
Никотин, шайыр және балалар: дәрігер Комаровскиймен ашық әңгіме
«Зиянын азайтып» темекі тартуға бола ма? Әрі темекі түтіні балалар денсаулығына қалай әсер етеді? Нарықта балама өнімдер бар – олар шынымен де зиянды төмендетуге септесе ме? Ата-ананың темекі тартуы балалардың иммунитеті мен тыныс алуына ықпалы қандай? Ал егер темекіні тастау мүмкін болмаса, лайт-нұсқаларына ауысу тұрарлық дүние ме? Украиналық дәрігер және педиатр Евгений Комаровский Лайқос жобасына не нәрсе зиянды шын мәнісінде төмендете алатынын, ал қайсысы дақпырт екендігін әңгімелеп берді.
Шылымға қарағанда темекіні қыздыру жүйелерінің зияны төменірек екендігі рас па?
Сіз үшін зиянды кім төмендетеді дейсіз. Зиянды тек өзіңіз ғана төмендете аласыз. Егер темекіні сирек тартатын болсаңыз. Айта кетсем, байқап жүрген де шығарсыз, әлдебір темекіні алғаныңызда, оның қорабында «мұнда никотин азырақ» деген жазу болуы мүмкін. Зиянның негізгі көзі никотин болмағанымен, никотин – әдеттенудің негізгі себебі. Ал қалған нәрселер, сол бір шайыр, формальдегидтер, барлық залалды заттектер – сол жерде қаншама? Шайырдан басқа ол жерде әртүрлі жиіркенішті нәрселер көп.
Бұл тұста гәп басқада жатыр – қазіргі уақытта никотинді жеткізудің балама нұсқалары баршылық. Яғни, өндірушілер келесі жайтты ресми мәлімдейді: біз сіздерге құрамында никотині бар әлдебір өнімді беріп отырмыз, дегенмен мұнда аталмыш зиянды заттектер жоқ, не болмаса өте аз.
Міне, осындай өнімдерге электронды темекі және темекіні қыздыруға арналған жүйелер жатқызылады. Олар баршамызға да мәлім, мен, тіпті, атауларын атамай-ақ қояйын, сіздер оларды менсіз де жақсы білесіздер. Яғни, мәні неде: біз, шынымен де, никотинді аламыз. Демек, тәуелділігіміз қанағаттандырылады. Алайда сонымен бірге біз, шыны керек, темекі түтінінде кездесетіндей шайырды, әрі басқа да залалды заттарды азырақ алатын боламыз.
Шайыр мен басқа да зиянды заттардың мөлшерін азайтсақ, қауіпті төмендетеміз бе?
Логикалық тұрғыдан қарасақ, шайыр мен басқа да зиянды заттектердің мөлшерін біршама азайтқан жағдайда біз ықтимал қауіпті төмендетеміз. Адамдардың көбі, бұл тіпті дәрігер ретінде емес, қарапайым адам ретіндегі пікірім болар, менің айналамда да қарапайым шылымнан темекіні қыздыруға арналған жүйелерге ауысқан адамдар баршылық. Олардың дені «менің жөтелім айтарлықтай басылды» деп айтып жатады. Бұл шынымен де солай. Ал осы тұста, дәрігер ретінде айтарым, бұл әжептәуір оң белгі екендігі рас. Бұл шынымен де айқын нәрсе. Алайда мұндағы ескерткім келетін маңызды жайт: ең қорқыныштысы – адам қарапайым темекіден зияны азырақ балама нұсқаларға көшеді де, дегенмен кәдімгі шылымнан арылмайды. Менің сіздерге айтарым: егер сіз қарапайым шылымнан зияны төменірек жүйелерге ауыса алсаңыз, ең болмағанда, осыны жасаңыз. Бірақ қарапайым темекі туралы ұмытқаныңыз жөн.
Қайсысы зияндырақ – никотин бе, әлде шайыр ма?
Никотин – бұл әдеттенудің дамуы үшін жауап беретін басты нәрсе. Тәуелділік нақты никотиннің салдарынан пайда болады. Шынын айтқанда, басты тәуелділік осымен аяқталады. Дәл осы никотин сізді никотиннің көзі – темекіге тәуелді етеді. Ал шайыр, басқа да заттектер, яғни, никотинмен бірге жүретін, әрі темекі түтінінің иісін құрайтын барлық заттар, негізгі зиян. Айта кетсем, шайыр ғана емес, ол жерде басқа да көптеген залалды заттар бар, нақ осы залалды заттар денсаулығыңызға айтарлықтай ықпал етеді. Сіз никотиннің салдарынан жөтелмейсіз. Сіз өкпе, жүрек, тамырлар және т.б. мүшелерге қатысты түйткілдерге никотиннің салдарынан тап болмайсыз. Сізден болатын жағымсыз иіс никотиннің салдарынан пайда болмайды. Бұл басқа құрамдас бөліктерден, мысалы, темекі түтіні салдарынан болады.
Демек тағы да қайталаймын: басты залал, яғни, денсаулық үшін негізгі зиян – бұл никотин емес. Никотиннің зияны, шамамен, кофеден болатын зияннан асып түспейді. Жалпы алғанда тек қана никотин, ал басқа ешнәрсе болмағанда, жағдай осыншама қорқынышты болмас еді. Алайда никотинге қоса, сізді шынымен ауру қылуға ықтималдығы жоғары болып келетін заттектердің орасан зор мөлшерін де аласыз.
Ата-анасы темекі тартатын болса, бұл балаларға қалай әсер етеді?
Бұл аса маңызды сұрақ. Бірақ ең басты нәрседен бастайықшы. «Жергілікті иммунитет» деп аталатын құбылыс бар. Жергілікті иммунитет – бұл шырышты қабаттың қорғанысы. Күн сайын балаңыздың жоғарғы тыныс алу жолдарына, ағзасына орасан зор вирустар мен бактериялар түседі. Жоғарғы тыныс алу жолдарының нақ осы шырышты қабаты ағзаны вирустар мен бактериялардан қорғайды. Ол жерде бейтараптандыру үдерісі жүріп жатады. Әйтсе де жоғарғы тыныс алу жолдары – яғни, бронхтар да, көмекей де, кеңірдек те – кірпікшелі эпителий ұлпасымен жабылған.
Бұл дегеніміз не – бұл жасушалар, шырышты қабықтың бетіндегі жасушалар, әрі олардың кірпікше тәрізді өсінділері бар. Міне, аталмыш кірпікшелер ұдайы тербеліп тұрады, осылайша барлық шаң, кір, қақырық өкпенің түбінен жоғары қарай шығады да, әрі біз кейін жөтеліп, қақырып тастаймыз. Темекі түтінінің бірегей ерекшелігі кірпікшелердің тербелу жылдамдығын кенет баяулататынында жатыр. Бұл баланың өкпесін толыққанды тазарта алмайтынына әкеліп соқтырады.
Бұл ауруға шалдығу қаупін арттыра ма?
Иә, тиісінше, аурулар саны күрт өседі. Бұдан басқа, темекі түтіні аллергиялық аурулардың ықтималдығын кенет арттыра түседі, өйткені ауаның құрамындағы көптеген аллергендер темекі түтінімен байланысады және деммен жұтылатын ауаның құрамында ұзақ сақталады. Сонымен қатар тағы бір фактор бар: шылымқұмарлардың балалары – пассивті шылымқұмарлар. Әрдайым дерлік бұл балалар обструкциялық бронхит, тыныс демікпесіне бейім болып келеді. Негізінде, темекі тартатын ересек адам – бұл өз денсаулығына немқұрайлы қарайтын адам. Әрі шылым шегетін адамның демалыс күнін өз баласына арнауы, бірге жүгіріп-секіріп-асыр салып ойнауы екіталай. Өйткені темекі тартатын адамның жүгірген, секірген кезде тыныс алуы қиындайды. Сондықтан темекі шегетін әке көбіне-көп өзінің демалыс күнін баласымен серуендеп емес, теледидар алдында диванның үстіне өткізуді жөн көреді.
Пассивті темекі тартудың тағы да бір маңызды тұсы: барлық сүтқоректілердің бірегей ерекшелігі – балақайлар ересектердің мінез-құлқын қайталайды. Сондықтан балақай аузынан темекісі түспейтін әкесі немесе шешесін көргенде, оларға ұқсағысы келіп, міндетті түрде мұны ертерек байқап көруге тырысады. Сол себептен дұрыс қорытынды шығарыңыздар. Зиянды төмендету сізге салауатты өмірдің қосымша бірнеше жылын сыйлайды. Міне, шынын айтқанда, бұл басты нәрсе. Әрі бұл сіздің қолыңыздан келеді. Иә, қандай жағдай болмасын, қауіпті төмендету мүмкіндігі болған кезде, мұны жасап көруге тырысқан жөн. Алайда сіз зиянды әдеттен біржолата бас тарта алмасаңыз, қауіпті азайтып көріңіз, бұл да жаман емес.