Темекіні қыздыру жүйесі қуат алмаса не істеу керек?

Қуат берсін

«Балама темекі» отырып қалса, не істеу керек?

«ниЖевред» қандай да темекі өнімін тұтынуды қоштамайды, дегенмен шылым шегуден болатын қатерді азайтуға шақырады. Гаджет қуаттағышын үйде қалдырып кетсеңіз немесе жоғалтып алсаңыз, кәдімгі темекіге жүгірмеу үшін не істеу керек екені жайлы әңгімелейміз.

Никотин жеткізуге арналған электронды құралдар әлемдік нарықта кәдімгі шылымды ығыстырып жатыр. Әрине, оларды толықтай зиянсыз деуге болмайды, алайда қолданушылар шылым шегуден келетін залалды азайтуға тырысып, темекіні қыздыру жүйесіне көшуде, себебі одан құрамында ағзаны улайтын канцероген, ыс газы және шайыр жоқ түтін бөлінбейді.

 

Бірақ мұндай балама темекі тұрақты түрде қуаттап отыруды қажет етеді. Сәйкесінше гаджет ең бір керек кезде отырып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайдан қалай шығамыз? Дүкенге кіріп, кәдімгі шылым ала салмау немесе достардан бір талын сұрап, ығыр қылмаудың жолы бар ма?

 

БӨТЕН ҚҰРЫЛҒЫ

Темекі қыздыру құрылғыларын түпнұсқа емес қуаттағыштармен қуаттауға бола ма? Негізі, жоқ. Кез келген жүйенің ресми нұсқаулығында былай жазылған:

 

Құрылғыны тек гаджет комплектінде бірге жүретін фирмалық қуаттау блогымен қуаттауға болады. Басқа құрылғыларға арналған қуаттау көздерін қолдануға мүлдем болмайды.

 

Бұл немен байланысты? Бөтен қуаттағыш аккуммуляторды зақымдауы немесе тіпті гаджетті бұзып тынуы мүмкін. Және мұндай жағдайға кепілдік шарты көмектесе алмайды. Бірақ біз мінсіз әлемде өмір сүрмейміз және кейде ереже бұзып тұрамыз. Ең бастысы, не болған күнде де жауапкершілік өз мойнымызда екенін ұмытпауымыз қажет.

 

НЕ БІЛГЕН ДҰРЫС?

Бөтен қуаттағыш қолданамын деп шешсеңіз, ондағы тоқ күші (ампер – А) және кернеу (вольт – V) түпнұсқа құрылғыдағы көрсеткіштермен бірдей екеніне көз жеткізу маңызды.

 

Сымына да мән беріңіз, қосатын жері сәйкес келуге тиіс. Жалпы, халық арасында кең таралған қыздыру жүйелерінде USB Type-C орнатылған.

 

«ТАЙП СИДІ» ҚАЙДАН ТАБАМЫН?

 

  • Type-C қосқышы Android-тағы көптеген заманауи смартфонның қуаттағышында бар;
  • сауда орталықтары мен басқадай көпшілік жерде түрлі қуаттағыш орнатылған арнайы орындар болады;
  • кафе, бар, мейрамхана секілді қоғамдық тамақтану орындарының көпшілігінде қажетті сымы бар сыртқы аккумулятор сұрай аласыз;
  • ең дұрысы – сол пауэрбэнкті сатып алып, өзіңізбен алып жүру. Смартфонға да қажет болады. Тек керек сымды ұмытып кетпеңіз.

МҰНША ӘУРЕ НЕ КЕРЕК?

Базбіреу үшін кәдімгі шылыммен салыстырғанда электронды құрылғының әуресі көп секілді көрінуі мүмкін. Алайда денсаулық жайлы ойлансаңыз, бұл зиянды әдетті қайта бастап кетпеудің қаншалық маңызды екенін біле аласыз. Темекі жанған кезде шылымда мыңдаған улы байланыс қалыптасады. Олар өкпе, жүрек және басқа ағза мүшелерінің қатерлі ауруларын тудырады.

 

Шылым шегуге қатысты қатермен күресу мақсатында Қазақстанда зиянды азайту концепциясы әзірленген болатын. Соған сәйкес, түтінсіз балама құрылғыларға өту ұсынылады. Мұндай жүйелерде жану процесі жоқ, яғни канцероген компоненттер көлемі 95%-ға кемиді.

 

Сол себепті қуаттағышсыз қалсаңыз, шыдай тұрыңыз немесе жоғарыдағы кеңестерді пайдаланып, құрылғыны «тірілтуге» тырысыңыз.

 

Әрине, кәдімгі шылымды қуаттаудың қажеті жоқ. Тек оның сізді кері қуаттап жіберетінін ұмытпаңыз.

 

Аударған Димаш Зиядин

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]