Майкл Расселдің темекі тәуелділігімен күрестегі үлесі

Майкл Рассел және темекі зиянының төмендеуі

Бізді никотинмен татуластырған адамның оқиғасы

Адам темекіні никотин үшін тартады, бірақ шайырдан өледі – бұл мистер Расселдің әлемге сыйлаған басты ойы. Атқарған жұмысы аз уақытта бәрімізге тыныс шылымды ысырып шығаратын британ азаматы кім еді? Шылымның баламасы бар ма?

Қолына электронды темекіні немесе темекіні қыздыру жүйесін алған адамның көпшілігі бұл құралдың жәй ғана сәнді гаджет емес, түтіндеткенді ұнататын жан денсаулығына төнген қатерді қайтара алатын қазіргі сәттегі ең тамаша балама екені жайлы ойлана бермейді. Ал ұзақ жылдар бойы темекіге деген тәуелдікті зерттеген және одан емделудің түрлі әдісін әзірлеген, шылымқорларға бұл зиян әдетті біржолата қойып кетуге көмектеспесе де, одан келетін зардапты азайтуға жол нұсқаған психиатр, ғалым, зерттеуші, профессор Майкл Расселдің есімін тіпті де ешкім еске алмайды. Бұл олқылықтың орнын толтырып көрейік.

 

ӨМІРЛІК ІС

Ағылшын психиатриясының болашақ қайраткері Африканың ең шеткі нүктесі Кейптаун қаласында дүниеге келген. Кішкентай кезінен ол медицинаға қызығыпты. Ақыры осы саланы меңгеру үшін Ұлыбританияның ең көне оқу орындарының бірі Оксфордқа түсіп, сәтті тәмәмдап шығады.

 

1967 жылы жас маман ретінде доктор Рассел Лондоның оңтүстігіндегі психиатриялық ауруханада тағылымдамадан өтеді. Дәл осы жерде ол зерттеу жұмысы ретінде темекіге деген тәуелдікті тақырып етіп алып, өмірінің қырық жылын аталған бағытты зерттеуге жұмсайды.

 

Рассел бүкіл дерлік өмірін Модсли психиатрия институтында жұмыс істеп өткізіп, шылым шегу негізінің фармакологиялық және психологиялық түсігін өзгерткен бірқатар зерттеу жүргізді. Атап айтқанда ол шылымқор қанындағы никотин деңгейін алғаш рет өлшеді, никотинге деген тәуелдікті мұқият зерттеді, шылымқор түтінінің жанындағы адамдарға қалай әсер ететінін саралады.

 

Ақыры ғалым сол сәтте революциялық деуге болатын тоқтам шығарды: токсикология тұрғысынан адам саулығы үшін жану өнімдері ең үлкен қауіп төндіреді, оның ішінде бәріміз «шайыр» деп білетін зат та бар, ал никотин шылым шегуге деген тәуелдік тудырғанымен, бұл әдеттің ең басты «жауызы» емес.

 

Осы маңызды фактіні басшылыққа алған түрлі ел ғалымдары темекі түтініндегі зиянды заттар көлемін азайтуға тырысты, бірақ ұзақ уақыт бойы бұл талпыныстар еш нәтиже берген жоқ. Сол кезде жану процесін мүлдем алып тастау туралы шешім пайда болады. Әлемде никотин пластырьлер, сағыздар, тіпті никотин назальді спрейі пайда болды, олардың бәрі зиянды әдеттен арыламын деген адамға көмектесуге тиіс болатын.

 

БАЛАМА

1974 жылы профессор Рассел өзі зерттеп жүрген саладағы тағы бір маңызды жаңалықтың иесі атанды. Жаппай тыйым салудың еш нәтиже бермейтінін және миллиардтаған адамды шылымнан ажырату мүмкін емес екенін түсінген ол зиянды азайту әдісін шылым шегуге қатысты қолданып көруді ұсынды. Себебі шылымқор да адам, оның да медициналық көмек алу құқығы бар, қоғам оны түсінуге және қолдауға тырысу керек, ода таңдау мен қатері аз балама өнімдерге өту мүмкіндігі болу қажет. Доктор Рассел айтқан тезистер, міне, осындай еді. Бұл идея «Темекіден келетін зиянды азайту стратегиясы» (Tobacco harm reduction немесе қысқартқанда THR) деген атау алды. Алайда қоғам оны ә дегенде салқын қабылдады.

Тек зейнетке шығардан сәл бұрын профессорға Лондон университетінің Психиатрия институтындағы Ұлттық наркологиялық орталықтың темекіні зерттеу бөлімін басқару туралы ұсыныс түседі. Бұл ғалым еңбегінің мемлекеттік деңгейде мойындалуы еді. Оның жұмыссы уақыт өте келе шылым шегуді никотин тұтынудың зияны азырақ әдістеріне алмастыру туралы жаһандық бастамаға айналды.

ЖАЛҒАСЫ БАР

Профессор ұсынған әдістер жәй ғана революциялық болып қалған жоқ, олардың шылым шегуден болатын ауру мен өлім санын азайтуға көмектескені анық. Әрине, мұндай жағдай Майкл Рассел тірі кезде кең тарала қоймаған болатын. Ел жаппай никотин сағызын шайнап, пластырь жапсыруға көшпеді. Профессор ағзаға түсетін никотин ғана, шылымқорға тән дәстүрлердің де аса маңызды екенін ескермеген болатын. Бәлкім, ол заманда прогресс қажет деңгейде болмаған шығар. Бұл мәселені темекіні жану температурасына жеткізбей никотин қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар, яғни салыстырмалы түрде жақында пайда болған темекіні қыздырудың электронды жүйелері шешіп берді.

Бұл гаджеттердің жұмыс механизмі қарапайым: темекі арнайы құрылғыға салынады және Цельсий бойынша 350 градусқа дейін қызады. Нәтижесінде темекіден құрамында никотин бар аэрозоль бөлінеді, оны адам жұтады. Процесс кәдімгі шылым шеккеннен аса қатты ерекшеленбейді, есесіне, ғылыми зерттеулерге сенсек, бөлінетін аэрозоль құрамында зиянды заттар кәдімгі шылым түтінімен салыстырғанда орта есеппен 95%-ға аз кездеседі екен. Біздіңше, бұл профессорға ұнар еді.

 

Аударған Димаш Зиядин

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]