
Нағыз Лабубуны жасандысынан ажыратудың жолы
Орманнан шыққан тісті эльф алғаш рет Гонконг суретшісі Касинг Лунгтың кітабында пайда болған, алайда Pop Mart, TikTok және BLACKPINK тобындағы Лиса мен Рианна секілді жұлдызды жанкүйерлерінің арқасында танымал болған. Бүгінде Лабубу – бұл өзіңізді танытудың тәсілі және күнделікті өмірге кішкене сиқырлық қосудың тәсілі.
Дегенмен тренд бар жерде – ұқсатып жасалатын жасанды нәрселер де болатыны сөзсіз. Олар көбінесе сырттай ұқсағанымен коллекция жиюшылар мен тарихы бар түпнұсқалық өнімді қалайтындардың шынайы нұсқасын ажырата білгені маңызды. Лайқос нағыз Лабубуны жасандысынан ажыратудың жолын анықтады.
Түпнұсқалық Лабубуның белгілері
Қаптамасы
- Күңгірт, тегіс, айқын бедерлі элементтері бар
- Pop Mart сайтына сілтейтін QR-коды көрсетілген голографиялық жабыстырғышы болады
- Жабыстырғыштағы Pop Mart 3D-логотипі – жинақы, жалпақ емес
- Қоқыс таңбасындағы көрсеткіш – жұмырланған бұрыштары бар
- Қораптың ішінде: сәйкестендіргіш карточкасы, айқын логотипі көрсетілген ылғал сіңіргіш салынған
Ойыншықтың сыртқы түрі
- Аққан іздері мен дақтары жоқ тегіс күңгірт бояу
- Әртүрлі пішінді әрі айқын өсім тізбегі бар тоғыз тіс
- Мұрын ультракүлгін шамның астында жарқырайды
- Симметриялы жылтыр көз, жұмсақ тері, әрі шығып тұратын жіптерсіз келеді
- Табаны – иілгіш әрі жұмсақ, тура бетіндегі материалдан жасалған
- Табанының астында – Pop Mart жасырын логотипі бар, УК-жарығының астында ғана көзге көрінеді
Жасанды Лабубуның әдеттегі белгілері
Қаптамасы
- Қораптың беті жылтыр және тегіс емес
- QR-коды бар голограмманың жоқтығы немесе нашар басылған, әрі бұлыңғыр код
- Қоқыс таңбасындағы көрсеткіш – сүйір, төртбұрышты бұрыштармен келеді
- Pop Mart логотипі жалпақ және сапасыз болып көрінеді
- Карточкасы, ылғал сіңіргіші жоқ немесе олардың безендірілуі ұқыпсыз жасалған
Ойыншық
- Біркелкі емес бояу, аққан іздер, түстердің күрт ауысуы
- Дөрекі жасалған тері, көзге көрініп тұратын тігістер, шығып тұратын жіптер
- Қатты немесе пластиктен жасалған табан, негізінен бір-бірімен үйлесімсіз
- Тоғыз тіс емес немесе жабысып қалған, саңылаулары бар
- Мұрын УК-шамның астында жарқырамайды
- Табанының астында Pop Mart логотипі жоқ немесе ол бұлыңғыр әрі айқындалмайды
Көз жеткізудің тағы бірнеше қарапайым тәсілі
- Қаптамадағы QR-кодты сканерлеңіз. Ол Pop Mart ресми сайтына сілтеуі тиіс.
- Қорғаныс қабатын өшіріп тастаңыз және соңғы 4 санды ашылған бетке енгізіңіз – жүйе өнімнің түпнұсқалығын растайды.
- Ойыншық пен қаптаманы ресми сайттағы фотосуретпен салыстырыңыз немесе тексерілген сатушылардан сұраңыз.
- Сатушыдан құжаттарды сұраңыз: чек, сертификат немесе тапсырысты растау.
Сатып алмастан бұрын күдікті Лабубуны ажыратудың жолы
- Маркетплейстерде ресми дистрибуциясыз сатылады
- Instagram немесе Telegram желілеріндегі аккаунт верификациясыз және кері байланыссыз келеді
- Пікірлер, сайт, байланыс үшін ақпараттың болмауы
- Pop Mart ресми сатушыларымен салыстырғанда бағаның әлдеқайда төменірек болуы
- «Қытайдан көтерме сауда бағасымен түпнұсқаны әкелу» туралы уәде берілсе, бұл шындыққа сай келмейтін уәде
Қорытынды
Түпнұсқа ойыншық – бұл жұмсақтық, ұсақ-түйек нәрселерге деген ұқыптылық пен қаптамасын ашудан болатын нағыз ләззат. Ол көңіл-күй сыйлайды және өз ақшасына тұрарлық дүние екені рас. Жасанды нұсқасы ұқсас болуы әбден мүмкін, дегенмен басты нәрсе – сиқырлық сезімі.
Ойыншықты саналы түрде сатып алыңыз: бөлшектерге мән беріңіз, жеңілдікті қуаламаңыз және сенімді сатушыларды таңдағаныңыз абзал.