Көшбасшыға айналудың жолы, көшбасшылық дегеніміз не және ол не үшін керек
Қазіргі заманғы әлем барлық салалардағы көшбасшылықты зерттеп келеді: бұл менеджмент, бұл қызметкерлерді басқару, әрі психология, әрі саясат. Қазірде осы жайт табысқа жетудің міндетті шарты болып отыр.
Көшбасшылықтың ең әйгілі анықтамаларының бірі сонау ХХ ғасырдың өзінде менеджмент саласының белгілі теоретигі – американдық экономист және ғалым Питер Друкер ұсынған болатын:
“Көшбасшылық – адамды шарықтаған ұмтылыстарға көтере білу, оның өнімділігін арттыру, әдеттегі шектеулерден тыс шығуға көмектесу”.
Бұл анықтама әлі күнге дейін өзекті болып қала беруде, әрі заманауи мотивациялық тәлімгерлер да табысқа жету үшін үйреншікті шеңберден шығу мен шектеулерді алып тастаудың қажеттілігіне ерекше мән береді.
Көшбасшыны қандай қасиеттер ерекшелендіреді, кім көшбасшы бола алады және өз бойыңызда көшбасшылық қасиеттерді дамыту мүмкіндігі бар ма? Бұл сұрақтарға сарапшылар жауап беретін болады: психологтар, мотивациялық тәлімгерлер және кәсіпкерлер.
Көшбасшылық туа пайда бола ма, әлде жүре қалыптаса ма?
Психология тұрғысынан қарайтын болсақ, көшбасшылық туа біткен қасиет ретінде де, жүре пайда болған (машықтанған) дағды ретінде де бола алады және табысқа жету жолында аса үлкен маңызға ие болып келеді.
Көшбасшыны басқа адамдардан не ерекшелендіреді?
Басты ерекшелік – бұл адамдарға, жұмыс үдерістеріне және бір адамның, сол секілді тұтас бір топтың мақсат қоюына әсер етуге мүмкіндік беретін жоғары эмоционалды зият пен харизма.
Көшбасшы болудың жолы қандай?
Көшбасшылық қасиеттерді дамыту әбден мүмкін. Еріктілер жобаларынан бастасаңыз болады, бұл жерде сіз мақсаттарды қоюға машықтанасыз және сол мақсаттарға жету үшін, адамдар командасы үшін жауапкершілігіңізді жаттықтыра аласыз.
Ирина Денисова, психолог-кеңесші
Көшбасшы – бұл…?
Бұл өзінің мақсаттарына қол жеткізетін және мотивацияның арқасында, әрі мадақтау мен жазалау тәсілі демекші, командасын өз мақсаттарына жетуге бағыттай алатын адам. Сонымен бірге ол адамдар мен компания тек қана плюске шығып отыратын, соның ішінде кірісті арттыру тұрғысынан мықты кеңістікті ұйымдастыра алады.
Көшбасшының қасиеттері мен дағдылары – бұл мақсаттылық, қамқорлық, қарым-қатынас орнату арқылы командасындағы кез келген қарапайым адамды аздап көшбасшыға айналдыра білу.
Көшбасшылық қасиеттерді дамытудың жолы
Бірінші кезекте тәртіп керек. Көшбасшылық нақты жоспарлау мен міндеттерді нақты орындаудан бастау алады.
Рүстем Әкежанов, кәсіпкер, ДВИЖ қоғамдастығының негізін қалаушы, іс-шаралар ұйымдастырушы:
Көшбасшының қасиеттері
Заманауи өмірде көшбасшы көптеген құзыреттерге ие болуы керек, соның ішінде ежелгі заманнан бері бағаланып келген – батылдық, табандылық, белсенділік, сол секілді мынадай жаңа қасиеттер де бар – білімдарлық, қарым-қатынастар психологиясы мен жалпы тұлға психологиясын білу.
Көшбасшылық қасиеттерді әр адам дамыта алады және дамытуы керек
Іс жүзінде әрбір адам өзі араласатын адамдар шеңберінің көшбасшысы бола алады. Топпен жұмыс істеу үшін шыдамдылық, бейілділік, эмпатия секілді қасиеттерді дамытқан маңызды. Қазіргі заманғы қоғамда көшбасшыға проактивті болуды үйрену, іскерлік байланыстарды орнатуды игеру, кез келген келіссөздерді жүргізе білу, ымыраға келу және өз ісің және компанияң үшін үздік шешімдерді тауып отыру қажет.
Елена Колос, бизнес-жаттықтырушы, стратегиялық коуч және басқару жөніндегі сарапшы тиімді көшбасшыға айналуыңызға және өзгелерді ортақ мақсаттарға қол жеткізуге шабыттандыруға көмектесетін қасиеттерді дамыту бойынша жаттығулардың тұтас кешенімен бөлісті.
Осылайша барлық сарапшылардың пікірлері көшбасшылық – туа біткен дарын емес, әрбір адам дамыта алатын дағды деген байлам төңірегіне жинақталған. Жауапкершілікті өз мойнына артуға дайын әрбір адам оң өзгерістердің көзіне айналуға қабілетті. Көшбасшылық қасиеттерді дамытудан қорықпаңыз (осы тұста біздің мақаламыз сізге көмектесе алады деген үміттеміз), заманауи әлемде жеке табысқа жету жолында олар өте-мөте қажет, оған қоса бұл айналаңыздағы адамдарды бақытты ете түседі.