
Хиттерлер: құрамы, жұмыс қағидаты және темекіден негізгі айырмашылығы
Заманауи әлемде адамдар көбінесе қандай да бір өнімнің неден құралғандығы туралы сұраққа жауап іздеуден жалықпайды: супермаркеттердегі тауарлардың заттаңбаларындағы құрамы туралы жазбаларды оқиды, электронды техниканың нұсқаулығын мұқият зерттейді. Хиттерлер де (темекіні қыздыруға арналған құрылғылар) – ережеден тыс жайт емес. Лайқос стиктердің құрамы мен олардың классикалық темекіден несімен ерекшеленетінін анықтады.
Хиттерлер дегеніміз не және олар қалай жұмыс істейді
Жалпы хиттерлердің жұмыс қағидаты темекіні жақпай, оның орнына 350 °C температураға дейін қыздыруда жатыр. Бұл кәдімгі темекіге тән жану үдерісіне жол бермейді. Нақ осы үдеріс темекі тартудың ең зиянды факторы болып саналады.
Хиттерлердің негізгі компоненті – темекінің өзі. Мұндай балама нұсқаларда ол үкпелі түрінде немесе стик пішінінде кездеседі – бұл құрылғының түріне байланысты.
Үкпелі темекіні қолданатын құрылғылар
Аталмыш үкпелі темекі құрылғының жабық сегментінде орналасқан, әрі ол қыздырылған кезде аэрозоль бөлініп шығады – бұл темекінің жану үдерісіне жол бермейді және темекі түтінінің құрамында кездесетін 95% зиянды химиялық заттектердің (соның ішінде шайыр және канцерогендер) түзілуін жоққа шығарады. Темекі түтінімен салыстырғанда хиттерлердің бөліп шығаратын аэрозолінде зиянды химиялық заттектердің түзілуі 95%-ға төмендетілген.
Темекі стиктерін қолданатын құрылғылар
Осындай құрылымы бар құрылғылар сырт пішіні жағынан шылымға ұқсас келетін және құрамында темекісі болатын темекі стиктерін пайдаланады. Шылымқұмар стикті хиттерге орналастырады, ал құрылғы оны қыздырады – осылайша қолдануды бастауға болады.
Кәдімгі шылымға қарағанда хиттерлер күл өндірмейді, сонымен бірге қол, шаш, киім мен жиһаз үстінде иіс қалдырмайды. Хиттерлердің бөліп шығаратын аэрозолі пассивті шылым шегуді де жоққа шығарады, әрі осының арқасында оның зияны шылымқұмардың айналасындағы адамдар мен үй жануарлары үшін азырақ бола түседі.
Хиттерлердегі никотин
Кез келген түтін шығармайтын балама нұсқаның зиянсыз болмайтынын ешқашан естен шығармағаныңыз абзал – олар адамның ағзасына никотинді жеткізеді, ал бұл тәуелділікті тудыратын нәрсе. Сонымен бірге түтін шығармайтын құрылғылар темекі шегуден бас тартудың баламасы немесе темекіні тастауға көмектесетін құрал емес, егер де сіз денсаулыққа әсер етуі мүмкін қауіптерге жол бермеуді қаласаңыз, темекі мен кез келген түріндегі никотинді тұтынудан толығымен бас тартуыңыз қажет.
Сондықтан хиттерлерді тек әзірге никотиннен бас тартқысы келмейтін, дегенмен шылымды біржолата тастаудың алдындағы аралық кезеңі ретінде темекі шегудің зиянын төмендеткісі келетін адамдар ғана қарастыруы мүмкін.