Метеотәуелділік: күн райының сізге қалай әсер ететінін біле жүріңіз және тестіден өтіңіз - Лайқос

Метеотәуелділік: неліктен күн райы бізге әсер етеді және мұндайда не істеуге болады

Метеотәуелділік: неліктен күн райы бізге әсер етеді және мұндайда не істеуге болады
1. Метеотәуелділік дегеніміз не?
Метеотәуелділік: неліктен күн райы бізге әсер етеді және мұндайда не істеуге болады
2. Күн райының қандай өзгерістері метеотәуелді адамдарға жиірек ықпал етеді?
Метеотәуелділік: неліктен күн райы бізге әсер етеді және мұндайда не істеуге болады
3. Күн райына деген тәуелділіктің күретамырлық қысымға қатысы қандай?
Метеотәуелділік: неліктен күн райы бізге әсер етеді және мұндайда не істеуге болады
4. Қандай адамдар күн райына анағұрлым сезімтал келеді?
Метеотәуелділік: неліктен күн райы бізге әсер етеді және мұндайда не істеуге болады
5. Метеосезімталдықтың белгілерін қалай азайтуға болады?
Метеотәуелділік: неліктен күн райы бізге әсер етеді және мұндайда не істеуге болады
6. Метеотәуелділіктен біржолата арылуға бола ма?
Метеотәуелділік: неліктен күн райы бізге әсер етеді және мұндайда не істеуге болады
7. Неліктен күн райының құбылуына болатын реакция егде жастағы адамдарда жиі кездеседі?
Келесі сұрақ

Біреулер жылы көрпеге оранып алып, жаңбыр жауғаннан ләззатқа бөленсе, басқалар бас ауруын, шаршағандық немесе, тіпті, қан қысымының кенет өзгеруін сезеді. Температураның күрт өзгеруі, қысым, магниттік дауыл кәдімгі күнді нағыз аман қалудың квестіне айналдыруы әбден мүмкін. Лайқос метеотәуелділікке төтеп беру және оның күнделікті өмірге әсерін барынша төмендетудің жолын анықтады.

Метеотәуелділік дегеніміз не

Метеотәуелділік — бұл адам ағзасының күн райының өзгеруіне деген сезімталдығы, әрі ол әртүрлі белгілер ретінде көрініс табады. Бас ауруы, шаршағандық, көңіл-күйдің құбылмалы болуы мен қан қысымы, ашушаңдық — таныс белгілер ме? Ал кейде, тіпті, осының барлығы бір уақытта болуы да ықтимал. Бұл жеке ауру болып саналмайды, дегенмен жүрек-қан тамырлары, жүйке немесе тыныс алу жүйелеріне байланысты түйткілдердің бар екендігін білдіруі бек мүмкін.

Қауіп-қатер аймағына кімдер кіреді

  • Егде жастағы адамдар: жас ұлғайған сайын тамырлар өзінің иілгіштігін жоғалтады, әрі бұл ағзаны қысымның кенет өзгеруіне анағұрлым сезімтал етеді.
  • Жүкті әйелдер: гормондар және күн райы — онша жақсы комбинация емес.
  • Гипертония, бас сақинасы немесе артрит секілді созылмалы аурулары бар адамдар.

Неліктен біз күн райына тәуелдіміз

  • Атмосфералық қысымның өзгеруі. Қысым өзгерген кезде атмосфера бағанасы тамырларға әсер етеді де, олар тарылады немесе кеңейеді. Бұл жайсыздықты тудырады.
  • Температураның ауытқуы. Күннің күрт жылынуы немесе суытуы ағзаны бейімделуге мәжбүрлейді, мұндайда энергия көбірек жұмсалады.
  • Магниттік дауыл. Электромагниттік өзгерістер жүйке жүйесіне ықпал етеді, соның ішінде әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан адамдарға ерекше әсер тигізеді.
  • Оттегінің жетіспеушілігі. Тұмша немесе төмен атмосфералық қысым ауадағы оттегі деңгейін төмендетуі мүмкін. Осылайша бас айналу немесе әлсіздік пайда болады.

Метеотәуелділік кезінде хал-жайды қалай жақсартуға болады

Ал енді ең қызықты жайтқа келер болсақ: осы метеорологиялық күресте аман қалудың жолы қандай?

  • Күн тәртібіңізді бақылауда ұстаңыз. Тұрақты ұйқы, теңдестірілген тамақтану және бірқалыпты физикалық белсенділік ағзаның болып жатқан өзгерістерге бейімделуіне көмектеседі.
  • Судың тұтынылуын қадағалаңыз. Бұл зат алмасу үдерісін қалыпқа келтіруге және тамырлардағы тонусты сақтауға септігін тигізеді.
  • Бөлмелерді ылғалдандырып, әрі желдетіп тұрыңыз, серуендеуге жиірек шығыңыз. Таза ауа қан айналымы мен жалпы хал-жайды жақсартады.
  • Дәрумендерді қабылдаңыз. Әсіресе магний және D дәрумені маңызды, өйткені олар жүйке мен жүрек-қан тамырлары жүйелерін нығайтады.
  • Дене шынықтырумен айналысыңыз. Бірқалыпты орындалатын жаттығулар жүрек пен тамырларды нығайтады, әрі олардың өзгерістерге бейімделуін жақсартады.
  • Табиғи құралдарды қолданыңыз. Жалбыз, жаужапырақ немесе түймедақ тұнбалары жүйке жүйесін тыныштандырады және жалпы босаңсуға көмектеседі.
  • Қысымыңызды бақылаңыз. Гипертониктер мен гипотониктер үшін дер кезінде әрекет ету мақсатында үйлерінде танометрдің болғаны маңызды.

Дәрігерге қашан қаралу керек

Егер бас ауруы, әлсіздік және көңіл-күйдің құбылуы тұрақты серіктеріңізге айналса, демек ойланатын уақыт келді деген сөз: бұл шынымен де тек қана күн райына байланысты ма? Егер белгілер күшейе түссе және өмір сүруге кедергі етсе, онда дәрігерге баруды кейінге қалдырмағаныңыз абзал. Метеотәуелділік жүрек, тамырлар немесе жүйке жүйесінің анағұрлым күрделірек түйткілдердің көрсеткіші болуы бек мүмкін.

Метеотәуелділік — бұл адам ағзасының табиғи реакциясы, дегенмен бұл жайсыздыққа шыдамдылық қылу қажет дегенді білдірмейді. Тұрақты ұйқы, теңдестірілген тамақтану, физикалық белсенділік пен өзіңіздің хал-жайыңызға ықыласпен қарау сізге күн райының құбылуын барынша аз салдармен бастан кешіруге көмектеседі.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]