Шылымды тастаудың жолы: шылымнан арылғандардың шынайы кеңестері мен пікірлері - Лайқос

Темекіден қалай арылдым: шынайы хикаялар

Темекіні тастау — бұл көптеген адамдардың тап болатын, дегенмен оған қарсы барлығы бірдей төтеп бере алмайтын нағыз сын-қатер. Қазақстандағы темекі тартуға байланысты жағдай үрейлі болып қала беруде: соңғы мәліметтерге сүйенсек, халықтың 19,4% белсенді шылымқұмарлар болып келеді. Сонымен бірге барған сайын шылым шекпейтін адамдар да темекі түтінінің әсеріне душар болуда, өйткені одан үйде де, жұмыста да, тіпті, қоғамдық орындарда да жасырыну мүмкін емес.

Лайқос жобасы жаман әдетінен біржолата бас тартқан және өз хикаялары әрі кеңестерімен қазіргі уақытта никотиндік тәуелділікке қарсы күресті жүргізіп жатқан жандармен бөлісуге дайын адамдармен әңгімелесті.

Андрей Олесько

Менің есімім Андрей, 35 жастамын, 4Dclick IA интернет-агенттігінің жетекшісімін. Хобби – саяхаттау, фильмдер, сериалдар, IT және көптеген басқа да ермек істер (тек пәтерімдегі екі жылға созылып кеткен жөндеуден басқаның бәрі).

Сіз қанша жыл темекі шектіңіз, қашан бастадыңыз және қалай тастадыңыз?

Мен 13 жасымнан бастап темекі тарттым. Ара-арасында темекіні тастауға талпынып та жүрдім – бірнеше апта, айлар, жартыжылға дейін. Әсіресе жүзумен айналысқан кезде. Қазір шылым шекпей жүргеніме 1026 күн болды. Мұны «Темекі тартпаймын!» қосымшасы арқылы қадағалаймын. Ол қызықты бір статистиканы беріп отырады – мәселен, ағзаның никотиннен қалай тазаратыны, қанша ақша үнемдегенімді көрсетеді. Бұл да қызық әрі оқтын-оқтын көмектесіп тұрады.

Сіз күніне қанша темекі шектіңіз?

Мен күніне 20, ал кейде, тіпті, 25 тал темекі тартатынмын. Жүйкені тоздыратын немесе мерекелік күндері 30 данаға дейін де жететін еді.

Денсаулық үшін салдары қандай болды?

Жаттығулардан кейін киім ауыстыратын бөлмеге оралғанда киімімнен шығатын жағымсыз иіс әлі күнге дейін есімде. Сол кезде мен дәрі-дәрмектерді қабылдап жүрдім («Табекс») – олар «сынуды» төмендететін еді, мен шылым шегуді тоқтаттым, бірақ ашушаң болатынмын және жақындарымның алдында сабырлылықты сақтамаған жағдайларым да болған. Күннің орта тұсында кенет басым ауыра бастайтын. Кейде қан қысымы көтерілетін. Ентігу пайда болған. Темекіден болатын уәделі тыныштық сол беті келмеді (бір құпияны ашайын – ол ешқашан келмейді де, бұл жай ғана өзін-өзі сендіру). Қалқанша безіне байланысты түйткілдер пайда бола бастады. Тахикардияның салдарынан, тіпті, өрге шығудың өзі қиынға соғатын.

Ағзаға деген зиянды төмендетудің қандай да бір талпыныстары болды ма?

Темекіден құтылудың тағы бір кезекті әрекетінен кейін хиттерлерге ауыстым. Сол кезде олан енді ғана пайда болған еді – сатушылар кеңселерді аралап, тегін сынап көруді ұсынатын. Маған үсті-басымнан шығатын темекі иісінің жоқтығы ұнады. Яғни, иістің 15 минуттан соң ғайып болатыны. Таңертеңгі қақырынудың аяқталғаны (жарты жылдан кейін қайта оралды). Темекіні қыздыруға арналған жүйелерді спортпен бірге қолдану жеңілірек болатыны көңілімнен шықты – иә, темекісіз жолмен салыстырғанда нәтижеге қол жеткізу әлдеқайда ұзағырақ болады, дегенмен бәріне де қол жеткізіледі.

Темекіні тастауға не көмектесті?

Шылым шегу – бұл тәуелділік. Мен темекі нашақорымын әрі осыны мойындаймын. Осыны мойындау мәселені ұғынуда алғашқы қадамымды жасауға көмектесті. Содан кейін жан дүниемді ақтардым: қағаз бетіне өзімнің қалауларымды, әрі шылымқұмардың қалауларын түсіріп, бөліп бастадым. Осылайша өзімді түсініп, темекі тартқым келмейтінімді жете түсіндім. Осыдан кейін барып триггерлерді ажыратуды үйрендім – яғни, шылым шегуге қатты итермелейтін оқиғаларды тануды дағдыландым. Мәселен, кофе ішкеннен кейін. Ұшақ немесе пойыздан кейін. Осы әдеттерге жол бермедім. «Темекі шегуден құтылудың оңай жолы» және «Темекі тарту шаршатты» кітаптарын оқыдым. Сонымен бірге тәуелділіктерге маманданатын психологтың қабылдауына жазылдым – осылайша темекі тартумен күресімді бастадым.

Темекі шегуден арылғысы келетіндерге қандай кеңес берер едіңіз?

Баршаға шылым шегудің неге әкеліп соқтыратыны (Денсаулық сақтау министрлігі алдап отырған жоқ) және жақындарыңызға қалай ықпал ететінін нақты түсіне отырып, саналы түрде темекі тартуды ұсынамын.

Филипп Некрасов. 30 жас, жарнама агенттігінің жобалар бойынша аға менеджері. Хобби – велоспорт, туризм, балық аулау. Уақытымды табиғат аясында өткізуді және жаңа орындар, тағамдар мен қалаларды зерттегенді ұнатамын.

Сіз қанша жыл темекі шектіңіз, қашан бастадыңыз және қалай тастадыңыз?

Темекі тарту «өтілі» – төрт жыл, 25 жасымда шылым шегуді бастадым. Бір жылдан астам уақыт бойы темекі тартпаймын, шамамен бір жыл және 2 ай болды. Кезінде шағын үзілістер жасаған кездерім бар, өйткені темекіні тастау деген нақты мақсатты қоймадым. Алайда былтыр шылым шегуді доғарамын деп шешім қабылдадым да, содан кейін темекіні қолыма да алмадым.

Сіз күніне қанша темекі шектіңіз?

Әртүрлі, бірнеше тал темекіден бастап бір қорабына дейін, бұл достарыммен бас қосқан кезде немесе қарбалас күндерде болатын.

Темекіні тастауға не көмектесті?

Мен шағын бір туристік жорыққа шыққанмын, бір кезде қаншалықты әлсіреп кеткенімді және өзімді артық тамақ, алкоголь және темекімен тым еркелетіп жібергенімді түсіндім. Өзімді және өмірімді қолға алуға шешім қабылдадым да, тамақтану мен әдеттеріме байланысты өзімді қадағалай бастадым. Темекі тарту таңылған стилімен қызықтырған еді, яғни, бұл керемет көрінетін, бұл бір дәстүр іспетті, тап сол темекімен сен қандай да бір сәтті анағұрлым жақсырақ есте сақтайтындайсың, одан ләззатқа бөлене алатындайсың. Бірақ бұл мүлдем олай емес.

Денсаулық үшін салдары қандай болды?

Ауыздан шығатын жағымсыз иістің де, тістік өңездің де нақты болғаны анық. Сол секілді саусақтардың ұшынан да үнемі иіс сезілетін. Кей кездері жүрек соғысы жиілеп кететін, алайда мұның темекі тартуға байланысты екендігіне сенімді емеспін.

Ағза үшін зиянды қалай төмендеттіңіз, спортпен айналысуға тырыстыңыз ба?

Велосипед және табиғат аясына жорықтармен қатар қолдандым. Жалпы темекінің өзі қатты әсер етпеді, алайда алкоголь және көп мөлшердегі тамақ қосылған кезде бұл денсаулық үшін қауіпті болатыны сөзсіз.

Темекі шегуден арылғысы келетіндерге қандай кеңес берер едіңіз?

Барлық жақсы және жаман жақтарын ақылға салып көріңіз. Сонда сіз жақсы жақтарының жоқ екендігін түсінесіз. Адамға берілетін өмір біреу ғана, әрі оны зор денсаулықпен кешуге не жетсін, ең болмағанда, өзімізге қатысты жағдайларда салауаттылықты таңдайық.

Менің есімім Оксана Давыдова. Мен 42 жастамын. Астанада тұрамын және жұмыс істеймін. Журналистпін. Ұлым және мысығым бар).

Сіз қанша жыл темекі шектіңіз, қашан бастадыңыз және қалай тастадыңыз?

Мектеп қабырғасында-ақ «бұзақылық» жасай бастағанмын, 15 жасымнан темекіні бір-бір талдан сатып алатын едік. Ол кезде солай алуға болатын. Жалпы алғанда тәжірибем шамамен 20 жылға жуықтайды. 4,5 жылдай темекі тартпаймын. Жүктілік кезінде темекіні тастадым, яғни, осыдан 13 жыл бұрын, екі жылдай уақыт шылым шекпедім – екіқабат кезімде және баламды емізген кезең аралығында.

Сіз күніне қанша темекі шектіңіз?

Ең көп шеккенім – күніне бір қорап, яғни, 20 тал темекі.

Темекіні тастауға не көмектесті?

Есейдім. Денсаулығымның жағдайын жете түсінуім көмектесті, жас ұлғайған сайын оның жақсармайтынын, керісінше, нашарлайтынын ұғындым, ал мен болсам, ағзама темекі тарту арқылы тағы да түйткілдерді қосып отырмын.

Денсаулық үшін салдары қандай болды?

Ұйқысыздық, ентігу, ауыздан шығатын жағымсыз иіс және жалпы алғанда, шылым шеккеннен кейін қолым мен бетімнен темекінің иісі кетпейтін, никотиннің салдарынан бүлінген тістер, буындарға әсері, тері реңкінің бүлінуі, таңертеңгі ісіну, дәм мен иіс сезу рецепторларының бұзылуы және т.с.с. Қазіргі уақытта мен әлемді анағұрлым жарқынырақ және жақсырақ сезінемін, шынайы түрде десем болады, темекі дәмі мен түтінсіз.

Темекі тарту мен спортты қатар қолдандыңыз ба? Өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Жиіркенішті. Жүзумен айналысу үшін бассейнге барып жүрдім және әрбір жаттығудан кейін өлетін шығармын деп ойлайтынмын: өкпем тура кеудемнен шығып кете жаздады, сұмдық ентікпеге тап болдым, сондай-ақ түтіннің салдарынан өкпе ішінде тұрып қалған барлық «қақ» көтерілетін еді, әрі тынысымды балғын деуге келмейтін – жалпы алғанда жағымды жақтары аз болды.

Темекі шегуден арылғысы келетіндерге қандай кеңес берер едіңіз?

Өзіңізге, әрі өз денсаулығыңызға қамқорлық танытыңыз. Өмір жалғыз, сіз де өзіңізде біреусіз. Сіз олигархтарды асырау және сіздің арқаңызда пайда тауып отырған дүкендерді құтқаруға міндетті емессіз. Есіңізде болсын: олардың тек қана бір мақсаты бар – кез келген жолмен ақша істеу және сізден барынша көп қаражатты алу. Ал қалғанына олар пысқырып та қарамайды. Сіздің теріңіз де, сіздің буындарыңыз да, сіздің тістеріңіз де оларға керек емес. Сіз өліп қалуыңыз мүмкін, алайда оларға бәрібір болмақ, олар өзінің ақшасын әкеліп тұруға даяр басқа бір бейшараны қиналмай-ақ тауып алады.

Артем Ким, 26 жастамын. Маркетинг саласында медиабайер болып жұмыс істеймін. Фотосурет пен психологияға қызығамын.

Сіз қанша жыл темекі шектіңіз, қашан бастадыңыз және қалай тастадыңыз?

Темекі тарту өтілі – сегіз жыл. Шылым шегуді 16 жасымда бастадым. Екі жылдан бері темекі тартпаймын. Шылымнан құтылуға сан рет талпыныс жасағанмын. Былай қарасам, есіңе де түспей қояды екен. Алайда өте қиын болғаны рас – әр тастаған сайын темекіге қайта оралатынмын.

Сіз күніне қанша темекі шектіңіз?

Бұрын күніне бір қорабын тартатын едім, ал ерекше күйзелісті кезеңдерде екі қорапқа дейін жететін.

Темекіні тастауға не көмектесті?

Жалпы алғашқы кездері басқа нәрселерге көңіл аудару көмектесіп отыратын. Тәуелділік – бұл, бірінші кезекте, психологиялық байланыс, сондықтан мұндағы менің компенсациям тамаққа ауысты.

Денсаулық үшін салдары қандай болды?

Бәлкім, темекі тартудан болатын ең айқын және көзге көрінерлік жайсыздық – бұл мазасыздық пен жүректің девиантты мінез-құлқы шығар. Парадоксалды көрінгенімен, шылым шегу стрестен мүлдем құтқармайды, қайта оны күшейте түседі.

Менің есімім Жасмин. Мен маркетологпын, сондай-ақ нысаналы және мәнмәтіндік жарнама бойынша жобаларды жүргіземін.

Сіз қанша жыл темекі шектіңіз, қашан бастадыңыз және қалай тастадыңыз?

Темекі тартуды университеттің екінші курсында, өмірімде болған бір күйзелісті жағдайдан кейін бастадым. Сонда досым шылымды ұсынып, былай деп айтқаны есімде: “Осыдан кейін жеңілдеп қаласың”. Келесі күні темекінің алғашқы қорабын сатып алдым. Жалпы шылым шегу өтілі – сегіз жыл. 2022 жылдың шілде айында мен темекіні тайстаймын деп бел будым, өйткені бұл әдетке аса қатты тәуелді екенімді сезіндім. Шамамен 15 реттей темекі шегуден бас тартуға талпыныс жасағаным бар. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып көрдім: бәс тігісу, уәде беру, ерік-жігерімді тексеру деген сияқты және т.т.

Сіз күніне қанша темекі шектіңіз?

Күніне екі қорапқа дейін жеткен еді.

Темекіні тастауға не көмектесті?

Нәтижесінде мынадай комбоның арқасында тастай алдым: никотиндік тәуелділікті емдеуге арналған дәрі + ерік-жігер.

Денсаулық үшін салдары қандай болды?

Басым қатты ауыра бастады және түнде қатты жөтел пайда болған, осыдан кейін темекі шегуден бас тарту туралы ойланып қалдым.

Темекіні қалай тастадыңыз және ол үшін нені қолдандыңыз?

Балама нұсқалардың барлығын дерлік сынап көрдім – темекі, орама шылым, ТҚЖ, вейп, бір реттік темекі. Дегенмен, мақсатым шылымнан біржолата арылу болған.

Темекі тарту мен спортты қатар қолдандыңыз ба? Өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Жоқ. Қазір мен жүгірумен айналысамын. Әрі алғаш рет жүгіріп бастағанға дейін жарты жылдай уақыт темекі тартпадым. Өкпем рахметін айтты.

Темекі шегуден арылғысы келетіндерге қандай кеңес берер едіңіз?

Сізді әлдебіреу мәжбүрлегендіктен емес, шын көңілмен темекі шегуден өзіңіз бас тартуға ниет білдіруіңіз керек, әйтпесе бұдан ешнәрсе шықпайды. Егер мұны қаламасаңыз, онда өзіңізді қинамағаныңыз жөн, әрі қарай темекі тарта беріңіз. Сіз уақыттың келгенін өзіңіз-ақ түсінесіз. Әрі маған сенсеңіз, бұл шын мәнісінде сіз ойлағаннан да әлдеқайда жеңілірек.

Менің есімім Владислав. Мен 23 жастамын. Турагентпін, Алматыда тұрамын және жұмыс істеймін.

Сіз қанша жыл темекі шектіңіз, қашан бастадыңыз және қалай тастадыңыз?

Жеті жыл темекі тарттым, тоғызыншы сыныпта бастағанмын. Шамамен екі жылдай уақыт шылым шекпей жүрмін, осы бір залалды әдетпен қоштасуға сан рет талпыныс жасадым.

Сіз күніне қанша темекі шектіңіз?

Бірден қораптың біреуін сатып алып, соны бір күнде бітіретін едім, алайда уақыт өте келе бір қорап жетпейтін болды – сол кезде қауіптене бастадым.

Темекіні тастауға не көмектесті?

Бұл істі доғаруға маған әскер көмектесті. Ол жерде бұл қиынға соқпады. Әскери емес өмірде де осыған деген алғышарттар болған, дегенмен ерік-жігерім жетпеді. Әскерден келген кезімде ескі әдеттеріме қайта оралмайтынымды түсіндім.

Оған қоса темекі тартудың менің денсаулығыма тигізетін әсерін ұғынуым да көмектесті, әрі өмірімді баяу түрде уландырып жатқан түк пайдасы жоқ әрекеттен біржолата бас тарттым.

Денсаулық үшін салдары қандай болды?

Шылым шегу өтілінің ұлғаюымен бірге ұйқысыздық, ентігу, темекі тартып болған соң ауыз бен үсті-басымнан шығатын жағымсыз иіс, таңертең болатын ісінулер, дәм мен иіс сезу рецепторларының бұзылуы және т.с.с. белгілерді байқай бастадым.

Темекі тарту мен спортты қатар қолдандыңыз ба? Өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Сұмдық. Таңғы жүгіруге шығатынмын және спортзалға баратынмын, сонда әрбір жаттығудың барысында және жаттығу біткеннен кейін өлетін шығармын деп ойлайтын едім: өкпем басылып қалғандай көрінетін, әрі сұмдық ентікпе пайда болатын. Өкпемнің түбінен түтіннің салдарынан қақырық көтеріліп, сондағы тыныс алуымды жеңіл деуге келмейтін. Жағдай әлі де жақсартуды талап етті.

Темекі шегуден арылғысы келетіндерге қандай кеңес берер едіңіз?

Өзіңізді күтіңіз және бұл денсаулығыңызды нашарлатып, қаражат пен жүйкеңізді тоздыратынын түсінгеніңіз абзал. Бұл сізге қажет пе?

Қорытынды

Әртүрлі тәсілдер мен мотивацияның себептеріне қарамастан, барлық кейіпкерлеріміз де мына бір пайымға келіп отыр: батылдық және қолдау негізгі рөл атқарады. Темекі шегуден бас тарту – бұл әшейін ғана жаман әдеттен арылу емес, бұл денсаулық, еркіндік және жаңа мүмкіндіктерге деген жол, алайда ол әрдайым жеңіл бола бермейтіні хақ. Жылдар бойы қалыптасып келген әдет физикалық тұрғыдан, сол секілді психологиялық деңгейде де қатты ықпал етуі бек мүмкін.

Никотиндік тәуелділік пен темекі тартуға байланысты жоралар көбінесе одан біржолата бас тарту үдерісін қиындатады. Мұндай жағдайда темекіні қыздыруға арналған жүйелер, не болмаса хиттерлер маңызды аралық қадамға айналуы әбден ықтимал. Олар шылым шегуді кенет тоқтатуды талап етпейді, алайда адам ағзасына зиянды заттектерден келтірілетін әсерді айтарлықтай төмендетеді. Дәстүрлі шылыммен салыстырғанда хиттерлер темекіні жақпайды, әрі бұл уытты заттектер мен канцерогендердің түзілуін азайтады.

Егер сіз темекі шегуден арылу туралы ойланып жүрсеңіз, бәрі де мүмкін екендігін, әрі көптеген адамдар осы қадамды жасай алғандығын қаперіңізден шығармаңыз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]