
Темекі тарту мен торығу: темекі түтінінің психикаға әсері
Әрбір адамның өмірінде қандай да бір қиын кезеңдер болады. Мұндай уақытта біреулер түскен салмақты жеңілдету үшін алкогольді жиірек тұтынады, ал басқалары – қысқа мерзімді жеңілдікті сезіне отырып, әдеттегіден көбірек темекі тартып бастайды. Алғаш қарағанда бұл күйзелісті еңсеруге және көңіл сергітуге көмектесетін сияқты болып көрінеді. Алайда келесі бір жайт туралы ойланатындар кемде-кем: ал осы бір жаман әдеттің өзі психикалық жай-күйді нашарлатып жіберуі мүмкін бе? Лайқос депрессияны қалай айырып тануға болатыны мен темекі тарту шын мәнінде оның себебі бола ала ма екендігін анықтады.
Депрессия дегеніміз не
Жабырқаңқы көңіл-күй баршамызда болады. Біз біреумен айырылысқаннан кейін мұңға берілуіміз, жұмысқа байланысты уайымдауымыз, қатты күйзелістен кейін бейжайлықты сезінуіміз бек мүмкін. Бұл психиканың қиын жағдайларға деген қалыпты реакциясы.
Алайда депрессия – бұл психикалық бұзылыс, әрі оның белгілері ұзақ уақыт сақталады және кәдімгі өмірге кедергі келтіреді.
Не нәрсеге назар аудару керек:
- тұрақты мұң, мағынасыздық немесе жабырқаңқылық сезімі;
- бұрын қуаныш сыйлаған заттарға деген қызығушылықты жоғалту;
- тіпті, кішігірім жүктемелерден кейін де қатты шаршау;
- ұйқыға байланысты түйткілдер – ұйқысыздық немесе, керісінше, үнемі ұйқышылдық;
- тәбеттің өзгеруі;
- кінәлік, жеке пайдасыздық сезімі;
- зейін қоюдағы қиындықтар;
- үмітсіздік сезімі;
- мазасыздық пен ашушаңдық;
- өлім немесе өз-өзіне зиян келтіру жайындағы ойлар.
Егер мұндай белгілер екі аптадан астам уақыт сақталса, әрі өмір сүруге кедергі етсе, демек бұл маманның көмегіне жүгіну керектігін білдіретін себеп. Диагнозды өз бетімен қоюдың қажеті жоқ.
Темекі миға және көңіл-күйге қалай әсер етеді
Темекі түтіні миға бірден бірнеше бағыт бойынша әсер етеді: созылмалы қабынуды күшейте түседі, мидың оттегімен қамтамасыз етілуін нашарлатады, көңіл-күйге байланысты нейромедиаторлардың жұмысын бұзады, әрі жүйке жүйесінің жалпы ресурсын бірте-бірте азайтады. Осының салдарынан адам шаршағандықты, мазасыздықты, енжарлық пен эмоциялық тұрақсыздықты жиірек сезінуі мүмкін.
Жуырда 170 мың адамның қатысуымен жүргізілген зерттеу көрсеткендей, темекі тарту депрессияға деген бейімділікті орта есеппен алғанда 50% арттыруы ықтимал. Сонымен бірге шылым тарту психикалық бұзылыстардың салдарынан ауруханаға жатқызу қаупін бір жарым есеге арттыратыны және депрессияның, биполярлық бұзылыс пен шизофренияның даму қаупін жоғарылатады.
Адам шылым шегуді жалғастыра берсе, депрессияны емдеуге бола ма?
Егер адам әзірге жаман әдетінен бас тартуға дайын болмаса, демек, көмектің пайдасы болмайды. Әдетте емдеу психотерапияны, ал қажет болған жағдайда, яғни, дәрігер тағайындайтын болса, медикаментозды қолдауды да қамтиды. Сонымен бірге ұйқыны реттеу, мазасыздықпен жұмыс істеу, физикалық белсенділік пен залалды әдеттердің әсерін біртіндеп азайтудың да маңызы аса зор. Негізінен адамның эмоциялық жағдайы жақсарған сайын оның темекі шегуден бас тартуға қарай қозғалу үшін көбірек күш, ресурс пен мотивация пайда болады.
Адам ағзасы үшін зиянды тағы да қалай азайта аламыз? Балама нұсқа ретінде хиттерлерді қарастыруға болады. Мұндағы темекі жанбайды, тек қана қыздырылады, осының арқасында тұншықтырғыш газ шамамен 98% азырақ түзіледі және темекімен салыстырғанда басқа да зиянды заттектердің деңгейлері де анағұрлым төмен болып келеді. Дегенмен шылым шегуден біржолата бас тарту әлі де денсаулық үшін ең жақсы нұсқа болып қала бермек.
Темекіден артық күйзеліссіз арылудың жолы қандай?
Әмбебап сценарий жоқ. Біреулерге кенет бас тарту қолайлы болса, басқаларына – бірте-бірте қысқартқан ыңғайлы. Көбіне-көп жеке триггерлерді түсіну – мәселен, күйзеліс, жалғыздық, тамақтан кейін немесе кофемен бірге темекі тарту әдеті ме екендігін ұғыну көмектесе алады. Бұл тұста психотерапевтпен жұмыс істеу септесуі мүмкін.
Темекі тарту рәсімінің өзін алмастыру да аса маңызды: серуендеумен, стақан сумен, тыныс алу жаттығуларымен немесе көңілді сергітуге және жүктемені азайтуға көмектесетін кез келген әрекетпен алмастыруға болады. Кейбір жағдайларда дәрігер НАТ (никотиндік сағыз, жабыстырғыштар мен спрейлер) емдеуді ұсынуы мүмкін.