйреншікті темекі түтіні де жоқ және жану үдерісіне байланысты зиянды заттектер 95% азырақ түзіледі.
Қорытынды
Темекі шегуден бас тарту – бұл әрдайым ерік-жігерге ғана қатысты бола бермейді. Никотинге тәуелділік әртүрлі құралдар мен қолдауды талап етуі ықтимал. Бәлкім, кей кездері дәл осы қосымша мотивация – шылым шегуден құтылу үшін адамға жетіспей тұратын нақ сол фактор шығар.