Темекідегі қандай заттектер шынымен ағза үшін зиянды - Лайқос

Темекідегі не нәрсе шынымен зиянды?

Темекі тартудың зияны туралы сөз қозғалғанда адамдар көбінесе никотиннен болатын зиянды талқылап бастайды. Аурулардың, тәуелділіктер мен өлім-жітімнің басты себебі ретінде дәл осы никотинді қателесіп атап жатады. Саясаткерлер, қоғамдық белсенділер, ал кей кездері журналисттер де нақ осы заттекке баса назар аударады. Алайда ғылым мен медицинаға жүгінетін болсақ, онда бірден басты қауіп никотинде емес, темекінің жану өнімдерінде екеніне айқын көз жеткіземіз.

Удың мыңдаған түрі: шылымқұмар түтінмен бірге нені жұтады

Темекі жанған кезде 7000 астам химиялық қоспаларды бөледі, сондай-ақ олардың кем дегенде 70-і канцерогенді деп танылған. Бұл токсиндердің және олардың адам денсаулығына деген әсерінің жүйелі есебін жүргізіп жатқан Американдық онкологиялық зерттеулер қауымдастығының мәлеметтері. Соның ішінде ең қауіптілері мыналар:

  • Шайыр – өкпеге шөгіп, сіңіп қалады да, альвеолаларды бітеп тастайды және тыныс алу жолдарының қатерлі ісігін қоздырады;
  • Иіс газы – адам ағзасындағы оттегінің жеткізілуін бұзады, осылайша инфаркттар, инсульттер мен созылмалы гипоксия қаупі арта түседі;
  • Бензол, күшәла, кадмий, нитрозаминдер мен формальдегид – ішкі мүшелерді уландыратын, жүрек-қан тамырларының және иммундық жүйелердің жұмысын нашарлататын заттектер.

Никотин қатерлі ісікті емес, тәуелділікті тудырады

Мына бір жайтты түсінген маңызды: никотин – бұл тәуелділікті тудыратын темекінің табиғи алколоиді, дегенмен ол онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларының себебі болып саналмайды. Ол канцерогендер тізіміне кірмейді. Басты қателік қоғам ішіндегі пікірталастың никотинге қарсы күрес жүргізуге ығыстырылып, шын мәнісінде өлтіретін – түтін мен жану өнімдерін елемеуде жатыр. Алайда дәл осы нәрселер шылымқұмарлар арасындағы өлімнің басты себепшілері болып отыр.

Зиянды төмендетуге бола ма? Иә – егер түтіннің түзілуіне жол бермесеңіз

Егер адам әзірге темекі тартудан біржолата бас тартуға дайын болмаса, қисынды балама нұсқасы бар – жану үдерісі жоқ өнімдерге ауысу, олар уытты түтінді түзбей, никотинді жеткізеді. Бұл хиттерлер, не болмаса никотиндік жабыстырғыштар мен сағыз болуы мүмкін.

Ғылыми шолулар көрсетіп отырғандай, мұндай өнімдер темекімен салыстырғанда зиянды 95% дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл олардың мүлдем қауіпсіз екенін білдірмейді, дегенмен олар ең бастысы – түтінмен бірге түзілетін канцерогендерді жұтуға жол бермейді.

Қорытынды

Темекінің негізгі түйткілі – бұл никотин емес, оның жануы барысында пайда болатын заттектерде жатыр. Шайыр, тұншықтырғыш газ, әрі мыңдаған токсиндер – міне, денсаулықты құртатын осылар. Егер сіз шылым шегуден бас тартуға дайын болмасаңыз, онда зияны анағұрлым азырақ балама нұсқаны таңдай отырып, зиянды төмендеткеніңіз абзал. Темекі тарту туралы әңгіме дақпырттарға емес, ғылыми деректерге негізделуі тиіс. Тек осылай ғана миллиондаған адамдардың денсаулығына нақты әсер етуге болады.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.