Хиттерлер: олар қалай жұмыс істейді және ненің зияны азырақ
Темекіні тастамаймын, алайда денемнің саулығын қалаймын – шылымқұмарлардың зияны әлдеқайда аздау темекі баламаларына өту ниеті дәл осындай сөздерден басталады. Лайқос түтін шығармайтын балама нұсқалардың бірі – хиттерді, не болмаса темекіні қыздыруға арналған жүйені зерттеді. Бұл не және қалай жұмыс істейді?
Неліктен темекінің баламасын іздеген маңызды
Никотин – шылым шегу тәуелділігінің басты себебі болса, темекі түтіні – шылым тартуға байланысты залал мен аурулардың басты көзі. Ғалымдар былай дейді: темекі түтінінің құрамында 7 мыңға дейін химиялық қосылыс кездеседі. Соның ішінде канцерогендер, уландырғыш заттектер және, тіпті, күшәла да бар.
Түтін шығармайтын балама нұсқаларда мүлдем ешнәрсе жанбайды. Бұл денсаулық үшін тәукелдердің барлығын жоққа шығармаса да, дегенмен олар шылымды тұтатуды жақсы көретіндер үшін неғұрлым қауіпсіз балама ретінде танылып отыр.
Хиттерлер қалай жұмыс істейді
Хиттерлердің басты айырмашылығы – технология, оның арқасында темекі тек 350°C дейін ғана қыздырылады. Мұндай температурада темекі аэрозолі пайда болады. Оның құрамында никотин бар, алайда жанып тұрған темекі беретін зиянды қосылыстардың ешқайсысы да жоқ.
Оның жұмыс қағидаты қарапайым: қыздыру элементі орналасқан құрылғының ішіне арнайы стик салынады. Пайдаланушы батырманы басады да, осылайша қыздырылу үдерісі басталады.
Стиктердің құрамында не бар
Стиктің іші пропиленгликольмен сіңдірілген әрі кептірілген темекіге толтырылған. Сеанс барысында ол қыздырылады да, темекі буы пайда болады. Мұндай бу темекі түтінінен әлдеқайда қауіпсіз және қолайлы: құрамында зиянды заттектердің мөлшері 90-95% дейін азырақ, сонымен бірге ол жылдамырақ сейіледі және ащы иісі де аздау болады. Шылымқұмар үшін үйреншікті әрекеттер толықтай сақталған: темекіні ішке тартты, дем шығарды, никотин үлесін алды, тағы да қайталады.
Қаперіңізден шығармаңыз
Никотинді тұтынудың ешбір әдісі де толықтай қауіпсіз болуы мүмкін емес. Түтін шығармайтын балама нұсқалар – темекі шегуден болатын зиянды төмендетудің жақсы әдісі, дегенмен ең жақсы нұсқа – бұл әдеттен біржолата бас тарту болып келеді.