Темекі шегудің әйел денсаулығына әсері: сұлулықтан бастап ұрықтылыққа дейін

Ханымға бір темекі беріңізші?

Әйел үшін шылым шегудің зиянын әрбір пункт бойынша зерттедік

Әйел денсаулығы және шылым шегу – негізінде қиылыспауға тиіс ұғымдар. Әттеген-ай, өмірде бәрі басқаша ғой. Сондықтан мәселені қарастырып, қорытынды шығарып, жанатын темекінің орнына біршама саламатты баламасын іздеп көрейік.

Бүгінгі таңда шылым шегудің зияндылығын ешкімге дәлелдеп отырудың қажеті жоқ. Сондықтан денсаулығын бағалайтындардың барлығын темекі қорабын әрегірек бір жерге жылжытып қойған абзал. Ең болмағанда, тәуекелді азайту мақсатында никотинді жеткізетін электронды жүйелерге көшкен жөн. Әрине, олар комсомол қыздың көз жасындай пәк емес шығар. Дегенмен шылымға қарағанда темекіні жандырмайды, яғни, зиянды түтінді шығармайды. Сондықтан да темекіні қыздыру жүйелері денсаулығымызды құртатын заттардың 95% дейін төмен мөлшеріне ие. Ал ер адамдарға қарағанда әйелдерде осы туралы ойланудың бірнеше есе көп себебі бар.

 

ӘЙЕЛДЕР ҮШІН ТЕМЕКІНІҢ ЗИЯНЫ

Темекі түтінінің уларынан әйел ағзасы әлдеқайда көбірек зардап шегеді. Әйелдер шылым шегуге тез бейімделіп, әрең дегенде тастайды. Ағзаның барлық жүйелеріне қауіп төнеді.

 

Темекі тарту инфаркт пен инсульт қаупін арттырады. Тыныс алу мен ас қорыту мүшелерінің ауыр сырқатына әкеліп соқтырады. Орталық жүйке жүйесі жұмысын бұзады. Ауыз қуысының қалыпты микробтық тепе-теңдігі бұзылады – осыдан барып ауыз құрғақтығы, стоматиттер, тісжегісі пайда болады.

 

Сонымен қатар шылым шегу әйелдерде остеопороздың дамуына үлкен әсер етеді. Шылым шегетін әйелдің ағзасында сүйек тінінің минералды тығыздығы әлдеқайда төмен, бұл дегеніміз көптеген сынықтарға апаратын тура жол.

 

Алайда ең қорқыныштысы – темекі түтінінің концерогендері (хош иісті көмірсутектер, ерекше нитрозаминдер, радиоактивті элементтер) патологиялық тұрғыдан өзгерген жасушалардың көбеюін ынталандырады, яғни, онкологиялық ауруларды қоздырады. Бүгінгі таңда қатерлі ісіктің 12 түрі мен шылым тарту арасындағы байланыс анықталды.

 

Темекінің әйелдерге тигізетін зияны

ТЕМЕКІ ТАРТАТЫН ӘЙЕЛДІҢ БЕТ ЖҮЗІ

Шылым шегу әйелдің денсаулығына ғана емес, сұлулығына да зиянын тигізеді. Әдетте, шылымқор әйелдердің ағзасында біршама ерте қартаю белгілері көрініс табады. Олар өз жасынан әлдеқайда үлкен көрінеді. Аталмыш әдетке деген көпжылдық берілгендіктің нәтижесінде «шылым шегушінің беті» нышанаты пайда болады, оның белгілері келесідей:

 

  • Бет терісі сұрғылт-сары түсті, серпімділігін жоғалтқан әрі пергаментке ұқсас келеді. Бұл темекі түтінінің құрамында коллаген мен эластин түзілуін тежейтін ферменттің әсерінен болады.
  • Көз айналасындағы әжімдер торы мен көз асты ісінуі. Бұл теріге оттегінің үнемі жетіспеуі мен түтіннің көзге түспеуі үшін ұдайы сығырайтудың салдарынан пайда болады.
  • Терідегі ұсақ тесіктердің бітелуі, безеу бөртпелері, қызару. Оттегінің мөлшері жеткілікті болмаса, тіннің қалпына келу үдерісі баяулап, жаралар ұзаққа дейін жазылмай, іріңдейді.
  • Купероз. Оның пайда болуы қылтамыр жақтауларының әлсіреуі, қанайналымның бұзылуы, көктамыр қанының ұйып қалуына байланысты.

 

Темекінің зияны айқын

 

Темекі тарту әйелдердің шашы мен тырнағына да жағымсыз әсер тигізеді. Олар тез сынып, жұқаланады әрі қабыршақтанады. Шаш жылтырлығынан айырылып, түсе бастайды. Ал тіс сарғайып кетеді.

 

СЕН ӨЗІ ҚАНДАЙ АНАСЫҢ

Темекі шегудің ұрпақ әкелу қабілетіне де әсері зор. Бұл анаға да, іштегі сәбиге де зардап тигізетіні анық. Темекі тартудың ықпалынан әйелдің жыныс гормондары – эстрогендер синтезі азаяды. Нәзік жандылардың дәл осы «кішкентай достары» оның жастығы, сонымен қатар денсаулығын сақтайды.

 

Эстрогендердің жетіспеушілігі етеккір циклін бұзып, әрі етеккір уақытында аурушаңдық сезімі күшееді. Анабезінің дисфункциясы пайда болып, бұл күйзелістік несеп ұстамау және мастопатия секілді түйткілдерге әкеледі. Менопауза ерте басталып, жыныстық құмарлықтың деңгейі төмендейді, ал бала көтеру қабілеті жоғалады.

 

Дәрігерлердің пайымынша, кәнігі шылымқор әйелдің бала көтеру мүмкіндігі бір ғана аналық безі бар әйелдің мүмкіндігімен тең. Әйел ағзасындағы аналық жасуша темекі түтіні құрамындағы барлық зиянды заттарды сақтап, ұрықтану қабілетін жоғалтады екен.

Егер әйел жүктілік кезінде темекі шегуді жалғастыра берсе, ол бірқатар салдарға тап болады:

 

  • Шылым шекпейтін әйелдерге қарағанда, темекіні тұтатуды жақсы көретін әйелдерде мерзімінен бұрын босану 2 есе жиі кездеседі.
  • Өлі туудың тәуекелі, әсіресе егіздерге жүктілік кезінде 30% жоғары.
  • Түсік тастау қаупі 1,5 есеге артады.
  • Сәби туылғанда көбіне салмағы аз болады.
  • Физикалық (жүрек, бауыр, бүйрек, ас қорыту жолдарының патологиялары) және ақыл-ой дамуында әртүрлі ауытқулары бар баланың туылу қаупі жоғарылайды.
  • Темекі тартатын аналардан туылған нәрестелерде: бірінші рефлекторлық айқайының кешігуі, цианоз (тердің көгеруі), асфиксия (тұншығу), гипербелсенділік, өмірінің алғашқы жылы барысында обструкциялық апноэ (ұйқы кезінде демнің тоқтауы) жиі кездеседі. Сондай-ақ мұндай балалар ауамен жұғатын аурулар, пневмония, бронхитке жиірек шалдығады. Және де болашақ ересек өмірінде зиянды әдетке бейім болуі әбден мүмкін.

 

Аударған Рита Сәрсенова

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]