Бет үшін үйдегі маскалар: 7 рецепт | Косметологтың кеңесі

Бетке арналған үй маскалары: пайдасы бар ма және оларды қашан қолдану керек

Үй маскалары – бұл теріге күтім жасаудың ең кеңінен таралған трендтердің бірі: табиғи ингредиенттер, химияның барынша аздығы мен қолжетімділік. Дегенмен мұндай рецепттер шын мәнісінде де салонда жасалатын процедуралар мен кәсіби құралдардың орнын баса ала ма? Лайқос бұл жайтты дәрігер-дерматокосметолог Лаура Әбдібаевамен бірге анықтады.

Үй маскалары жұмыс істей ме?

Иә! Ингредиенттері дұрыс таңдалған және тұрақты түрде қолданылған жағдайда үй маскалары, шынымен де, терінің күйін жақсарта түседі. Табиғи өнімдердің құрамында дәрумендер, антиоксиданттар, майлар, әрі органикалық қышқылдар бар – осының барлығы теріні жұмсартады, тыныштандырады және нәрлендіреді.

Үй жағдайындағы маскалар терінің құрғақтығы мен қабыршақтануы кезінде, тегіс емес реңк болса, жеңіл пигменттену, постакне, күңгірт, әрі майлы тері және жоғары сезімталдық болған жағдайда пайдалы болуы мүмкін. Алайда келесі жайтты есіңізден шығармаңыздар: үй маскасы – бұл салондық процедура емес. Бұл күтімнің мүлдем екі түрлі деңгейі.

Қауіпсіздіктің басты ережелері

  • Маскаларды аптасына 2 рет, ең көп дегенде 3 рет жасайды – әрі тек аса қажет болған жағдайда ғана.
  • Сазды маскаларды толықтай кеуіп кеткенше дейін ұстамайды – бұл теріні созып жібереді.
  • Құрамында қышқылдар (лимон) бар маскалардан кейін әрдайым SPF құралдары қолданылады.
  • Эфир майлары – ең көбі 1-2 тамшы. Тек қана сапалы құрамға ие тексерілген маркаларды таңдаңыз.
  • Аллергия, астма, сезімтал тері болса, эфир майларын пайдалануға болмайды.

Үй маскаларының рецепттері

ҚҰРҒАҚ ЖӘНЕ СУСЫЗДАНҒАН ТЕРІГЕ АРНАЛҒАН ЫЛҒАЛДАНДЫРАТЫН МАСКА

Бет үшін үйдегі маскалар: 7 рецепт | Косметологтың кеңесі

Ингредиенттер:

  • алоэ гелі – 1 ш. қ.
  • бал – 1 ш. қ.
  • жожоба немесе бадам майы – 0,5 ш. қ.
  • жүзім дәнегінің майы – 0,5 ш. қ.
  • түймедақтың эфир майы – 1 тамшы (қалауыңыз бойынша)

Әсері: ылғалдандыру, жұмсарту, тері тітіркенуінің басылуы, текстураның тегістелуі. Бал ылғалды ұстап тұрады, алоэ тыныштандырады, майлар нәрлендіреді.

Уақыт: 15 минут.

ЛИМОН ҚОСЫЛҒАН АҒАРТАТЫН МАСКА (постакнеден, пигменттенуден)

Бет үшін үйдегі маскалар: 7 рецепт | Косметологтың кеңесі

Сезімтал тері мен купероз болған жағдайда жарамсыз.

Ингредиенттер:

  • ақ немесе жасыл саз – 1 ас қ.
  • лимон шырыны – 1 ш. қ.
  • ұнтақ түріндегі С дәрумені – ш. қ. үштен бір-төрттен бір бөлігі
  • инъекцияларға арналған су – қаймақ консистенциясына дейін
  • лимон немесе жалбыздың эфир майы – 1 тамшыдан (қалауыңыз бойынша)

Әсері: дақтарды ағартады, терідегі ұсақ тесіктерді тарылтады, өңін тегістейді, тазартады.

Уақыт: 10-15 минут, толық кеуіп кеткенге дейін жеткізбеңіз! Кейін SPF құралын жағыңыз.

СҰЛЫ МЕН ТҮЙМЕДАҚ ҚОСЫЛҒАН ТЫНЫШТАНДЫРАТЫН МАСКА

Бет үшін үйдегі маскалар: 7 рецепт | Косметологтың кеңесі

Ингредиенттер:

  • сұлы ұны/тартылған қауызы – 2 ас қ.
  • түймедақтың (немесе қырмызыгүл, итошаған) қою қайнатпасы – 1-2 ас қ.
  • жожоба майы – 0,5 ш. қ.
  • көк түймедақтың эфир майы – 1-2 тамшы

Әсері: қызарғанды, қышығанды, тітіркенуді басады, қорғаныс тосқауылын нығайтады.

Уақыт: 15 минут.

МАЙЛЫ ТЕРІ МЕН ҰСАҚ ТЕСІКТЕРГЕ АРНАЛҒАН КҮҢГІРТТЕЙТІН МАСКА

Бет үшін үйдегі маскалар: 7 рецепт | Косметологтың кеңесі

Ингредиенттер:

  • жұмыртқа ақуызы – 1 дана
  • жүгері крахмалы немесе жасыл саз – 1 ас қ.
  • алоэ шырыны – 1 ш. қ.
  • шай ағашының, эвкалипт немесе гүлшетеннің эфир майлары – 1 тамшыдан

Әсері: бактерияға қарсы әрекет, құрғатады, терідегі ұсақ тесіктерді тарылтады, майлылықты бақылауда ұстайды.

Уақыт: 10-15 минут.

ЖАРҚЫРАУ МЕН ТЕГІСТІККЕ АРНАЛҒАН МАСКА

Бет үшін үйдегі маскалар: 7 рецепт | Косметологтың кеңесі

Ингредиенттер:

  • сұлы ұны – 1-2 ас қ.
  • бал – 1 ас қ.
  • жылы су/сүт/айран/қаймақ – жұмсақ паста болғанша дейін
  • лимон немесе грейпфруттың эфир майы – 1 тамшы

Әсері: детокс, жұмсақ түрде ағарту, тегістік, біркелкі реңк, нәрлендіру.

Уақыт: 15 минут.

СӘБІЗ ҚОСЫЛҒАН ДӘРУМЕНДІ МАСКА

Бет үшін үйдегі маскалар: 7 рецепт | Косметологтың кеңесі

Ингредиенттер:

  • үккіштен өткізілген сәбіз – 1-2 ас қ.
  • бал – 1 ас қ.
  • кілегей немесе йогурт – 1 ас қ.
  • лимон немесе раушанның эфир майы – 1 тамшы
  • (қалауыңыз бойынша) куркума – 0,5 ш. қ.

Әсері: жарқындық, жарқырау, реңктің тегістелуі, антиоксиданттық қуат.

Уақыт: 15-20 минут.

АВОКАДО МЕН Е ДӘРУМЕНІ ҚОСЫЛҒАН ҚАРТАЮҒА ҚАРСЫ МАСКА

Бет үшін үйдегі маскалар: 7 рецепт | Косметологтың кеңесі

Ингредиенттер:

  • авокадо жұмсағы – 1 ас қ.
  • аргана майы – 0,5 ш. қ.
  • Е дәрумені (капсула) – 1 дана
  • мирра немесе фенхельдің эфир майы – 1 тамшы

Әсері: терінің серпімділігі, тығыздығы, әжімдердің азаюы, нәрлендіру.

Уақыт: 15-20 минут.

Неліктен үй маскалары кәсіби түрлерінің орнын баса алмайды?

  1. Активтердің әлсіз концентрациясы. Мәселен, маскадағы лимон ≠ кәсіби косметикадағы тұрақты С дәрумені.
  2. Құрамның тұрақсыздығы. Үй жағдайындағы қоспалар жылдам қышқылдана түседі, pH деңгейін өзгертеді, болжап білуге болмайтын әсерге ие.
  3. Тітіркену қаупі жоғарырақ. Ингредиенттердің қышқылдығын немесе үйлесімділігін дәл есептеу мүмкін емес.
  4. Үстіртін әрекет. Үйдегі маскалар аса терең енбейді – терінің мүйізді қабаты деңгейінде ғана жұмыс істейді.
  5. Күрделі түйткілдерді шешуге болмайды: бөртпе, розацеа, терең әжімдер, айқын птоз, купероз, тыртықтар, тығыз дақтар.
  6. Эфир майларын көбінесе аллергиктерге қолдануға тыйым салынады.

Қорытынды

Үй маскалары негізгі күтімге керемет қосымша ретінде бола алады, тек оларды саналы түрде таңдау мен мүмкіндіктерін түсінген маңызды. Теріңіздің қажеттіліктеріне көңіл аударыңыз және мына бір жайтты қаперіңізден шығармаңыз: тұрақтылық пен күнделікті сауатты күтім әрдайым ең үздік нәтижені берері сөзсіз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.