
Жаңа жылдық корпоратив: уақытты пайдалы өткізудің жолы
Жаңа жылдық корпоратив – бұл тек қана жылтырақтар, жүргізушінің әзіл-қалжыңдары мен фотоаймақ жанындағы кезек қана емес. Сонымен бірге бұл төзімділікке деген сынақ: өзгелермен араласу керек, орынды болып көріну, алкогольді шамадан тыс ішпеу және кештің соңына дейін шыдау. Лайқос мерекенің өзін-өзі бақылау марафонына айналмауы үшін уақытты көңілді өткізудің қарапайым ережелерімен бөліседі.
Small talk: араласудан шаршап қалмау
Әріптестермен әңгімелесу алғаш көрінгеннен әлдеқайда жеңілірек. Корпоратив кезінде міндетті түрде жұмысты талқылаудың қажеті шамалы – керісінше, оның орнына жеңіл, қауіпсіз тақырыптарды таңдағаныңыз абзал: мерекелерге деген жоспар, саяхаттар, ермек істер, қызықты фильмдер. Егер сіз әңгіменің тым созылып бара жатқанын байқай бастасаңыз, бағытты жұмсақ түрде ауыстыруға болады: «Барып су алып келейін», «Жігіттерге барып қайтайын», – әрі басқа ортаға көше салыңыз.
Интроверттерге жалғыз қалмау үшін және шаршағандыққа тап болмау мақсатында қасында болу жайлылық беретін бір-екі адамды алдын ала таңдап алғаны дұрыс.
Корпоративте қалай шамадан артық ішпеуге болады
Корпоративтердегі ең маңызды дағды – ішімдікті көп ішіп қоймау. Баяу бастағаныңыз жөн: бірінші бокал – аш қарынға емес, тек қана тамақтан кейін. Жақсы бір ереже – алкогольді сумен кезектестіріп отыру және ішімдіктерді араластырмау. Ырғақты ең көңілді әріптесіңіз емес, ағза көрсетуі тиіс. Егер әлдебіреу «тағы біреуден алып қояйық» деп көндіріп жатса, сыпайы түрде бас тартқаныңыз дұрыс: «Рахмет, мен бүгін жеңіл режимдемін». Бұл бейтарап естіледі, әрі тамаша жұмыс істейтін сөздер.
Дастархан басында көп жеп қоймаудың жолы
Тамақты шамадан тыс көп жеп қоймау – бұл да өнер. Фуршеттік дастархандар өзіне тартып тұруды біледі, сондықтан жеңіл тағамдардан бастағаныңыз абзал: көкөністер, балық немесе тауық. Кішкентай тәрелке тағамның мөлшерін бақылауда ұстауға көмектеседі. Қосымша тағам алуға бармас бұрын кішігірім үзіліс жасағаныңыз жөн – көбіне-көп қарын ашу сезімі өтіп кетеді. Тәттілерге келер болсақ, бұл тұста бәрі де әлдеқайда оңайырақ, барлығының дәмін бірден татып көріп, ал кейіннен осы батылдығыңыз үшін өкінудің орнына бір ғана ұнаған түрін таңдаңыз.
Билейміз бе?
Кештің ортасында шаршап қалмау үшін ырғақты сақтаған маңызды. Белсенді және тыныш сәттерді кезектестіріңіз: би билеңіз, содан соң су алып, кішкене демалып алыңыз. Егер айналадағы шуыл шаршата бастаса, таза ауаға шығыңыз немесе залдағы тыныш бір бұрышты тауып алыңыз. Бірнеше рет терең тыныс алу нағыз ғажайыптарды жасайды. Егер күш-қуатыңыздың сарқыла бастағанын сезінсеңіз, ертерек кетіп қалыңыз: корпоратив – төзімділікке деген емтихан емес.
Корпоративке не киюге болады
Жалпы корпоративке арналған сәнді киім ыңғайлы болуы тиіс. Компанияның дресс-кодына негізделгеніңіз және әдемі, дегенмен жайлы киінгеніңіз дұрыс. Үнемі дұрыстауды талап ететін заттардан немесе билеуге мүмкіндік бермейтін киімнен аулақ болыңыз. Аяқ-киім – бұл бір-екі сағатты азапсыз өткізуге болатын аяқ-киім болуы керек. Киімдегі бір жарқын басымдық – көйлек, костюм немесе аксессуар – бүкіл жылтырдың барлығын бірден кию талпынысынан гөрі әлдеқайда жақсы көрінетіні сөзсіз.
Қорытынды
Жаңажылдық корпоратив шаршап қалу мақсатында емес, босаңсу мен жылдың аяқталуын атап өту үшін жасалады. Кішкене ұстамдылық, шамалы сыпайылық пен ыңғайлы киім – сонда кеш те жеңіл, көңілді және жағымсыз салдарсыз-ақ өтеді.