Кейінгі ұрпақ не жейді? - Лайқос

Кейінгі ұрпақ не жейді?

Қоңыздан жасалған тамақ, басып шығарылған бургер және жұма күнгі стейктің орнына таблетка жұта салу: біздің рационды күтіп тұрған «Болашақтың тамағы: Өзгерістер дәмі» кітабында келтірілген жаңалықтар жайлы әңгімелейміз.

Екі хабарымыз бар: бірі – жақсы, бірі – жаман. Жаманы мынау: ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір күні қоңыз жеуге көшеріміз анық. Бұл – алдағы 2-3 жылда азық-түлік саласы тап болатын шындық. Жақсы жаңалық ұзақ өмір сүруге қатысты: фудтех индустрия жетістіктерінің арқасында адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 120 жылға дейін ұзаруы мүмкін.

«Болашақ тамағы…» – Билл Гейтс айтқан сөзді тікелей растап тұр: тәрекелеміздегі тамақтың бәрі – виртуал шындық немесе жасанды сана секілді инновацияның бір түрі. Кітаптың кіріспесінде-ақ авторлар Deep FoodTech атты жаңа бренд, яғни  азық-түлік өндірісін жалпы алғанда өзгерте алатын ғылым, жаңа технологиялар мен бизнес-процестер қосындысы шешуге тиіс үш басты проблеманы атап кетеді.

 

Бірінші проблема: адамзат санының қарқынды түрде өсуі кәдімгі ет өндірісінің сапалы дамуына еш мүмкіндік бермей тұр.

 

Екінші проблема: «бос» зиянды және аллергенді азық-түліктің тым көп болуының кесірінен адамзатта алуан түрлі ауру-сырқат пайда болды.

 

Үшінші, экологиялық проблема: мал шаруашылығына қазірдің өзінде өркениет бөлетін парник газының 14,5%-і «тиесілі». Ал мал басы санының артуы әлемнің жылынуын ушықтырып жіберуі мүмкін.

 

«Балама тамақтанудың дамуы – уақытқа сәнге айналған құбылыс немесе жекелеген вегандардың, яки жануарлар құқығы үшін күресушілердің қитығы емес. Бұл – қажеттілік. Жылдан-жылға қатары артып келе жатқан адамзатқа тамақ тауып беруге, сан алуан ауруды жеңуге, экологияны құтқаруға және дәмді, жылдам әрі сапалы тамақ жеуге деген қажеттілік», – дейді кітап авторлары.

ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМ ҚАНДАЙ ҚОРЫТЫНДЫҒА КЕЛІП ОТЫР?

Көмекке жәндіктер келмек

 

Құрт-құмырсқаны қорек ету – тамақ саласында жақын арада жүзеге асатын басты болжам. Тіпті қоңыз мен шегіртке протеині негізінде әзірленген азық-түлік шығаратын және «шыбын құрты ет табы бар жаңғақ дәмін еске түсіреді және, мәселен, ризоттомен керемет үйлеседі» деп сендіретін өндіріс орындарын осы күні де табуға болады.

 

Зерттеушілер шыбын-шіркей жеудің үш басты себебін атап отыр:

 

  • Адамгершілік жолындағы күрес (жан төзгісіз жағдайда ұсталатын ірі қара мал саны азайып келеді).
  • Табиғатқа келетін зиянды азайту үшін күрес (СО2 бөлінуі айтарлықтай қысқарады).
  • Құнарлық құндылықтың жоғары болуы және денсаулыққа пайдасы (жәндіктен жасалған етте кәдімгі етке қарағанда пайдалы элемент көлемі әлдене есе көп).

 

Экономикалық тұрғыдан қолайлы екені тағы бар. Жәндік тез көбейеді, үлкен күтімді керек етпейді және бөлетін қалдығы да аз. Айтпақшы, сарапшылардың дерегінше, кей әлемдік ірі ұйым өз өніміне қазірдің өзінде-ақ жәндіктен әзірленген ұн қосады екен. Тек әзірге онысын мойындаған жоқ.

 

Адамзатта зертханада әзірленген ет құтқара ма?

Етті неге сүйіп жейміз? Дәміне, исіне, құрылымына қызығамыз. Алайда мұның бәрін қан шығармай-ақ жасап шығуға болады екен.

 

Мәселен, «гем» атты молекула етке түс пен ерекше металл дәмін береді. Ол сонымен қатар соя тамырында кездеседі, бірақ ондағы көлемі тым аз. Талантты ғалымдар бұдан шығар жол тауыпты: олар соядан леггемоглобинге жауап беретін гендерді бөліп алып, ашытқының ерекше түріне салады. Қант және минералардармен қоректенген ашытқы жылдам өсіп, гемді көптеп өндіре алады.

 

Ал еттің исін химия заттарының көмегімен жасауға болады. Мысалы, бір кесек ет қыздырылады. Машина оны сараптап, иіске жауап беретін молекуларды анықтайды. Яғни еттің әр сипататғы хош исіне жауап беретін ерекше белгілер анықталады.

 

Ет құрылымын қайталауға өсімдік ақуыздары жәрдемдесе алады. Мысалы, бидай ақуызы тарамыстығын береді. Картоп ақуызы қуырған кезде пайда болатын қытырлақ қабықты «сыйлауға» көмектеседі.

 

Нәтижесінде, толыққанды жасанды ет соядан, картоп ақуызынан, ашытқы негізіндегі гемнен, күнбағыс және кокос майынан, метилцеллюлозадан тұрады.

 

Түтікте өскен ақуыз бен ауадан алынған тамақ

Кей ғалым балама жол іздемей-ақ, ет және сүт өнімдерін бұрынғыша пайдалана беруді ұсынады. Тек фермада немесе алқапта өскен емес, зертханада шыны түтікшеден алу керек. Бұл әдіс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының жасушасы клондалып, зертхана жағдайында көбейтіледі. Мінсіз таза әрі құнарлығы алдын-ала белгіленген. Ешқандай токсин жоқ, өсіретін гормон да салынбаған.

 

Тағы бір таңғаларлық технология – бос жерде ақуызды өсіру. Электролиздің көмегімен ғалымдар ауадан сутек және көмірқышқыл газын алады. Бұл элементтермент топырақтағы бактерияларды асырайды, нәтижесінде олар ақуыз, майлар және көмірсулар шығарады. Осылайша өндірісі аз шығын талап ететін құнарлы ұнтақ жасауды жолға қоюға болады. Қазір бұл бағытта Solar Food фин стартапы жұмыс істеп жатыр.

 

Басып шығарып, жей береміз

Жүзеге асқан тағы бір ғажап идея – пайдалы өнімдерді 3D-биопринтерде басып шығару. MeaTech 3D атты Израиль компаниясы етке қол жеткізудің бұл әдісін қолға алып, дамытып жатыр: зертханада жасушаны көбейту арқылы алынған биосия кәдімгі ет бөлігіндегідей етіп жасушаларды құрып шығады.

 

 

БОЛАШАҚ ТАМАҒЫ МӘҢГІ ӨМІР СҮРУГЕ АПАРАР ЖОЛ МА?

Қазірдің өзінде спортпен айналысып, зиян әдет және азық-түліктен бас тарту арқылы өмір сапасын жақсартып, ұзақ жасауға болады. Алайда адамзаттың көп бөлігі бұл жолмен жүргісі келмейді және бар проблеманы бірден шешіп беретін сиқырлы дәрі күтеді.

 

Болашақ тамағы дәл осы дәрі болуы мүмкін. Мысалы, әр супермаркетте анализатор тұрады, оған қолыңызды тоссаңыз, ағзаның қажеттіліктері ескерілген жеке мәзір дайындалады. Басқаша айтқанда, бәріміз бір медициналық қалпақтың астында боламыз.

 

«Болашақ тамағы: Өзгерістер дәмі» кітабы шағы некеніне қарамастан, тым мазмұнды шыққан. Оқырман мұнда біздің шолуға кірмей қалған күтпеген идеялармен таныса алады, мәселен, «сойлент сиқырлы таблеткасының» не екенін, оның кімге көмектесетінін немесе жеуге болатын қаптаманың қандай болатынын, яки болашақ тамағын сатып алу мүмкіндігі қайда бар екенін біледі. Осының бәрі жаңа ғажап әлемнің

 

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]