
Филлерсіз және пластикасыз: сұлулық стандарттары қалай өзгеріп жатыр
Жақында ғана сұлулықтың мінсіздігі нақты айқындалған жайт болып көрінетін: томпақ ерін, бет-әлпеттің көркемділігі, мінсіз макияж, аспанға дейін жететін кірпік пен 24/7 тәртібінде гель-лакпен әрленген тырнақ. Әлеуметтік желідегі арулардың парақшалары да бірдей беттерге толы, ал косметология бірнеше айға алдын ала жоспарланып қойылған. Алайда бүгінде бір нәрсе өзгерген секілді. Біз көбінесе мынаны еститін болдық: «Филлерді алып тастаймын», «Енді ешқандай гель-лак керек емес», «Бетімнің дәрі егусіз болғанын қалаймын». Адамдар денсаулық пен табиғилықты таңдап отыр. Әрі оның себептері баршылық.
«Типтік жүздерден» шаршағандық
Филлер, ботокс пен пластика сыртқы келбетті жылдам өзгертуге қабілетті. Алайда сонымен бірге адамның жүзін тірі әрі бірегей ететін қаситеттерден арылтады. Әжімі жоқ маңдай, эмоциясыз маңдай. Суреттегідей жақ, дегенмен жымиыс бұрынғыдай емес. Мимика да жоғалады, бет әлпет қатып қалғандай көрінеді. Әйелдер барған сайын былай дейді: «Мен өзім болудан қалдым».
Бір жағынан қарасақ, бұл сенімділік сезімін беретіні хақ. Ал екінші жағынан – тәуелділікті тудырады. Бір көңіл толмаушылық екіншісімен алмастырылып отырады: ернім жіңішке – үлкейте саламын, жағым кішкентай – қоса саламын, бет әлпетімнің айқындылығы аздау – тарта саламын. Бірақ бұл жарыста тоқтау бар ма? Жете түсінушілік бірден емес, дегенмен келеді.
Медициналық қауіптер мен ерекшеліктер
Филлер – бұл бөтен зат, әрі ағза оған болжауға болмайтын реакция беруі бек мүмкін. Ісіну, асқыну, ассиметрия, гельдің орын ауысуы – осының барлығы жиі кездесетін жайттар. Әсіресе, бұл инъекцияларды тексерілмеген мамандар істегенде немесе процедура тым жиі жасалатын жағдайда болып тұрады.
Темекі тарту ерекше көңіл аударуды талап етеді. Темекі түтінінің құрамында 7 000 астам химиялық заттек бар, соның ішінде аммиак, бензол, формальдегид, тұншықтырғыш газ бен ауыр металдар. Темекі шегетін емделушілер филлерді енгізген кезде, пластикалық оталар мен аппараттық процедуралардан кейін асқыну жағдайларына бірнеше есе жиі ұшырайтыны белгілі: некроз бен көгерген жерлер пайда болады, не болмаса препараттар біркелкі таралмайды. Темекі түтіні микроциркуляцияны нашарлатады, тіндердегі оттегінің деңгейін төмендетеді, терінің қалпына келу үдерісін бұзады және асқыну процестерін күшейте түседі.
Ең жақсы шешім – темекі шегуден біржолата бас тарту екені шүбәсіз. Алайда егер бірден темекі тастау қиынға соғатын болса, хиттерлерді қарастыруға болады. Кәдімгі темекіге қарағанда олар темекіні жақпайды, тек қана қыздырады, сондықтан зиянды түтін түзілмейді және жану өнімдерінің құрамында кездесетін канцерогендер бөлінбейді.
Гель-лак пен тырнақ өсірту алғаш қарағанда қауіпсіз болып көрінеді, дегенмен оны үзіліссіз жиі жағу – бұл аллергияға тап болу, тырнақ пластинасының жұқаруы, зең ауруларының пайда болу қаупі дегенді білдіреді. Бүгінде шеберлер көбінесе клиенттеріне келесіні жеткізуге тырысады: «Тырнаққа демалыс беріңіз». Қысқа үзіліс жасау немесе жұмсақ құралдарға ауысу тырнақтың қалпына келуі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Бүркемеленудің орнына күтіну
Сұлулық саласындағы жаңа толқын – бұл күтімнен бас тарту емес, бұл әдіс-тәсілді өзгерту. «Көз айналасының қарайғанын қалай бояп тастасам екен» деудің орнына – «неліктен менің ұйқым нашар» деп іздену. «Жаққа дәрі егудің» орнына – «лимфа ағынын қалай жақсартсам болады» деу. Пилингтің орнына – тұрақты түрде жасалатын күтім, психотерапия, нутрициология, гормондармен жұмыс істеу.
Адамдар салдармен емес, қандай да бір жайттың себебімен күресуді бастап келеді, әрі: «Мен жай ғана әдемі көріну емес, өзімді жақсы сезінуді қалаймын» деп айтады. Бүгінде ешкім өзін ауырсыну, ісіну және тәуелділік арқылы өзін «жақсартуға» ұмтылмайды.
Даралықтың құндылығы
Біз ұзақ уақыт бойы бір ғана мінсіздікке ұмтылып келгенбіз: Джолидің ерні секілді болса, Дженнердің терісі сияқты тегістікке қол жеткізсем екен. Алайда мінсіздік – қолда тұрмайтын зат. Бір кезде баршамыз осы бір қуалаудан қатты шаршадық және әлеуметтік желілерде адамның өзіне деген сүйіспеншілігіне арналған трендтер пайда болған.
Қазірде адамдардың көбі өздерінің бет әлпетіне оралып жатыр. Секпіл ме? Бола берсін. Дөң мұрын ба? Бұл біздің отбасылық белгіміз. Ернімнің сәл ассиметриясы бар ма? Бұл менің жымиысым. Енді біз бойымыздан кемшіліктерді емес, ерекшеліктерді көріп бастадық. Ал ең бастысы, оларды жасыруға ниетті емеспіз.
Тұрақты өзгерістерден психологиялық шаршау
Мінсіз келбетке ұмтылу барысында өз-өзімізбен байланысты қалай жоғалтып алғанымызды байқамай қалуымыз бек мүмкін. Сен ұдайы бір нәрсені өзгертіп отырасың, салыстырасың, жетілдіресің. Фотошоп, Instagram желісіндегі бетперделер, сүзгілерді қолдану – бір кезде шаршауды сезінесің. Өйткені сен үнемі «мінсіз емессің». Өйткені ұдайы лайық болуың керек.
Әйелдердің көбі мына бір жайтты мойындайды: олар қысымның астында болудан шаршады. Өзгелердің көзқарасынан, трендтердің, үміттердің қысымынан жалықты. Косметологиялық процедуралардан саналы түрде бас тарту бүгінде салақтық емес, адамның өзіне деген құрмет көрсетудің нышаны ретінде қарастырылады. Сені бояусыз, кірпіксіз және көз тартарлық жақсыз қалай қабылдайды екен деген қорқынышынсыз.
Қоғамдағы қолдау
Егер бұрын дәрі егуден бас тарту таңдануды тудырса, бүгінде бұл түсіністік сезімін туғызады. Көптеген инфлюенсерлер, актрисалар, блогерлер шындығын айтып отыр: «Филлерді алып тастаймын», «Енді боянбаймын», «Күтімге ауыстым».
Медиа алаң өзгеріп жатыр. «Дейін мен кейін» айдарының орнына «осындай болдым және қайта өзіме оралдым» секілді үрдістер пайда болған. «Мінсіз болуға ұмтыл» деген жарнаманы келесідей сырлар басты: «мен өзімнің бетімді қайтардым, әрі тыныс алуым да жеңілдеді».
Иә, кейбір адамдар процедураларды жасатуды жалғастырып келеді – бұл да қалыпты нәрсе. Ең маңыздысы, бізде таңдау пайда болды. Әрі бұл таңдау көбіне-көп табиғилыққа бейім болып келеді, өйткені бұл қазір адалдықпен, денсаулық және нағыз сұлулықпен байланыстырылып отыр.
Қорытынды
Өзіңізге күтім жасау сырттан ғана болмауы мүмкін. Кей кездері өзіміз үшін істей алатын ең жақсы нәрсеміз – бұл әшейін ғана мінсіздікті қуалауды тоқтату. Әрі өзіңізді сырт келбетіңізге бола емес, сондай-ақ іштей жақсы көруді үйрену.