Қазақстаннан тыс ТТЖ-ға қайда көшуге болады: эмиграция үшін үздік елдерді бағалау - Лайқос

ТТЖ-ға кету үшін елді қалай таңдау керек

2023 жылы жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қазақстандықтардың 34% шетелге қоныс аударғысы келеді екен. Олардың 8%-ы Қазақстан шегінен тыс тұрғылықты тұратын жер ретінде жақын шетелді қарастырып отырса, 26%-ы алыс шетелге қызығушылық танытады. Статистика жаңа да емес, әрі қорқынышты да емес – Қазақстан жай ғана әлемдік жаһандану трендін қайталауда.

Эмиграция психологиясы

Адамдардың неліктен ТТЖ-ға кетуге басқа елдерді таңдаудың көптеген себептері баршылық. Көбінесе оларда өздері қалап отырған өмір сүру салтына, мансап жолындағы өсуге деген ықыласы, білім алу мен денсаулық сақтау салаларына қолжетімділікке байланысты белгілі бір үміттері болады. Басқаша айтқанда – бұл өмірдің анағұрлым жақсы сапасын іздеуге деген ұмтылыс. Кейбір адамдар туған еліндегі толқулар мен экономикалық дағдарыстардан аулақ болу үшін қоныс аударуға бел буады. Олар тұрақтылық пен жан тыныштығын қалайды, әрі мұны әлеуметтік және саяси тәртіп сақталатын қоғамдағы өмір беруі тиіс. Климат секілді фактор да ерекше маңыздылыққа ие: бұл өмір сапасы мен денсаулыққа айтарлықтай ықпал етуі әбден мүмкін. Жылы климатқа ие елге көшіп кету көбінесе күз бен қыс мезгілдерінде пайда болатын маусымдық аффектілік көңілсіздік түйткілін шешеді, ал кейбіреулер үшін ыстықтан гөрі қоңыржай климаты бар елдер әлдеқайда жайлырақ болып келеді.

Елді таңдау критерийлері

Әлбетте, әрбір адам жаңа елде өзіндік бір дүниелерді тапқысы келеді, дегенмен ескеруді қажет ететін нақты критерийлер де кездеседі. Ең бір маңызды факторлардың бірі – экономикалық фактор, яғни, таңдалған елдегі өмірдің деңгейі, ондағы жұмысқа орналасу мүмкіндігі, жеңілдіктер немесе субсидияларды алу жайты, салық мөлшері. Сонымен бірге денсаулық сақтау мен білім алу салаларына деген қолжетімділік, соның ішінде балалар үшін де, әрі мәдени бейімделу және, тіпті, жергілікті халықтың иммигранттарды қабылдау секілді әлеуметтік факторлар да аса маңызды болып саналады.

Барлық осы тармақтар бойынша өзіндік зерттеуді жүргізу аса қажет. Сонымен қатар елдердің әлемдік рейтингісін пайдалануға кеңес береміз. Мәселен, белгілі бір елде өмір сүруден жалпы қанағаттанушылықты бағалап отыратын бақыт рейтингісіне 2024 жылы Финляндия, Дания, Исландия, Швеция және Израиль кірген болатын, ал қазіргі уақытта ең бай елдер (жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша) Люксембург, Ирландия, Сингапур, Катар және Швейцария болып саналады. Өмір сүру үшін ең қауіпсіз елдер рейтингісінде Исландия, Дания, Ирландия, Жаңа Зеландия және Аустрия көш бастап тұрса, АҚШ, Швейцария, Норвегия, Люксембург және Дания денсаулық сақтау саласының дамуына басқаларынан гөрі көбірек қаражат құюда.

Қазақстаннан қайда көшіп кетуге болады

2023 жылы қазақстандықтар арасында иммиграция үшін ең кеңінен таралған елдер ішінде Ресей, Германия, АҚШ және Польша болған, дегенмен Беларуське де, Қырғызстанға да, Канадаға да көшкен адамдар баршылық. Эмиграция үшін нұсқалар өте көп, әрбір бағыт өзіндік оң және теріс жақтарына ие болып келеді, ал таңдау жеке қажеттіліктер, қалаулар мен әлеуетті қоныс аударушының мүмкіндіктеріне байланысты.

Еуропа

ТМД елдерімен қатар Еуропа да иммигранттар үшін кеңінен таралған таңдау болып келеді. Бұл аймақта елдердің үлкен таңдауы бар, сондай-ақ олардың әрқайсысы бірегей экономикалық, мәдени және климаттық ерекшеліктерге ие болып отыр. Еуропалық елдер ішінде иммиграция үшін ең көп таралған мемлекеттерге Ұлыбритания, Германия және Франция кіреді. Еуропаға көшудің артықшылықтары – мықты еңбек нарықтары, жақсы денсаулық сақтау жүйелері мен жоғары өмір сүру деңгейі. Алайда кемшіліктері де баршылық, әрі оларды ескерген маңызды, соның ішінде тұрмыс құнының қымбаттылығы және тілдік кедергілер – әрбір мемлекеттің тұрғындары өз тілінде сөйлейді.

Қазақстаннан ЕО-ға кіретін елге көшіп кету үшін D санатындағы визаны рәсімдеу және керекті елге кіргеннен кейін тұруға ыхтиярхатты алу қажет. Тұруға ыхтиярхаттың мәртебесі бір жыл және одан да артық мерзімге жарамды. Әрі тұруға ыхтиярхат бойынша 5 жыл тұрғаннан кейін ТТЖ алуға болады.

Солтүстік Америка

АҚШ – иммигрантар саны бойынша әлемдегі бірінші ел болып отыр, ал Канада – 2023 жылғы жалпы үздік елдер рейтингісінің көшбасшылар үштігіне енген (бұл рейтинг саяси және экономикалық тұрақтылықты, еңбек нарығын, табыс пен медициналық және білім беру салаларындағы қызмет көрсетудің деңгейін, сонымен бірге қауіпсіздікті де ескереді).

АҚШ-қа грин-карта бойынша кетуге болады. Оны ресми түрде жұмысқа орналасу, туысқандарға көшу, АҚШ азаматымен некеге тұру арқылы алып жатады. Сонымен қатар грин-картаны жыл сайын өткізілетін лотореядан да ұтып алуға болады. Ұтып алған жағдайда баж салығын төлеу талап етіледі. Грин-карта 10 жылға дейін жарамды болып келеді.

Қазақстаннан Канадаға көшу үшін арнайы бағдарламалар қарастырылған: бірқатар мамандар үшін (арнайы емтиханды тапсыру керек), жоғары оқу орындарына түсушілер үшін, сондай-ақ Канадада туысқандары бар адамдар үшін ұсынылатын бағдарламалар. Алайда Канаданың кейбір провинцияларында жеке көші-қон бағдарламалары кездесуі де мүмкін, олар бойынша нақты өңірге көшуге болады.

Азия және Латын Америка

Осы аймақтардағы иммиграция үшін ең танымал елдердің қатарына Қытай, Үндістан, Бразилия және Мексика кіреді. Дегенмен мұнда кейбір кемшіліктер баршылық, әрі оларды ескерген маңызды: тілдік кедергілер (бір ғана Қытайдың өзінде диалектілердің он тобы кездеседі), саяси тұрақсыздық, кейбір аудандардағы инфрақұрылымның жоқтығы.

Азия және Латын Американың кейбір елдеріне, соның ішінде Таиланд, Эквадор, Аргентина, Бразилияға кіру үшін қазақстандықтарға, тіпті, визаның да қажеті жоқ. Жағымды жақтары – тұрмыс құнының төмендігі, жылы климат және мәдени көптүрлілік.

Қорытынды

Қазақстаннан ТТЖ-ға қайда кетуге болады? ТТЖ-ға кез келген жерге және кез келген бағытта дерлік көшіп кетуге болады. Жоғарыда келтірілген бағдарламалардан басқа, мәселен, Израиль, Польша немесе Румыния секілді елдерге отанға қайта оралу мүмкіндігі бар, ал кейбір елдер жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе экономикаға құйған инвестиция үшін азаматтылық немесе тұруға ыхтиярхатты ұсынады, бұл – Түркия, Мысыр, Португалия және т.б. Сонымен бірге жекелеген елдерде топырақ (жер) заңы бойынша азаматтықты беру әрекет етеді, яғни, ол бойынша сол елде дүниеге келген бала, сондай-ақ оның ата-анасы азаматтыққа автоматты түрде ие болады. Мұндай қағидат АҚШ, Канада, Эквадор, Бразилия, Аргентина, Мексика және т.б. елдерде бар.

Алайда адамдардың барлығы үшін әмбебап жол жоқ. Көптен күткен көшуді мұқият жоспарлаған абзал. Әртүрлі елдерді, сол жердегі заңдарды, мәдениет пен тұрмыс құнын зерттеу шешуші рөл атқарады. Бұдан бөлек барлық қолжетімді ресурстарды пайдалана білген аса маңызды жайт – көші-қон кеңесшілерінің көмегінен бастап көшіп кеткен адамдардың онлайн қауымдастықтарына дейінгі ресурстар. Сонда арман еліне көшу күрделі бір сынаққа айналмай, шын мәнісінде құнды және пайдалы тәжірибеге айналары шүбәсіз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]