Пассивті темекі шегудің қауіптілігі: екіншілік және үшіншілік түтін

Шылым шекпей «шылым шегу»

Second-hand-шылым шегу деген не, үшінші деңгейдегі түтін қайда кездеседі және шылымқордың киімі несімен зиян?

Шылымқордың жанында болудың өзі қандай ауыр жағдайға тап қылуы мүмкін екені туралы әңгімелейміз.

Шылымқордың басына түскен қиындыққа тап болу үшін темекі сатып алып, тұтынудың да қажеті жоқ. Бар болғаны шылымын будақтатқан адамның жанында тұру жеткілікті, ол, мысалы, барда бірге отырған әріптесіңіз, подъездегі көршіңіз немесе такси жүргізушісі болуы мүмкін. Қасыңыздағы жанның темекісі тудыратын өкпе қатерлі ісігі немесе басқадай қауіпті аурулар сізге де қатер төндіре алады.

 

Бұдан әсіресе балалар қатты зардап шегеді. Олардың жағдайында пассив түрде тұрақты шылым шегу астмаға, өкпенің қабынуына, трахеитке, бронхитке және басқа түрлі аты жаман медициналық диагноздарға әкеліп соғуы мүмкін.

 

НЕГЕ БҰЛАЙ?

Шылымқордың ағзасына кіріп шыққан түтінде канцероген кәдімгі түтінге қарағанда аз кездеспейді, яғни көміртек тотығы немесе қос тотығы, аммиак, ацетон, цианды сутек, фенол, сонымен қатар үлкен көлемдегі шайыр темекі тартпайтын адамның тәнінде жинала береді. Бұл жағдайда тіпті шылымқорды темекідегі сүзгі белгілі бір деңгейде қорғауы мүмкін, ал оның қасында тұрған сізде мұндай қорғаныс та жоқ. Сіз жанған шылымның түтінін ғана емес, шылымқор үрлеп «шығарған» қайталама түтінді де жұтасыз. Оның үстіне ағзаңыз темекі түтінінің әсеріне үйренбегендіктен, бұрқыраған «коктейлден» айрықша зиян көреді.

 

Пассив «шылымқорлардың» ұзақ өмір сүру ықтималдығы темекіге тәуелділерге қарағанда жоғары болғанымен, зерттеулер шылым шегетін адаммен бірге тұрудың өкпе қатерлі ісігі қаупін 20-30%-ға арттыратынын көрсетіп отыр. Жұмыста «мәжбүрлі» түрде «темекі тартатындардың» да жағдайы оңып тұрған жоқ: оларда бұл сырқатқа шалдығу ықтималдығы 12 мен 19% аралығында.

Соынмен қатар бастапқы және қайталама түтіннің олардан кейін пайда болатын, алайда қатері бірде-бір кем емес «ағайыны» бар екенін айта кету керек. «Үшінші» деңгейдегі түтіннің бар екендігі туралы идея шамамен он шақты жыл бұрын пайда болады және толық зерттеліп үлгерген жоқ. Оны әдетте шылым көп шегілетін бөлмеден байқауға болады. Бұл түтінге киім мен жиһазға сіңіп қалатын темекі исі ғана емес, түтіннің қатты бөліктері де кіреді. Олар тұрмыс заттары мен балалар ойыншықтарына қонады, заттардың үстінде жиналады, шаш пен теріге түседі және бізбен бірге «саяхаттап», темекі тартылмайтын таза орындарға жете алады. Ал түтіннің қалдығында күшәлә секілді улы заттар кездеседі, ол аз десеңіз, озон және азот оксидімен байланысқа түсіп, жаңа қауіпті заттар тудырады. Тышқандар мен адам жасушаларында жүргізілген соңғы зерттеулер үшінші деңгейдегі түтіннің ДНҚ-ны зақымдап, өкпе қатерлі ісігі қаупін арттыра алатынын көрсетіп отыр.

 

ПАССИВ ТҮРДЕ ШЫЛЫМ ШЕГУ ЗИЯНЫНАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ?

Ең дұрыс әдіс – темекі тартатындар аулақ жүру. Ал жақын адамыңыз немесе әріптесіңіз шылым шексе, онымен тек өзі ғана емес, айналадағылар үшін де зияны аздау болатын балама тәсілдер туралы әңгімелесіп көрген дұрыс. Себебі мұндай балама өнімдерде жану процесі мүлдем жоқ, сәйкесінше, шылымқордың өкпесіне баратын зиянды заттардың көпшілігі де пайда болмайды.

 

Көп жағдайда темекі тартатын адамға психологиялық тәуелдік зиян әдетті қойып кетуге бөгет болады. Енді біреулерге процестің өзі ұнайды. Сарапшылар мұндай жағдайда электронды құрылғылар мен темекіні қыздыру жүйелеріне өтуді қарастырып көруге кеңес береді. Бұл құрылғылардағы қыздыру температурасы 400 градустан аспайды, ал кәдімгі темекіні шеккенде шоқтың температурасы 900 градусқа дейін барады. Осының арқасында адам түтін емес, құрамында никотині бар буды жұтады. Зерттеулерге сүйенсек, мұндай буда бөлінетін зиян заттар 95%-ға аз кездеседі.

 

Аударған Димаш Зиядин

Фотоколлаж yanlaurentxo

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]