Никотин: тәуелділік, зиян және тәуекелді төмендету - Лайқос

Никотин: тәуелділік, зиян және тәуекелді төмендету

Никотинге көптеген мін тағылады. Никотиннің бір тамшысы жылқыны өлтіре алатыны жайындағы дақпырт, темекі қораптарындағы үрей тудыратын суреттер, зиян туралы қорқынышты хикаялар дәл осы никотин денсаулықты нашарлатады деген жалған әсерді қалыптастырып отыр. Әйтсе де, никотин дегеніміз не, ол қалай әрекет етеді және денсаулық үшін ғылыми тұрғыдан негізделген қандай әдіс-тәсілдер қауіптерді төмендетуге мүмкіндік береді? Лайқос соңғы ғылыми зерттеулерді талдады.

Никотин дегеніміз не және неліктен ол тәуелділікті тудырады

Никотин – бұл табиғи алколоид, әрі ол өкпеге жылдам сіңіп кетеді және миға енеді, ал мұнда никотиндік рецепторлар белсендіріледі. Бұл ләззат сезімі үшін жауап беретін нейромедиатор – дофаминнің бөлінуіне әкеледі. Нақ осы механизм қатты тәуелділікті қалыптастырады және темекі шегуден бас тартуды ерекше қиын үдеріске айналдырады.

Бұл тұста мына бір жайтты түсінген маңызды: жалпы никотин өздігінен шылым шегуге байланысты аурулардың басты себебі болып келмейді. Негізгі залалды темекінің жануынан пайда болатын уытты өнімдер тигізеді: шайыр, тұншықтырғыш газ, формальдегид және басқа да канцерогендер. Олар қатерлі ісікті, жүрек, тамыр мен өкпенің ауруларын қоздырады, сонымен бірге адам ағзасының қартаюын жылдамдатады. Айта кетсек, никотин канцероген болып саналмайды.

Никотинге деген тәуелділікті емдеудің заманауи жолдары

Никотинді алмастыратын терапия

Никотин ағзаға жабыстырғыштар, сағыздар немесе кәмпиттер арқылы қадағаланатын мөлшерде түседі. Осының арқасында шылымқұмарлардың денесіндегі «сыну» айқындылығы төмендей түседі: ашушаңдық, алаңдаушылық пен темекіге деген құмарлық азаяды. Уақыт өте келе никотиннің мөлшерлемесі кемиді, әрі ағза кенет күйзеліске тап болмай-ақ, одан арыла алады.

Дәрі-дәрмекпен емдеу

Никотиннің әсерін ішінара бұғаттайтын дәрі-дәрмектер болады, осының салдарынан темекі тарту үйреншікті ләззат сыйлауды тоқтатады. Басқалары – дәл сол рецепторларды жұмсақ түрде ынталандырады да, жеткіліксіздік сезімін төмендетеді және темекіден құтылуды жеңілдете түседі.

Мінез-құлық терапиясы және мамандардың қолдауы

Маманмен бірге жұмыс істеу триггерлерді айырып тануға, оларды жаңа әдеттерге алмастыруға және қандай да бір күйзелісті темекісіз жеңуді үйренуге көмектеседі.

Зерттеулер көрсетіп отырғандай, бірнеше тәсілдің үйлесімі шылым шегуден сәтті бас тарту мүмкіндігін арттырады.

Зиянды төмендетудің стратегиялары: түтінсіз никотин

Корольдік дәрігерлер колледжінің есебіне сүйенсек, мұнда зиянды төмендету технологиялары әзірге осы жаман әдетінен біржолата құтылуға дайын емес ересек шылымқұмарлардың денсаулығын қорғаудың тиімді әдісі ретінде көрсетілген. Бұл әдістің мәні ағзаға темекінің уытты жану өнімдерінсіз никотинді беруде жатыр. Нақ осы себептен балама нұсқалар қарастырылып та келеді – мәселен, жану үдерісіне мүлдем байланысы жоқ хиттерлер. Ағымдағы деректер көрсеткендей, олардың зияны кәдімгі шылым шегуден болатын зиянның шамамен 5% ғана құрайды.

Неліктен темекі шегуден жай ғана бас тартпасқа? Темекіні тастау алғаш көрінгеннен әлдеқайда қиынырақ болып келеді. Орта есеппен алғанда, адам тұрақты нәтижеге қол жеткізуден бұрын ондаған талпынысты жасайды екен, алайда небәрі 3-5% жуығы ғана 6-12 ай бойы шылымды тартпай жүре алады. Темекіге қайта оралу жағдайларының дені алғашқы күндері-ақ – негізінен бірінші аптаның ішінде – ашушаңдық, алаңдаушылық, ұйқы мен зейін қоюға байланысты түйткілдер секілді болдырмау нышанатының салдарынан болып жатады.

Дәл осы себептен темекі шегуден кенет арылуға емес, зиянды бірте-бірте төмендетуге мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер шылымнан біржолата бас тарту жолындағы маңызды кезең ретінде қарастырылады.

Зиянды төмендетудің артықшылықтары

  • Жүрек-қан тамырлары мен өкпе ауруларының қаупін төмендетеді.
  • Ағзаға болатын канцерогендік жүктемені айтарлықтай азайтады.
  • Никотинге деген әдетті сақтай отырып, темекі шегуден біртіндеп бас тарту мүмкіндігі.
  • Темекі шегуден әзірге толықтай арылуға дайын емес адамдарға да салауатты өмір салтын ұстануға қолдау көрсетеді.

Қорытынды

Шылым шегуден бас тарту – денсаулыққа апарар ең жақсы жол, дегенмен бұл әзірге мүмкін болмаса, ғылыми тұрғыдан негізделген балама нұсқалар ағзаны қорғауға және қауіпті әдеттен бірте-бірте құтылуға мүмкіндік береді.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.