Микроменеджмент: басқарудағы гипербақылауды қалай тануға және жоюға болад - Лайқос

Микроменеджмент дегеніміз не және онымен күресудің жолы қандай

Микроменеджерлер – бұл түн ішінде сиқырлық жасайтын кішкентай гномдар емес. Мұндағы жағдай мүлдем керісінше: әдетте мұндай бастықтар адамдарға өз бетімен бір қадам жасауға да еш мүмкіндік бермейді. Бөлім немесе компания бастығы бағынышты қызметкерлер үшін барлығын да, тіпті, ұсақ-түйек міндеттердің өзін шешуге асығып, істің егжей-тегжейіне дейін зерттеп, көбіне-көп өзінің келісімінсіз ойлауға әрі әрекет етуге тыйым салады. Laikos жобасы микроменеджменттің не екендігін, оны қалай тану мен жоюға болатынын анықтайды.

Микроменеджмент дегеніміз не

Бұл сөзбен жай ғана бақылауға деген жалықтыратын ұмтылысты ғана емес, бағынышты қызметкерлерге өз бетімен шешім қабылдауға мүмкіндік бермейтін басқару тәсілін атайды. Мұндай жетекшілер жұмысшылардың әрбір дерлік әрекетін бақылап отырады – ал осының нәтижесінде жұмыс тиімділігі де, әрі мотивация да, әрі жұмыстың сапасы да төмендей түседі.

Микроменеджерге кім және қалай айналады

Негізгі себептердің бірі – қорқыныш сезімі, соның ішінде жоғары тұрған басшылық алдындағы қорқыныш. Жетекші өзіне бағынышты қызметкерлерінің қандай да бір қателікті жіберетіні немесе қойылған міндеттерді орындай алмайтыны үшін елеңдейді де, ең ақырында барлығын жеке өзі қадағалағанды жөн көреді.

Екінші жиі кездесетін себебі – ештеңені де өзгерткісі келмеуі: яғни, ұжымға көбірек еркіндік берудің орнына үйреншікті әдіс-тәсілдерді ұстанған жеңілірек. Ал кейде микроменеджмент ұйымдастырудағы тәртіпсіздік салдарынан туындайды, демек нақты мақсаттар мен міндеттер белгіленбеген жағдайда.

Микроменеджмент командаға қалай әсер етеді

Бұл жұмыс ортасындағы қарым-қатынастарды бұзады. Бағынышты қызметкерлер өздерін әрекет етуде шектеулі екендігі мен жете бағаланбағанын сезіне бастайды. Ал егер олардың біліктілігі жоғары болса, жетекшіліктің мінез-құлқы, тіпті, намысқа тиетіндей болып көрінуі мүмкін: маған кәсіби маман ретінде сенбейді, сонда мені не үшін жалдаған? Осындай жағдайда қызметкерлер бастама танытуды жоғалтады да, жауапкершілікті алудан қашқалақтай бастайды: әрбір әрекетім бәрібір қайта тексеріліп, бастық тарапынан түзетіліп отырса, ынталанудың қажеті не?.. Бұл, өз кезегінде, кадрлардың тұрақтамауы мен ұжымдағы атмосфераның нашарлауына әкеліп соқтырады.

Бастығыңыз микроменеджер болса, не істеуге болады

Сізге тек байсалдылық пен сабырлық қана мотивацияны сақтау мен жұмысты әрі қарай жалғастыра беруге кемектесе алады. Айта кетерлік бір жайт, ашық қарсыласу ешқандай да нәтиже әкелмейді. Бұдан гөрі дипломатияға жүгінгеніңіз әлдеқайда дұрыс: сізге автономды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін шешімдерді ұсыныңыз, өзіңіздің сенімділігіңізді, әрі біліктілігіңізді танытқаныңыз абзал.

Микроменеджментке жол бермеудің амалы

Бірініші кезекте жетекшілер командамен айналысуы керек: егер міндеттерді орындау ісінде адамдарға көбірек еркіндік берілсе, онда жұмыс ортасы да анағұрлым сау және өнімді бола түсетіні айқын. Мына бір нәрсені әрдайым есте ұстаған маңызды, мықты жетекші – бұл барлығын да өзі атқаратын адам емес, міндеттерді өз бетімен орындай алатын команданы құра білетін адам.

Қорытынды шығарамыз

Микроменеджмент – өте жиі кездесетін түйткіл, әрі ол компанияның ауқымына байланысты емес. Команданы басқаратындарға міндеттерді тапсыра білуді үйренген маңызды, ал қызметкерлердің өздеріне – іс-әрекет еркіндігі жағдайында тапсырмалардың барлығын өз бетімен орындай алатынын көрсету. Кез келген команданың табыстылығы оның әрбір мүшесі мен жетекшілер құратын атмосфераға байланысты болып келеді.

Как вы оцените статью?
[Total: 1 Average: 1]