Темекінің тіс, қызыл иек және тіл денсаулығына әсері

Ауыз толтырып айтарлықтай: темекі тіс, қызыл иек пен тілдің денсаулығына қалай зиян келтіреді

Темекі адам күлкісін қандай түске бояйтыны, ол сілекей құрамына қалай әсер ететіні және стоматология кабинеті алдындағы темекі шегушілер кезегін қалай қысқартуға болатыны жайлы бірер сөз.


АҚШ зерттеушілері дабыл қағуда: кинематографтағы темекінің насихатталуы сигарет тартатын адам бейнесін бүкіл әлем бойынша жастар үшін тартымды рөлдік модельге айналдырырып отыр. Мысалы, Truth Initiative ұйымының деректеріне сүйенсек, АҚШ-та жасөспірімдердің 37%-ы фильмдер мен сериалдардың кейіпкерлеріне еліктеп темекіге әуестене бастайды екен. Темекі тарту романтизациясына қарсы тұру шынымен күрделі іс: 2019 жылы «Оскар» премиясына үміткер болған фильмдердің 80%-нда темекі шегу сценалары болған.

 

Дегенмен, кинода көрсетілмейтіні – сигаретті сәнді немесе масаттана ішке тарту әдетінің салдары: сарғайған тістер, кариес, қызыл иектен қанның ағуы, шырықты қабықтың қабынуы, дәм сезу рецепторларының мұқалуы және басқа да онша жағымды емес белгілер. Рет-ретімен әрқайсысына тоқтала кетейік.

 

ИІС

Темекі шегудің бірінші және ең айқын салдары – ауыздан сезілетін өткір иіс немесе галитоз. Темекі шегу галитоздың пайда болуымен байланыстыратын бірнеше процесті бір уақытта іске қосады.

 

Біріншіден, темекінің жануы кезінде түзілетін никотин, шайыр және басқа да заттар тістердің, ауыз қуысының жұмсақ тіндерінің бетіне – қызыл иек, тіл, ұрттың ішкі бетіне шөгіп, жинақталады.

 

Екіншіден, сигарет түтіні сілекейдің құрамына әсер етеді, оның pH көрсеткішін бұзады, ал бұл өз кезегінде жағымсыз иістің себебіне айналуы мүмкін, ауыз қуысы дисбактериозын тудыруы мүмкін.

 

ЭМАЛЬ

Сіз шылымды неғұрлым ұзақ тартсаңыз, соғұрлым никотин мен шайырлар тістердің жағдайына күшті әсер етеді. Жоғары температураның әсерімен темекі жануының өнімдері эмальдің микросызаттарына шөгеді, тістер сарғаяды, ал ұзақ жылдар тартатын адамдарда – тіпті қоңыр түске бөленеді.

 

Айтпақшы, жану өнімдері туралы айта кетелік. Олардың бірі – кадмий сульфаты. Ауызға түсіп, ол сілекейде болатын ақуыздармен әрекеттеседі, эмальдің бетімен ұстасып, өңез түрінде жиналады. Көп жағдайда мұндай өңез төменгі жақсүйектің күрек тістерінің ішкі жағында түзіледі.

 

Уақыт өте келе, өңез тіс тасына айналады – бұл аса қауіпті жағдай, қызыл иектен қанның кетуіне және тіс-қызыл иек қалтасының түзілуіне әкеп соғуы мүкін, мұндай қалтаға тамақ қалдықтары жиналып, қабынудың пайда болуы әбден мүмкін. Бұл жағдайда пародонтит пен гингивит алыс емес, ал кейбір жағдайларда – тістерден айырылуға болады.

 

ДӘМ

Темекі тарту дәм сезу қабілетін елеулі дәрежеде бәсеңдетеді. Темекі түнінде болатын химиялық қосылыстар рецепторларға кері әсерін тигізеді: дәмдерді ажыратуға болады, бірақ дәм толық көлемде сезілмейді, және барлық реңдерін ажырату мүмкін емес. Бұл жайт темекі тартатын адамдардың тұзды, тәтті және майлы тағамдарды көбірек тұтынуына әкеп соғады. Қуанышқа орай, жаман әдеттен бас тарту арқылы сезімталдықты қалпына келтіруге болады.

 

ҚЫЗЫЛ ИЕК

Тістер мен дәм сезу рецепторларынан бөлек, темекі тарту қызыл иекке зиянды әсерін тигізеді: тін жасушаларының жұмысы бұзылып, жұмсақ тіндерге қанның келуі нашарлайды. Осыған байланысты қызыл иек инфекциялар және пародонтоз секілді ауруларға бейім бола түседі.

 

Сондай-ақ дәрігерлердің атуынша, темекі тарту, мысалы, тісті алып тастағаннан кейін немесе ота жасалғаннан кейін, ауыздағы жаралардың жазылуын нашарлатады. Темекі тарту әдеті тістер имплантациясының сәтсіз өтуіне себеп болуы мүмкін және ауыз қуысы қатерлі ісігінің даму қаупін арттырады.

 

Темекі тартатын адамдарда темекі түтінін жұтпайтындармен салыстырғанда қызыл иек аураларының даму қаупі екі есе жоғары. Сіз күніне неғұрлым көп темекі шексеңіз, сіздің шылым тартудағы өтіліңіз соғұрлым жоғары болады, сонымен бірге қауіп те арта түседі.

 

ТРУБКАЛАР МЕН СИГАРАЛАРДЫҢ ӘСЕРІ

Сигаралар мен трубкалар да ауыз қуысы денсаулығының нашарлауына әкеп соғады. Америкалық стоматологиялық қауымдастықтың журналында сигара тарту сигарет тарту секілді тістерден және жақсүйектегі сүйектер массасынан айырылуға әкеп соғатыны жөнінде зерттеу жарияланған болатын. Трубка шегуді жақсы көретіндер үшін де осындай ауыртпалық түсуі ықтимал.

 

Темекіні қалай тартсаңыз да – сигареттер, сигаралар немесе трубка арқылы – қызыл иек пен тіс ауруларының даму қаупі шамамен бірдей. Оның себебі – принциптің ұқсастығында: әр кезде темекі жанады, түтінмен бірге аса уытты жану өнімдері бөлініп шығады.

 

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР ТУРАЛЫ НЕ ДЕЙМІЗ?

Қазіргі уақытта ағзаға никотин жеткізетін алуан түрлі электрондық құрылғылар санаты қарқынды дамуда. Олар жану процесін қамтитын жоғарыда аталған темекі тұтыну тәсілдерінен болатын басты қауіпке берілген қазіргі заманның жауабы. Бірақ атап өтетін жайт, электрондық сигареттер толығымен зиянсыз деуге болмайды. Сонымен бірге, бірқатар тәуелсіз зерттеулер электрондық құрылғылар сигаретпен салыстырғанда химиялық қосылыстарды 95%-ға аз өндіретінін растап берді. Мұнда жану процесі мүлдем жоқ. Ұзақ уақыт темекі шегетіндердің өзін-өзі сезіну деңгейін жақсартуға жәрдемдеседі.

 

КЕЛТІРІЛЕТІН ЗИЯНДЫ АЗАЙТУ ЖӘНЕ ГИГИЕНА

Өзіңізге қатысты ауыз қуысының жоғарыда аталған ауруларының қаупін болдырмаудың жалғыз дұрыс жолы – кез келген темекі өнімдерін тұтынудан бас тарту.

 

Егер сіз темекі шегуден біржола бас тартуға дайын болмасаңыз, зияндылықты азайту концепциясына сәйкес, никотин жеткізу өнімдерінің балама түрлеріне ауысу ұсынылады. Оларда темекінің жану процесі болмайды және канцерогенді компоненттердің мөлшері елеулі дәрежеде төмен. Бұл:

 

  • никотин жеткізудің электрондық жүйелері,
  • электрондық сигареттер,
  • қыздырылатын темекіні құрайтын өнімдер.

 

Және де ауыз қуысының қарапайым гигиенасы туралы ұмытпаған жөн:

 

  • тісті күніне екі мәрте тазалау (темекі шегушілер үшін арнайы пасталар әзірленген);
  • тіс жібін пайдалану (тастардың түзілуін болдырмауға көмектеседі);
  • 6 ай сайын стоматологқа қаралып тұру;
  • қажет болған жағдайда тісті өңез бен тастан кәсіби тазартуды жасау.

 

Баян еткен Карина Нурумова 

 

Аударған Алмас Өтебай

 

Фотосурет дереккөзі Shutterstock & yanlaurentxo

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]