Шылым шектім, шегіп жүрмін, шегемін бе?
Темекіден бас тартуға түрткі болатын 7 себеп
Денсаулық сақтау министрлігі шегудің зияны туралы ескертуден, ал шылымқорлар ескертулерді елемеуден жалықпайды. Егер никотиннің қыңыр тұтынушысы болсаңыз, темекі шегуге байланысты әдеттегі мәселелерден аулақ болудың жолдары жайында ойланып көріңіз.
Дисклеймер: бұл мәтін кәмелетке толған шылым шегушілер және темекіден бірден бас тарта алмай жүрген адамдарға арналған. Көптеген мамандар зияны әлдеқайда төмен балама нұсқа – түтінсіз құрылғыларға, яғни, темекіні қыздыру жүйелері және электронды темекіге көшу қауіпті төмендетуге көмектеседі деген пікірді ұстанады. Неліктен? Бұл туралы әрі қарай әңгімелейтін боламыз.
Егер сіз темекіні бұрын-соңды шекпеген болсаңыз, онда құрамында никотині бар ешқандай да бір өнімді тұтынбауға тырысқаныңыз абзал. Никотин – бұл ағзамыздағы марапаттау жүйесінің рецепторларына әсер ететін және оған үйреніп кетуді тудыратын заттек. Дегенмен, өлімге әкелетін аурулардың себебі никотинде емес, темекі түтінінің құрамында кездесетін шайыр, уытты газ және канцерогендерде жатыр. Сондықтан неліктен темекіден бас тарту қажет екендігін, әрі түтіні жоқ баламалар несімен пайдалы бола алатындығын қарастырып көрейік.
ЖАҒЫМСЫЗ ИІС
Шылым шегу кезіндегі темекі түтінінің иісі өздігінен-ақ жағымсыз келеді. Ал осында шылымқұмардың шашы, терісі, киімі, үйі және көлігінің ішіне сіңіп кеткен күйдіргіш иісті қосыңыз. Бұдан құтылу өте қиын. Алайда, бақытымызға орай, бұл мүмкін нәрсе.
Жағымсыз иіс темекінің жануынан пайда болады. Дәл осы үдеріс әртүрлі заттардың беттеріне қонатын шайыр және күйенің үлкен мөлшерде бөлінуімен қатар жүреді.
Заманауи электронды құрылғыларда темекінің жану үдерісі мүлдем болмайды. Сондықтан олар темекі иісінің сіңіп кету түйткілін біржола шешуге мүмкіндік береді.
Темекіні қыздыру жүйелерін қолдану барысында түтін емес, бу аэрозолі шығарылады. Ал оның иісі әп-сәтте дерлік шығып бітеді.
Алақай, енді ешкім де сізді шылымқұмар ретінде танып айыра алмайды!
ДӘМ ЖӘНЕ ИІС СЕЗУДІҢ ТӨМЕНДЕУІ
Темекі түтінінің құрамына кіретін заттектер ауыз және мұрынның шырышты қабығындағы дәм және иіс сезу рецепторларының сезімталдығын айтарлықтай төмендете түседі. Бар болғаны – бала кезіңіздегі балмұздақ әлдеқайда тәттірек, ал құлпынай анағұрлым хош иісті болған екендігі турасында қынжылу ғана қалады.
Сонымен, электронды темекі немесе қыздыру жүйелері арқылы бөлінетін аэрозольде бұл заттектер жоқ. Түтіні жоқ балама нұсқаларға өткенде, тіпті, бірнеше күннен кейін-ақ рецепторлар «өз-өзіне келеді». Бұл сіздің темекіні тастаған секілді жағдайындағыдай болады. Әрі сіз бала кезіңіздегідей эскимоны қуана-қуана жейтін боласыз. Сонымен қатар өзіңіз үшін алуан түрлі жаңа және көптен бері ұмыт болған ескі дәмдер мен иістерді ашасыз.
ҚАТТЫ ЕНТІГУ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕГІ ЖӨТЕЛ
Мәселен, үшінші қабатқа делік жүгіріп барып көтерілдіңіз, осы жерде деміңіз болдырған аттың деміне ұқсамауы мүмкін бе? «Өтілі» жоғары шылымқұмар үшін – бұл орындалмас таспырма іспетті деуге болады. Сол секілді бір күн болса да, үрме жөтелменө айналадағы адамдарды шошытпай тұру мүмкін емес.
Тағы да қайталауға мәжбүрміз: жөтел де, ентігу де никотиннің салдары емес, бұл темекі түтінінің құрамында болатын уытты газ, шайыр және күйе бөлшектерінің кесірінен туындайтын мәселе. Заянды бөлшектер тыныс алу жолдарына түсіп, тіндерге енеді және көптеген қиындықтарды тудырады.
Бұл әртүрлі тітіркендірулер, тыныс алу жолдарындағы қабыну үдерістері, өкпенің обструктивті ауруы, оттегінің жетіспеушілігі және көптеген басқа да жұқпалы емес аурулар.
Осының әрқайсысы бөлек және бір-бірімен үйлескен кезде шылымқұмардың өмірін анағұрлым қиындата түседі. Сондықтан небәрі жану үдерісін алып тастап, яғни, оны жоқ қылсаңыз жеткілікті, аталмыш жағымсыз белгілердің барлығы да артта қалады.
ТІСТІҢ БҰЗЫЛУЫ
Иә-иә, тіс өңезі никотиннің әсерінен пайда болмайды. Темекінің құрамына кіретін сол баяғы шайыр тістің бетіне тұнып, тіс тасының қалыптасуына атсалысады. Шылымның ыстық түтіні кесірінен эмальдің бетіне микросызаттар түседі. Бұған шылымқұмардың тынысын «томсартатын» жағымсыз иісті тағы қосыңыз.
Темекі түтінінің тіс пен ауыз қуысында нақты қандай түйткілдерді тудыратыны туралы «ниЖевред» осыған дейін егжей-тегжейлі жазған болатын. Егер сіз тістеріңіз бен ауыз қуысыңыздың денсаулығы жайында алаңдасаңыз, әрі тіс дәрігерлеріне қомақты қаражатты жұмсағыңыз келмесе, онда никотиндік әдетіңізді түрлендіре бастаудың әдістерін қарастырып көргеңіз жөн.
CАУСАҚТАРДЫҢ САРҒАЮЫ
Біз қазір тек қана жеке гигиенаны сөз етіп отырған жоқпыз, сонымен қатар бұл мәселені қарапайым қол жуумен шешуге болмайды. Cарғайған саусақтар – адамның шылымқор екендігінің айқын белгілерінің бірі болып саналады. Тер реңін жағымсыз ететін не деп ойлайсыз? Дәл таптыңыз, денеңізге сіңіп кетуге дайын сол аталмыш шайыр және күйенің бөлшектері.
Мәселенің шешімі қандай? Әлбетте, тура тістерге қатысты мәселедегідей болып тұр. Сарғаймауды қаласаңыз (сырттан және іштен), онда темекінің жану үдерісін алып тастағаныңыз дұрыс.
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕ НАЗАРЫ
Сан алуан зерттеулер көрсеткендей, темекі классикасынан бас тартып, балама нұсқаның пайдасына таңдау жасау ауруханадағы төсек-орында жату қаупін әлдеқайда төмендетеді екен. Иә, электронды құрылғылардағы аэрозолдің құрамында да никотин және денсаулық үшін қауіпті заттектер бар екендігі жасырын мәлімет емес, алайда мұнда олар айтарлықтай аз мөлшерде кездеседі. Сенімді өндірушілер шығаратын гаджеттерді қолдану ағзаға түсетін әртүрлі пайдалы емес қосылыстарды 90-95% дейін төмендетуге септігін тигізеді. Осы себептен болар, денсаулық сақтау министрліктері шылымқұмарларды түтінсіз балама нұсқаларға ауыстыру арқылы сауықтыру кампанияларын өткізіп отырады.
ПАССИВТІ ШЫЛЫМҚОРЛАРДЫ ТҮТІНДЕТУ
Сіз темекі шегуден бас тартқан кезіңізде айналаңыздағы адамдар да сізбен бірге еріксіз «шылым шегуді» тастайды. Қарапайым темекі шегілген жағдайда сол айналадағы адамдар жанып тұратын темекінің түтінімен де, шылымқұмардың аузынан шығатын түтінмен де демалуға мәжбүр болады. Ал түтіні жоқ балама нұсқаларға келер болсақ, мұндай үдеріс мүлдем болмайды. Бұл жерде түтін емес, бу (глицерин негізіндегі аэрозоль) шығарылады.
Сондықтан егер де сіз өз денсаулығыңыз үшін қам жемесеңіз, онда жақындарыңыз жайлы, мысалы, балалардың денсаулығын ойлағаныңыз абзал. Белсенді темекі шегушімен бірге өмір сөру пассивті шылымқорларда қатерлі ісіктің пайда болу қаупін 20-30% дейін арттыратыны белгілі. Естеріңізде болсын, бұл олардың таңдауы емес.
Аударған Рита Сәрсенова