Ғалымдар хиттерлерді зияны анағұрлым азырақ темекі баламасы деп атайды. Анықтап көрейік
Шылымқұмарлар түтін шығармайтын темекінің балама нұсқаларын әлдеқайда қауіпсіз деп санайды және оларға жаппай көшіп отыр. Бұл шынымен де солай ма? Лайқос Швеция, Жапония және АҚШ ғалымдарымен бірге хиттерлердің қаншалықты зиянды екендігін анықтады.
Хиттерлер қалай жұмыс істейді
Хиттерлер – бұл темекі бұйымдарының салыстырмалы түрдегі жаңа санаты. Бұл құрылғылар темекіні 350 градусқа дейін ғана қыздырады, әрі аэрозольді бөліп шығарады. Бұл технологияның ең негізгі артықшылықтарының бірі – түтінсіздік, өйткені дәл осы түтін – шылым шегудегі ең зиянды қыры. Темекінің ұшында 7 мыңнан астам уытты заттек бар. Соның ішінде 69 заттек – канцероген болып келеді.
Зиянды қоспалар туралы не айтуға болады?
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, кәдімгі темекінің түтінімен салыстырғанда аэрозолдің құрамындағы никотиннің мөлшері әлдеқайда төмен келеді екен. Бұл пайдаланушылардың никотинге деген тәуелділігін төмендетуге және айналадағы адамдарға келтірілетін түтіннің зиянын азайтуға көмектесе алады.
Темекімен салыстырғанда хиттерлердің аэрозолінде формальдегидтер, көмірқышқыл газы және хош иісті амин қышқылдары секілді уытты заттектердің деңгейі айтарлықтай төмен. Алайда құрылғыларда қолданылатын стиктерде глицерин және пропиленгликоль бар, әрі осыған байланысты әлі күнге дейін аяғына дейін жүргізілген зерттеулер жайлы жарияланымдар аз. Болашақ технологиялар бұл компоненттерді азайтуға немесе оларды алып тастауға көмектесуі бек мүмкін, осылайша хиттерлердің зияны төмендей түседі.
Хиттерлер және өкпе
Хиттерлерге ауысқан шылымқұмарларда лейкоциттердің деңгейі әжептеуір төмендегені байқалған – естеріңізге салсақ, бұл иммундық жүйеде маңызды рөл атқаратын жасушалар. Бұл жасушалардың шамадан тыс деңгейі жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупін арттырады және өкпе түйткілдеріне байланысты болып келеді.
Өкпенің созылмалы ауруларына шалдыққан адамдар түтін шығармайтын құрылғыларға ауысудың нәтижесінде тыныс алу жұмысының жақсарғанын, спортпен шұғылдану жеңілірек болғанын айтып, жалпы дерттің асқыну жиілігінің төмендегенін алға тартады.
Хиттерлер және жүрек
Хиттерлер аэрозолінің әрекет етуі жүрек пен қан тамырларға теріс әсерін тигізуі мүмкін. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, пайдаланушыларда жүректің жиырылу жиілігінің артуы, күретамырлық қысымның көтерілуі және артериялардың қаттылығы болуы ықтимал. Алайда бұл жайттар дәстүрлі темекіні тұтынудан болатын салдардан асып түспейді.
Кәдімгі темекіні хиттерлерге алмастырған адамдарда «жақсы» холестериннің деңгейі ұлғая түскен және қабыну көрсеткіштері төмендеген болатын, демек бұл атеросклероздың даму қаупін айтарлықтай азайтады және жалпы жүректің денсаулығына жағымды әсер етеді.
Хиттерлерге ауысудың қажеті бар ма?
Шыны керек денсаулықты сақтап қалу үшін темекі шегуден біржолата бас тартқан әлдеқайда жақсырақ. Алайда бұл қадамға бел буу қиынға соқса, не болмаса зиянды төмендетуді қаласаңыз, онда хиттерлерге назар аударып, никотинді алмастыратын терапияға жүгінгеніңіз абзал. Дегенмен балама нұсқалардың ешқайсысы да толықтай қауіпсіз емес екенін қаперіңізден шығармаңыз. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз.