Нейрожүйелерді жұмыстан тыс қалай қолдануға болады
Біз жасанды интеллектінің жұмыстағы тапсырмаларымызда көмектесіп отыратынына әлдеқашан үйрендік. Дегенмен оны мейірімді сиқыршы, құрбы, жаттықтырушы, психолог ретінде де қолдануға болады екен. Лайқос тізімді жасап қойды.
Чаттағы психолог: нейрожүйе эмоциялық тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі
ЖИ-мен сырласа сөйлесуге және қолдау табуға болады. Мына бір жайтты есте сақтаған маңызды: нейрожүйе – терапевт емес, бұл алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы іспетті. Ол керекті сұрақты қоя алады, ойларыңызды реттеуге көмектеседі, тыныс алу жаттығуларын ұсынуы мүмкін немесе қиын сәтте жай ғана қасыңызда болады.
Жасанды интеллектінің көмегімен дұрыс тамақтану
Күн сайын тамақ ішкіміз келеді, ал ол туралы әрдайым ойлап отыруды қаламаймыз. Осы тұста нейрожүйе көмекке келеді: тамақ әзірлемейді, дегенмен көмектеседі. Тамақтану рационын құрастыру керек пе? Оңай. Тоңазытқышта азық-түлік қалдықтарынан не істеуге болатынын ойлап табу қажет пе? Мархабат.
ЖИ мақсаттарға сәйкес рецепттерді іріктеп береді: дұрыс тамақтану, қант мөлшерін азайту, аллергия немесе тыйым салынған өнімдер түрінің ерекшеліктерін ескеру. Калорияларды санап береді, алмастыруға болатын тағамдарды ұсынады, маусымдық өнімдер туралы еске салып отырады. Жылдам, ыңғайлы және таңдау бойынша бейнетсіз.
«Мынадай супермаркеттен сатып алуға болатын, бір аптаға жететін азық-түлік тізімін құрастыр, бюджет – 15 мың теңге, сүт өнімдері мен жармаларды қоспа» деген сұрақты қою өте ыңғайлы. Бұл ақша, уақыт пен күш-қуатты үнемдеудің жолы.
Өз стиліңді таңда: ЖИ ұсынған гардероб
Нейрожүйе дене бітімі, стиль және осы күнге арналған жоспарға сәйкес киім-кешекті таңдап бере алады: кеңседен бастап «нан алу үшін шыққанға» дейін. Бар керегі параметрлерді енгізу (күн райы, іс-шараның шарттары, ерекше қалаулар) – мінеки, сіз бейнелердің тізіміне ие боласыз, соның ішінде нақты сіздің шкафыңызда бар киімге негізделген бейнелер.
Сонымен бірге нейрожүйе капсуланы жинаудың жолын, не нәрсенің жетіспей тұрғаны мен ескі әрі сүйікті заттарды жаңаша киюдің тәсілін айтып береді.
Нейрожүйе күнделікті өмірде немен көмектесе алады
- Бір күн, бір апта, бір айға арналған шаруалар тізімін құрастырады
- Адамның қызығушылықтарына сай сыйлық таңдап береді
- Сыпайы түрде бас тарту немесе құттықтаудың мәтінін жазады
- Алты айда тілді үйренудің жоспарын құрастырады
- Кешкі ас (соның ішінде тағам рецепттері де), сауық кеші немесе отбасылық демалысқа арналған идеяларды ұсынады
- Күн райы мен мақсатқа байланысты сапарға не алу керектігін ұсынады
- Киім заттаңбасының суретін жүктесеңіз, сол затты қалай жуу керектігін айтады
- Жаңа ермек істі таңдаудың жолы мен оған не нәрсе керектігін айтып береді
- Мерекеге арналған сценарийді ойлап табады, тост сөздері мен дайындық жоспарын жазады
- Керекті жерге дейінгі бағдарды көрсетеді және саяхат бағдарламасын ойластырады
- Шығындарды талдайды
- Дау-жанжалдың шешімдерін ұсынады
Сауалды қалай тұжырымдау керек
Нейрожүйенің түсінікті нәтижені беруі үшін тапсырманы дұрыс қойған маңызды. Сұрағыңыз неғұрлым нақтырақ болса, жауабы да соғұрлым дәлірек болады. Қайта сұрау немесе анағұрлым жақсырақ нұсқаны сұрастырудан қорықпаңыз. Бұл қалыпты жағдай. Нейрожүйе – балгер емес, бұл сұхбаттасушы ғана. Ол адамның анық сөйлеген кезінде бәрін түсінеді.
Қорытынды
Нейрожүйе сізді алмастыра алмайды, дегенмен өмірді айтарлықтай жеңілдете алады – оқуда да, жұмыста да, күнделікті істерде де. Бұл қол астыңыздағы көмекші секілді: ескертеді, жеңілдетеді, идеяларды ұсынады. Бастысы, оны не үшін қолданып отырғаныңызды түсіну, әрі эксперимент жасаудан қорықпау.