Темекі шеккің келгенде не істеу керек және немен алдануға болады - Лайқос

Темекі тартудың орнына не істеуге болады: немен ауыстыруды іздейік

Ең бір қиын үдерістердің бірі – темекі шегуден бас тарту, әрі бұл психология тұрғысынан ғана айтылып тұрған жоқ. Егер адам өз уақытының кейбір бөлігін темекі тарту үзілістеріне арнауға әбден үйренген болса, шылымды тастаған кезде көңілін немен алдауды және темекі тартуды немен алмастыруға болатынын біле бермейді. Лайқос балама нұсқаны іздеп көрді.

Ішу, бірақ ішпеу

Темекіден бас тарту барысындағы алғашқы апталар қиынға соғатыны сөзсіз. Адамға көбінесе шылымды тастауға психологиялық әдеттенушілік кедергі етеді, ал кейбіреулерге үдерістің өзі ұнайды. Әлдебіреулер аталмыш үдерістен кенет бас тартуға асықпайды – алдымен никотинді алмастыратын терапия (мәселен, жабыстырғыштар) немесе темекіні қыздыруға арналған жүйелерге көшуге бел буады. Зерттеулерге сүйенсек, мұндай жүйелер адам ағзасына деген теріс ықпалды төмендете түседі, өйткені мұндағы темекі жанбайды, ол тек 350 °C дейін ғана қыздырылады, салыстырмалы түрде алатын болсақ, кәдімгі темекі 1000°C дейін қызады. Сонымен қатар қол, киім, шаштан жағымсыз иіс те жойылады.

Осы жолды айтарлықтай жеңілдете алатын басқа да әрекеттер бар:

  • кофе ішкенді азайтыңыз – оны уақытша болса да, шөп шайларына алмастырғаныңыз абзал;
  • таза суды көбірек ішіңіз;
  • дәрумендерді қосыңыз: дәл қазір С, В1, В12, А, D, Е дәрумендері көмектеседі, кальций де артықтық етпейді;
  • темекі тартуға итермелейтін жағдайлардан – достарыңыздың ортасында алкоголь ішіп отыру, қатты стреске ұшырау, шамадан артық тамақ ішу, әріптестеріңізбен темекі тартуға арналған үзілістерден аулақ болыңыз;
  • физикалық және ақыл-ой жүктемесін алмастырып отырыңыз, таза ауада серуендеу және тыныс алу жаттығулары маңызды;
  • қол мен басты алдандыруға мүмкіндік беретін басқа әдеттерді қалыптастырыңыз.

Темекі тартқыңыз келсе, не істеуге болады

Егер жұмыста болсаңыз немесе көшеде келе жатқаныңызда темекі тартқыңыз келіп, әрі дәл қазір сурет салу мүмкіндігі болмаса, қалтаңызда келесі заттардың біреуін ұстап жүргеніңіз абзал:

– Ойыншық-антистресс. Қазірде олардың кез келген талғамға сай келетін түр-түрі кездеседі – басуға, езуге болатын, әрбір жағында қосқыштары, батырмалары бар текшелер… Бұл тек қалтаңыздың өлшеміне ғана байланысты жайт. Осы тұста тым кішкентай балаларға арналғандарын алмаудың екі себебі баршылық: сіз ойланып қалғаныңызда, қандай да бір жиналыстың ортасында сары сквишті шығару мүмкіндігі бар, не болмаса әлдебір баланың қолыңыздағы ойыншықты алғысы келуі әбден мүмкін. Темекі шегуден бас тарту кезінде мұндай нәрселерге қатты үйреніп кету себебінен, барлық факторларды ескеріп таңдағаныңыз дұрыс.

– Стреске қарсы сақиналар. Бұл антистрестің анағұрлым ересек нұсқасы, көзге көрінбейді, функцияларды орындайды. Бұл қолды алдандыруға ғана емес, сонымен бірге дүрбелең шабуылдары кезінде тыныштануға көмектеседі.

– Рубик текшесі. Қолыңызда жай ғана айналдырсаңыз да, кәдімгідей құрастырып көрсеңіз де болады.

Үй жағдайында темекі туралы ойламаудың ең бір тиімді әдісі ретінде паззлдарды жинау. Олардың еліктіріп әкететіні соншалық, тіпті, темекі тарту туралы тұрмақ, кейде тамақ туралы да ұмытып кетуге болады. Осындайда уақыт байқалмай зымырап өтеді, ал біз темекіні неғұрлым ұзақ шекпесек, одан құтылу да анағұрлым жеңіл болмақ.

Сол секілді Lego конструкторлары (ересек адамдарға шығарылатын керемет нұсқаларын көрсеңіз ғой, шіркін!) және нөмірлер бойынша салынатын суреттер де көмектесе алады. Үйіңізде ермек ісіңізге арналған бір орынды ұйымдастырыңыз, әрі сағатты алшақ жерге қойып, басқа әлемге шомып көріңіз.

Қол және баспен жұмыс істеу көңілді сергітуде өте тамаша көмектеседі.

Темекі тарту әдетін немен алмастыруға болады

Ауызға қарай бірдеңені апару әдеті бірден кете қоймайды. Шемішке немесе жаңғақтарға көшуге болады (алайда қатты әуестенбегеніңіз абзал – бұл өнімнің екеуі де калорияларға бай болып келеді). Жалпы алғанда бұл кезеңде дұрыс әлденіп алу үзілістеріне арналған өнімдердің қол астында болғаны жақсы: мәселен, сәбіз немесе алма тілімдері, кептірілген жемістер. Егер көмектессе, таяқшадағы мұз кәмпиттерді де алсаңыз болады, олар ұзаққа жетеді. Сағыз бен мұз кәмпиттерінің қантсыз түрлерін алуға тырысыңыз, бұл темекі тартуға деген ұмтылысты азайтады. Никотиндік жабыстырғышты да сатып алуға болады – бұл көптеген адамдарға көмектеседі екен, алайда тек қана жоғарыда көрсетілген шарттарды сақтаған жағдайда. Тағы да бір нұсқа – қыздыру жүйелері: иісі әлдеқайда азырақ, денсаулық үшін зияны төменірек және темекі шегуден бірте-бірте, дегенмен толық бас тартуға көбірек мүмкіндік беретін құрылғылар.

Жораны алмастырыңыз

Жұмыс орныңыздан тұрып, әріптестеріңізбен жиналып, темекі тарту үзілісіне шығу – бұл жора. Темекіден сәті бас тарту үшін өзіңізге басқа бір дәстүрді ойлап табыңыз. Шөп шайларын құйып алуға болатын ыңғайлы және әдемі шыныаяқты сатып алуға кеңес береміз. Осы үдеріс те шамамен темекі тартуға кететін уақытты алып отырады, дегенмен тұрақты түрде болатын ішу тәртібі – бұл да бас тарту барысының бір бөлігі болып келеді.

Бұл тұста тағы да бір жайт баршылық: темекі тартатын компаниялардан алшақ болсаңыз, сіз өзіңізге жаман әдеттен арылуға көмектесесіз.

Сонымен

Шылым тарту денсаулыққа кері әсер ететінін баршамыз білеміз. Толықтай бас тартуға дейінгі жол мүлдем қарапайым және жылдам еместігі анық. Дегенмен осы әдеттің баламасын іздеңіз, темекі тартудың орнына не істеуге болатыны туралы ойланып көріңіз, жеке өзіңізге шылым шегуден құтылуға септесетін ең тиімді тәсілдерді таңдағаныңыз абзал.

Как вы оцените статью?
[Total: 2 Average: 3.5]