Хиттерлер мен стиктер: темекіні қыздыру құрылғыларын күту ережелері және қолдану бойынша кеңестер

Хиттерлер мен стиктер жайында: негізгі сұрақтар

Хиттерлер – бұл дәстүрлі темекінің түтін шығармайтын баламасы. Құрылғылар темекіні, құрамында никотині бар аэрозоль бөлінетіндей, белгілі бір температураға дейін қыздырады, алайда мұнда жану үдерісі жоқ. Лайқос хиттерлер мен стиктерді қолдануға байланысты негізгі сұрақтарды егжей-тегжейлі қарастырды.

Қолдану уақыты

Шылым және темекіні қыздыруға арналған жүйелерді тарту сеанстарының ұзақтығын салыстырып көрейік.

  • Дәстүрлі темекі: Темекі шегудің бір сеансы шамамен 5–6 минут уақытты алады, әрі оның барысында шылым 10–12 рет ішке тартылады. Әдетте адамдар темекіні әрбір 30–60 минут сайын шегеді, яғни, бұл жеке әдеттерге байланысты.
  • Хиттерлер: Бір темекі стигін қолдану уақыты оның маркасына байланысты өзгеріп отырады, көбінесе бұл 3 бастап 6 минутқа дейінгі уақытты алады.

Кез келген темекі бұйымы секілді стиктердің де жарамдылық мерзімі бар екендігін қаперімізден шығармаған абзал. Мерзімі өтіп кеткен стиктерді пайдалану ұсынылмайды, өйткені бұл олардың дәмі мен қасиеттеріне әсер етуі бек мүмкін.

Хиттерлер күтімінің ерекшеліктері

Көбінесе хиттерлердің ұзаққа жарамдылығы қолдану жиілігі мен күтім жасауға байланысты болып келеді. Заманауи құрылғылар ұзақ мерзімді пайдалануға арналған, дегенмен тұрақты түрде тазалау мен қызмет көрсетуді талап етеді.

  • Құрылғыны тазалау: Қазақстанда ресми түрде сатылатын барлық құрылғылар индукция негізінде жұмыс істейді, әрі бұл құрылғының ішіндегі темекі қалдықтары туралы алаңдамауға мүмкіндік береді. Дегенмен кірлену мен жиналған аэрозольдің қалдықтарын кетіру құрылғының қызмет мерзімін ұзартуға, әрі оның функционалдылығын сақтап қалуға көмектеседі.
  • Құрылғыны жаңарту: Сонымен бірге құрылғының операциялық жүйесін тұрақты түрде жаңарту ұсынылады, өйткені бұл құрылғыға анағұрлым ұзағырақ қызмет етуге мүмкіндік туғызады.
  • Құрылғыны таңдау: Ескірген немесе арзанырақ аналогтарға қарағанда неғұрлым қымбат модельдер, әдетте, біршама сенімдірек және төзімділікке ие.

Хиттерлерге бұрыс күтім жасау оның жылдам тозуына әкеліп соқтырады, әрі бұл кез келген басқа техникаға да қатысты айтылған.

Дәстүрлі темекімен салыстыру

Шылыммен салыстырғанда хиттерлердің басты айырмашылығы темекіні өңдеу температурасында жатыр.

  • Шылымдағы темекі шамамен 1000 °C температурада жанады, әрі бұл құрамында 6 мыңнан астам залалды химиялық заттектері бар түтіннің бөлінуімен бірге жүреді. Нақ осы заттар қатерлі ісік, инфаркт, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және тағы басқа дерттерді қоздырады.
  • Хиттерлерге келсек, мұндағы темекі 350 °C температураға дейін қыздырылады, ал жану үдерісіне жол берілмейді. Бұл зиянды зеттектердің бөлінуін шамамен 95% төмендетуге, иісті азайту мен күлдің пайда болуын жоюға жағдай туғызады.

Балама немесе бас тарту?

Никотиннен біржолата бас тартуға дайын емес адамдар үшін хиттерлер зияны анағұрлым азырақ балама нұсқаға айнала алады. Дегенмен денсаулық үшін ең жақсы таңдау — темекі бұйымдары мен құрамында никотині бар өнімдерден толықтай бас тарту екені сөзсіз.

Хиттерлер ағзаға болатын зиянды әсерді төмендетуге мүмкіндік береді, алайда никотин мен оның салдарынан құтқара алмайды. Шешім қабылдаған кезде темекіні тұтынуға байланысты жеке мақсаттарыңыз бен ұмтылыстарыңызды ескерген маңызды.

Қорытынды

Хиттерлер мен стиктер — бұл дәстүрлі темекінің орнын басатын түтінсіз балама нұсқаларды іздеп жүргендерге арналған заманауи шешімдер. Алайда олардың қолданысы күтім ережелерін сақтау мен шығыс материалдарының жарамдылық мерзімін ескеруді талап етеді. Темекімен салыстырғанда зиянның айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, темекі мен никотинді тұтынуды біржолата тоқтату денсаулық үшін ең жақсы таңдау болып қала бермек.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.

комментарии

  1. Лёша

    March 7 2025 at 20:41

    Приложение вообще полезное