Темекінің құрамы: сіз білмеген жеті химиялық элемент - Лайқос

Күшәла, полоний және қорғасын: темекіден тағы нені табуға болады?

Темекінің зияны туралы сөз қозғалғанда, әдетте, біз никотинді ойға аламыз. Алайда темекінің құрамында, тіпті, алтынның да бар екендігін барлығы біле бермейді, әрі бұл темекі түтінінде ойламаған жерден кездестіруге болатын жеті мың химиялық қосылыстардың бірі ғана. Лайқос темекінің ұшында өмір сүретін 7 химиялық элементті жинады (спойлер: олар болмағанда тамаша болар еді).

Канцерогенді шайыр – бұл темекі жанған кезде түзілетін жабысқақ субстанция. Кәдімгі өмірде шайыр – нағыз пайдалы зат, әрі одан жол мен шатыр жабындарын жасайды. Алайда деммен жұтқанда шайыр өкпенің қатерлі ісігі, эмфизема және бронхитті тудырады.

Уландырғыш газ – иә, автомобильдің құбырынан шығатын дәл сол газ. Ол тыныс алу мүшелері, әрі жүректің жұмысын бұзады, сонымен бірге бастың ауырсынуы, жүрек айнуы, терінің қуқылдығы мен солғындығын сыйлайды.

Күшәла – уландырғыш шала металл. Бұрындары стоматология саласында қолданылған, ал енді оның көмегімен үйдегі паразиттерден құтылады. Ол қатерлі ісікті, жүйке жүйесінің, өкпе және асқазан-ішек жолының жұмысында бұзылыстарды тудыра алады.

Темекіні немен ауыстыруға болады және түтін шығармайтын баламаларға көшу тұрарлық нәрсе ме?
Ерте ме, кеш пе әрбір шылымқұмар темекінің денсаулығына тигізетін зиянын қалай төмендетуге болатыны туралы ойлана…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/chto-proishodit-kogda-vy-perehodite-na-bezdymnye-produkty/

Көгертетін қышқыл – ащы иісі бар улы газ. Онсыз пластмасса мен кейбір дәрі-дәрмектерді өндіре алмаймыз. Әрі ол оттегінің жетіспеуін, жүйке, жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелерінің бұзылыстарын тудырады.

Бензол – жанармайдың иісі бар түссіз сұйықтық. Пластмасса, резеңке және бояулар өндірісінің негізі болып келеді. Лейкемия, қатерлі ісік, қаназдықты қоздырады.

Полоний – радиобелсенді күміс түсті металл. Ол ядролық бомбаларды жасауда қолданылады. Қан мен тыныс алу мүшелерінің ауруларын тудырады.

Басқа металдар. Олардың бір темекідегі мөлшері келесідей мкг дейін жетеді: калий – 70, мырыш – 0,36, қорғасын – 0,24, алюминий – 0,22, мыс – 0,19, кадмий – 0,121, хром – 0,0014, алтын – 0,00002. Адам ағзасының барлық жүйелерін ластайды. Олардың кейбіреулері адам үшін аса уытты болып келеді.

Мұндай коктейльден зардап шегіп қалмаудың жолы қандай?

Темекіден біржолата бас тарту арқылы оны мүлдем тұтынбаған абзал. Дегенмен егер сіз осындай кенет қадамдарға дайын болмасаңыз, онда темекіні түтін шығармайтын баламалар – хиттерлер (темекіні қыздыру жүйелері), никотиндік сағыздар, жабыстырғыштар секілді нұсқалармен алмастыру арқасында зиянды төмендетіп көруге болады. Хиттерлер жану үдерісі мен түтіннің түзілуіне жол бермейді, ал түтін – барлық зиянды заттектердің «өмір сүретін» жері. Дегенмен олар да қауіпсіз емес, сондықтан олар темекі шегуден мүлдем бас тарту жолындағы алғашқы кезеңде көмекке келе алатын құрал ретінде ғана қолданылуы мүмкін.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]