Өзін-өзі уқалау: қандай нүктелер бас ауруы мен шаршауды басады - Лайқос

Өзін-өзі уқалау: қандай нүктелер бас ауруы мен шаршауды басады

Бастың ауырсынуы, самайдағы ауырлық сезімі, шаршағандық «жұмыс – дедлайндар – тұрмыс» ырғағында өмір сүретін адамдардың әрқайсысына таныс. Бұл тұста әрдайым қол астыңызда дәрі-дәрмек немесе массажға барып қайту үшін бос уақытыңыз бола бермейді. Лайқос есіңізге салады: өз күніңізге дәл қазір қосуға болатын бір жылдам әрі тиімді құрал бар – бұл өз қолыңызбен нүктелі уқалау.

Өзін-өзі уқалау дегеніміз не

Аталмыш тәсіл акупунктура мен акупрессура қағидаттарына негізделген: белгілі бір биологиялық белсенді нүктелерге жеңіл түрде басу қанайналымын жақсартады, бұлшықеттерді босаңсытады және күйзеліс деңгейін төмендетеді. Әрі ең жағымдысы – осының барлығы небәрі 1-3 минуттың ішінде іске асады.

Инь-тан нүктесі (екі қас аралығы) – ішкі қауырттылық пен бастағы ауырлық сезімі кезінде

Өзін-өзі уқалау: қандай нүктелер бас ауруы мен шаршауды басады

Бұл нүкте екі қастың арасында, яғни, біз шаршағанда немесе ашуланған кезде еріксіз маңдайымызды тыржитатын жерде орналасқан.

Қалай уқалау керек:

– саусақты екі қас аралығына орналастырыңыз;

– 30-60 секунд бойы жұмсақ түрде басып тұрыңыз;

– тыныш тыныс алыңыз.

Не береді:

  • маңдай мен көзге күш түсіруді азайтады;
  • алаудаушылықты төмендетуге көмектеседі;
  • қатты шаршау мен ноутбук алдында жұмыстан болатын бас ауруын жеңілдетеді.

Тай-ян нүктесі (самай) – бас ауруы мен сақинасы кезінде

Егер самай аймағын қолыңызбен мұқият ұстап көрсеңіз, кішкене ойық жерді табуға болады – бұл дәл сол Тай-ян.

Қалай уқалау керек:

– саусақтың ұшымен шеңбер бойынша уқалау;

– 1-2 минут, жеңіл түрде басу.

Не береді:

  • беттің бұлшықетін босаңсытады;
  • бас ауруын, әсіресе, қауырттылықпен байланысты ауырсынуды азайтады;
  • қатты шаршаған кезде көмектеседі.

Хэ-гу нүктесі (қолдың буыны) – ауырсынуға қарсы жедел жәрдем

Өзін-өзі уқалау: қандай нүктелер бас ауруы мен шаршауды басады

Бас бармақ пен сұқ саусақтың ортасында болады. Оны жүз аурудың нүктесі деп атайды.

Қалай уқалау керек:

– саусақтар арасындағы аймақты қысыңыз;

– бірқалыпты басу, бірақ оқыс қимылдарсыз;

– әрбір қолыңызға 30-60 секундтан.

Не береді:

  • бас ауруын азайтады;
  • мойын ауырғанда көмектеседі;
  • күйзеліс деңгейін кемітеді.

Маңызды: аяғы ауыр әйелдерге бұл аймақты қатты стимуляциялауға болмайды.

Фэн-чи нүктесі (бассүйек негізі) – желке мен мойын ауырғанда

Өзін-өзі уқалау: қандай нүктелер бас ауруы мен шаршауды басады

Бұл нүкте желке сүйегінің астындағы ойық жерінде – омыртқаның екі жағында орналасқан.

Қалай уқалау керек:

– бармақтарыңызбен жоғары және ішке қарай жылжытыңыз;

– 1-2 минут бойы;

– шеңбер бойынша жеңіл қимылдарды қосуға болады.

Не береді:

  • желкенің ауыруын басады;
  • мойын бұлшықетін босаңсытады;
  • зейін қоюды жақсартады.

Жақ сүйегінің астындағы нүкте – көз шаршағанда және ақыл-ойға көп жүктеме түскенде

Өзін-өзі уқалау: қандай нүктелер бас ауруы мен шаршауды басады

Бет сүйегінің астындағы кішігірім ойықтарға басқан кезде негізінен ол жер ауырады – бұл қатты шаршаудың белгісі.

Қалай уқалау керек:

– бармақтарыңыздың ұшымен жақ сүйектеріне жоғары қарай басып тұрыңыз;

– 30-40 секунд бойы.

Не береді:

  • бет бұлшықетінің түйілуін басады;
  • ұзақ уақыт оқудан немесе экран алдындағы жұмыстан кейінгі шаршағандықтан көмектеседі;
  • лимфодренажды жақсартады.

Табандағы Юн-цюань нүктесі – босаңсу мен тұйықталу үшін

Өзін-өзі уқалау: қандай нүктелер бас ауруы мен шаршауды басады

Табанның ойық жерінде – шамамен аяқтың жоғарғы үштен бір бөлігінде орналасқан.

Қалай уқалау керек:

– саусағыңызбен немесе уқалау добымен жасаңыз;

– 1-2 минут бойы.

Не береді:

  • күйзеліс деңгейін төмендетеді;
  • ұйқыны жақсартуға көмектеседі;
  • дененің жалпы шаршауын алып тастайды.

Өзін-өзі уқалауды қаншалықты жиі жасау керек?

Жеңілдікті сезіну үшін 1-3 минуттың өзі жеткілікті.

Таңертеңгі рәсімдерге, міндеттер арасындағы үзілістерге, ұйықтар алдында немесе ерекше шаршағандық сәттерінде қосуға болады.

Өзін-өзі уқалау қай уақытта жарамсыз:

  • дене қызуы көтерілгенде;
  • жедел қабыну үдерістері;
  • жақында болған жарақаттар болса;
  • нүктелерге басу қауіпті болуы мүмкін созылмалы ауруларға шалдыққанда.

Егер бастың ауырсынуы жиі қайталанып тұрса, бас сақинасын, тамырлар мен мойын бөліміне байланысты түйткілдерді жоққа шығару үшін тексеруден өтіп алған маңызды.

Қорытынды

Өзін-өзі уқалау – бұл өзіңізге осында және дәл қазір көмектесудің қарапайым тәсілі. Ол босаңсытады, қанағымын жақсартады, денеге «енді дем шығарсаң болады» деген белгі береді. Кей кездері күніңіздің жеңілдеуі үшін нақ осы жайт жетіспей тұрады.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.