Малика Байқуатова: «Африкалық әйелдердің темекі тарту әдеті арқасында өзінің маңыздылығын танытуға деген ұмтылысы басқа континенттердегі әйелдер секілді осыған ұқсас ұмтылыстарымен үндеседі. Өткен ғасырдың басынан бастап көптеген елдерде әйелдердің темекі шегуге деген құқығы гендерлік рөлдерің үлестірімімен келіспеушіліктің символикалық пішіні іспетті және тәуелсіздіктің белгісі ретінде қарастырылған.

 

Бүгінгі таңда, әлеуметтік зерттеулердің көрсеткіштеріне сәйкес, «Сіз неге темекі шегесіз?» деген сауалға әлемдегі нәзік жандылардың үлкен пайызы мұны әдемі, керемет, сәнді деп санайтынын алға тартады. Екінші ең таралған жауап – жігіттерге ұнағысы келеді. Ал біреуге ұнау – бұл бойымызға табиғаттан дарыған нәрсе.

 

Сонымен бірге нәзік жандылар темекі тарту әдетінің уақытынан бұрын қартаюға әкеліп соқтыратыны турасында ойлана бермейді. От теріге теріс әсер етеді. Шаштың арасында түтін жиналып қалады және бас терісі сусызданады, шаштың сынғыш келетіндігі де осыдан. Әдетте, темекі шегетін әйелдерде әжім мен шашының ағы көбірек кездеседі, дауыстары да өзгеріске ұшырап, бет терісінде купероз байқалады.

 

Осы түйткілдердің барлығы да – темекі түтінінде болатын қауіпті заттектер мен қосылыстардың «еңбегі» болып саналады. Ең алдымен, бұл көміртегі тотығы және құрамында канцерогендік заттектерге толы шайыр тәрізді фракция. Соның ішінде ең зияндылары көпоралымды көмірсулар, нитрозамин, бетанафтеламин, цианидтер, кадмий, бос радикалдар. Ал мұндай мәселелердің ең жақсы шешімі – бұл, әлбетте, зарарлы әдеттен бас тарту».