Хиттерлер: бұл дегеніміз не және олар шынымен де зиянды ма? - Лайқос

Хиттерлер: олар шын мәнінде қаншалықты зиянды

Хиттерлер – бұл салыстырмалы түрде темекі бұйымдарының жаңа санаты, әрі қазіргі кезде ол кеңінен таралып отыр. Болжамдар бойынша 2027 жылға қарай олардың әлемдік сатылымының көлемі $68 млрд дейін жететін болады. Шылымқұмарлардың көбін осы құрылғылардың түтін шығармайтындығы тартып тұрады, себебі олар мұны денсаулыққа болатын зиянның төмендеуімен байланыстырады. Алайда шын мәнісінде хиттерлер осыншама зиянсыз ба? Лайқос жобасы Швеция, Жапония және АҚШ ғалымдары жүргізген зерттеулердің нәтижелеріне негізделіп, осыны анықтауға тырысты.

Хиттерлер қалай жұмыс істейді?

Хиттерлер темекі стиктерін шамамен 350 °C температураға дейін ғана қыздырады да, осылайша шылымқұмардың деммен бірге жұтатын аэрозольді шығарады. Темекі шамамен 1000 °C температурада жанатын кәдімгі шылымға қарағанда хиттерлерде жану үдерісіне жол берілмейді. Дәл осы жайт олардың негізгі артықшылығы болып саналады: яғни, мұнда 6000 астам уытты заттектер, соның ішінде 69 канцерогенді бөлетін түтін жоқ. Дегенмен түтінсіздік адам ағзасы үшін зиянның мүлдем болмайтынын білдірмейді.

Хиттерлер мен темекіні салыстыру

Құрамындағы зиянды заттектер

Зерттеулер көрсетіп отырғандай, кәдімгі темекінің түтінімен салыстырғанда хиттерлерден шығатын аэрозольдің құрамындағы никотиннің мөлшері айтарлықтай төмен келеді екен. Мысалы:

Никотин: Оның хиттерлердің аэрозоліндегі концентрациясы анағұрлым төмен, теориялық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл пайдаланушылардың никотинге деген тәуелділігін төмендетуге көмектесе алады.

Токсиндер: Хиттерлердің аэрозолінде формальдегид, көмірқышқыл газы және хош иісті амин қышқылдары секілді уытты заттектердің деңгейлері төмен болады, ал олардың темекідегі құрамы жоғары болып келеді.

Алайда хиттерлер үшін қолданылатын стиктерде глицерин және пропиленгликоль кездеседі. Олар басқа салаларда кеңінен пайдаланып отырғанына қарамастан, ұзақ мерзімді салдары әлі соңына дейін зерттелмеген.

Өкпеге болатын әсері

– Ғалымдар хиттерлер пайдаланушыларында қан құрамындағы лейкоциттер деңгейінің әжептеуір төмендегенін байқаған. Бұл жасушалардың шамадан тыс жоғары деңгейі өкпе және жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупімен байланысты.

– Хиттерлерге ауысу нәтижесінде өкпенің созылмалы аурулары бар адамдар тыныс алу қызметінің жақсарғанын, дерттің асқыну жиілігінің төмендегені мен жалпы хал-жағдайларының тәуірлегенін байқады.

Жүрекке болатын әсері

– Хиттерлердің аэрозолі жүрек пен қан-тамырлары жүйесіне теріс әсерін тигізуі мүмкін: күретамырлық қысымның көтерілуі, жүректің жиырылу жиілігінің жоғарылауы және артериялардың қаттылығы секілді салдар пайда болуы ықтимал. Дегенмен бұл салдар кәдімгі темекіні тұтынудан болатын нәтижелерден анағұрлым төмен.

– Темекіден хиттерлерге ауысқан кездегі кейбір жағдайларда «жақсы» холестериннің (тығыздығы жоғары липопротеиндер) деңгейі ұлғая түскені анықталған, ал бұл атеросклероздың даму қаупін әлдеқайда азайта алады.

Хиттерлерге ауысу зиянды төмендете ала ма?

Денсаулықты сақтап қалу үшін темекі шегу мен құрамында никотині бар өнімдердің барлығынан да біржолата бас тартқан әлдеқайда жақсырақ. Алайда егер бұл қадамды жасау қиынға соғып, адам бас тартуға әзірге дайын болмаса, онда хиттерлерге ауысу зияны анағұрлым төменірек балама нұсқаға айнала алады.

Сонымен бірге мына бір жайтты есте сақтаған маңызды: темекі де, хиттерлер де ағза үшін толықтай қауіпсіз болып саналмайды. Хиттерлердің түтінсіздігі уытты заттектердің мөлшерін төмендеткенімен, олардың құрамында бәрібір денсаулыққа теріс ықпалын тизіге алатын компоненттер бар.

Қорытынды

Хиттерлер шынымен де дәстүрлі темекімен салыстырғанда зияны төменірек балама нұсқа болып келеді, алайда толығымен қауіпсіз деуге болмас. Осы құрылғылардың пайдаланушылары бұл шешімнің аралық шешім екендігін ескеруі керек, әрі ол тек қана темекі шегуден толықтай бас тартуға көшу контекстінде пайдалы болуы мүмкін. Сіздің денсаулығыңыз — сіздің жауапкершілігіңіз, әрі оны сақтаудың ең жақсы тәсілі — темекінің кез келген түрінен аулақ болу.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]