Алматы мен Астананың коворкингтері – өнімді жұмыс істеуге арналған 2025 жылдағы үздік орындар - Лайқос

Алматы мен Астананың коворкингтері: қай жерде жұмыс істеген ыңғайлы, әдемі әрі нәтижелі

Қашықтан жұмыс істеу енді асүйде пижамамен отыру дегенді білдірмейді. Барған сайын мамандар коворкингтерді таңдайды, бұл – кеңістіктерде көңілдің бөлініп кетпеуі, идеялар мен нетворкинг үшін барлығы ұсынылған: ыңғайлы үстелдер мен кофеден бастап көліссөздерге арналған бөлмелер мен жайлы лаунж-аймақтарға дейін бар. Алматы мен Астананың қай жерлерінде – бір күнге, бір аптаға немесе ұзақ уақытқа арналған шабыт сыйлайтын орындарды табуға болатынын айтып береміз.

Неліктен адамдар коворкингтерді таңдайды?

Біріншіден, бұл ыңғайлы: жылдам интернет, жұмысқа қажеттінің бәрі, жайлы орта, тыныштық, кофе және өзіңізге ыңғайлы уақытта келу мүмкіндігі. Екіншіден, бұл өзгелермен араласу деген сөз: коворкингтерде дизайнерлер, бағдарламашылар, кәсіпкерлер, студенттер жұмыс істейді. Мұнда әріптестерді, достарды табуға болады, әрі жай ғана шабыттану мүмкіншілігі бар.

Алматыдағы коворкингтер

SmArt.Point

– ең танымал кеңістіктердің бірі. Бұл жерде дәрістер, шеберлік сабақтар, бизнес таңғы астары өткізіледі. Жеке және командалық жұмыс үшін аса ыңғайлы орын. Іші жақсы жарықтандырылған, заманауи жиһаз, келіссөздерге арналған бөлмелер, демалу аймақтары мен дәмхана бар.

Жұмыс кестесі: 24/7

Мекенжайы: Байзақов көш, 280

Инстаграм: @smartpoint.me

Sail Coworking

– бұл жайлылық пен қауіпсіздік үшін барлығы алдын ала ойластырылған high-tech стиліндегі қазіргі заманғы жұмыс кеңістігі. Пакетте жұмыс істеу мен кездесулерге арналған бүкіл керек-жарағы қамтылған: JBL аудиожүйесі бар 50 адамды сыйдыратын кең конференц-залда төрт сағат тегін уақыт, zoom-бөлме, техникалық қолдау мен ресепшн-қызметі.

Жұмыс кестесі: 24/7

Мекенжайы: Гагарин даңғ., 124

Инстаграм: @sail.coworking

City Hub

– бұл Алматының қақ ортасында, алтын шаршы аймағында орналасқан жұмыс істеуге арналған стильді әрі жайлы кеңістік. Резиденттер күнін нәтижелі өткізу үшін қажеттінің бәрін ала алады: дербес жұмыс орны, сақтауға арналған кішкене шкаф, шай мен кофе, кеңсе техникасы, асүй, дәмхана және кездесулер мен қоңырау шалуға арналған жайлы аймақтардың қолжетімдігі.

Жұмыс кестесі: 24/7

Мекенжайы: Төле би көш., 55

Инстаграм: @cityhub_kz

Level 8

кеңістігі Esentai Tower мұнарасының сегізінші қабатында орналасқан, бұл жерден ерекше әсер қалдыратын тау көріністері ашылады. Ал егер шаршағандықты сезіне бастасаңыз, дәл сол жердің өзінде ұйқыға арналған Energy Pod арнайы капсуласында демалсаңыз да болады.

Жұмыс кестесі: дсжм, 9:00-18:00

Мекенжайы: әл-Фараби даңғ., 77/7

Инстаграм: @level8esentai

Астанадағы коворкингтер

TEAM коворкингі

– Әзірет Сұлтан мешітінің маңында орналасқан жасыл интерьері бар жайлы кеңістік. Бұл жерде open-space пен 12 адамға арналған конференц-зал ұсынылған.

Жұмыс кестесі: 09:00-21:00 (дс-жм), 10:00-18:00 (сн), 09:00-16:00 (жс)

Мекенжайы: Қошқарбаев даңғ., 10/1

Инстаграм: @coworking_team.kz

Freedom Coffee House

– белгіленген төлемі жоқ кофехана идеясы, тек сусындар үшін минималды чек. Бұл жерге тыныштық, жайлы интерьер мен атмосфера үшін келуге кеңес береді.

Жұмыс кестесі: 9:00-21:00, күн сайын

Мекенжайы: Мәңгілік Ел даңғ., 53

Инстаграм: @freedom_for_freelance

iHub

– үлкен және кіші залдары, open-space аймақтары бар әрі қалаға деген әдемі көрініс ашылатын кең әрі жарық орын.

Жұмыс кестесі: 9:00-21:00, күн сайын

Мекенжайы: Қонаев көш., 12/1, 3 қабат

Инстаграм: @ihubcoworking

IQCoworking

– open-space аймақтары мен жабдықталған асүйі ұсынылған кең әрі жарық орын. Мұнда демалуға арналған капсулалар қарастырылған – бұл күшіңізді қалпына келтіру мен жұмысқа жаңа ресурстармен оралуға арналған тамаша шешім.

Жұмыс кестесі: 9:00-21:00, күн сайын

Мекенжайы: Достық көш., 5

Инстаграм: @iqcoworking

Қорытынды

Жұмыс тек кеңсе үстелі және тоғыздан алтыға дейінгі жұмыс кестесімен ғана байланыстырылған уақыттың өтіп кеткені қашан. Бүгінде артықшылық шабыттандыратын атмосфераға, икемді шарттар мен жайлылыққа беріліп отыр. Өз кеңістігіңізді тауып алыңыз – әрі жұмысыңыз тек қана қуаныш әкелсін.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.