
Қазақстандықша нетворкинг: боямасыз пайдалы таныстықтарды бастаудың жолы
Қазақстанда былай деп әзілдейді: егер сенде Бәке немесе Сәкенің нөмірі болса, жұмыс табудан бастап сәбиді балабақшаға орналастыруға дейінгі – кез келген мәселені шешуге болады. Әрі шын мәнісінде бұл сөздің жаны бар: мұнда жеке байланыстар дипломнан немесе түйіндемеден де әлдеқайда маңыздырақ болуы жиі кездесіп отырады. Дегенмен нағыз нетворкинг керекті «ағаларға» шалынатын қоңырауларға бола сақталмайды. Лайқос құпияларды паш етеді.
Жаңа байланыстарды қайдан іздеу керек
Офлайн:
- Форумдар мен конференциялар. Алматы мен Астанада тұрақты түрде әртүрлі бизнес-ивенттер, салалық көрмелер мен кәсіпқой кездесулер өткізіліп жатады, соның ішінде – Astana Hub іс-шараларынан бастап маркетингтік форумдарға дейін. Бұл адамдардың өздері танысу үшін келетін кеңістіктер.
- Білім беру бағдарламалары. Курстар, шеберлік сабақтар мен MBA көбінесе дипломнан да артық беретіні хақ. Мұндай жерлерде жаңа байланыстарды қажет ететін мотвацияға толы адамдар кездеседі.
- Хобби мен спорт. Футбол лигасы, йога сыныптары немесе кітап клубы – жаңа таныстықтар үшін тамаша алаң. Әңгіме ортақ қызығушылықтардан басталады да, бәлкім, кейіннен бұл, тіпті, үлкен серіктестікке айналуы да әбден мүмкін.
Онлайн:
- Қазақстан үшін бұл әлі де өзінің лайықты бағасын алмаған алаң, алайда нақ осы жерде әдеттегі ортадан тыс кәсіпқой байланыстарды табуға болады.
- Telegram-топтар. Бұл жерде өмір қайнап тұр: бизнес-чаттардан бастап ақпараттық технологиялар өкілдері, маркетологтар мен жас мамандардың жергілікті қауымдастықтарына дейін.
- Жергілікті әлеуметтік желілер мен бастамалар. Facebook-топтары, Instagram-қауымдастықтары немесе, тіпті, жергілікті аудандық чаттар құнды байланыстардың бастамасы болуы бек мүмкін.
Боямасыз танысудың жолы
- Шынайы қызығушылық танытыңыз. Сұрақтарды қою өзіңіз жайлы ұзақ әңгімелердің орнына әлдеқайда тиімді екені сөзсіз. Адамдар біреу шағын түйіндемесін оқып тұрғанды емес, өздерін тыңдағанын жақсы көреді.
- Жауыр болған сөздердің орнына шынайы араласу. «Байланыста болайық» деген секілді формалды сөйлемдердің орнына қандай бір бақылауыңызбен немесе әңгіме барысында шынымен де назарға ерекше іліккен нәрсемен бөліскеніңіз анағұрлым дұрысырақ.
- Ортақ мүдде көпір іспетті. Спорт, сүйікті кітап немесе, тіпті, күлкілі TikTok – осының барлығы да әңгіменің табиғи естілуіне көмектесетіні рас.
- «Өзіңізді сатуға» тырыспаңыз. Адам өзінің ресурс ретінде ғана қабылданатынын сезінген жағдайда сенім бұзылады. Шынайы байланыстар пайдаға емес, құрметке негізделуі тиіс.
Байланысты қалай сақтау керек
- Жалықтырмайтын «жанасулар». Күн сайын жазып отырудың қажеті жоқ – мерекемен құтықтай салу, «жаңалықты көрдім де, сен есіме түстің» деген секілді қысқа хабарламаны жіберу немесе қызықты мақаламен бөлісудің өзі жеткілікті. Осылайша сіз байланыста қала бересіз, дегенмен жабысқақ чат-ботқа айналмайсыз.
- Пайдаңызды тигізіңіз. Егер сізде адамға көмектесе алатын қандай да бір ақпарат, мүмкіндік немесе қажетті нөмір бар болса, бөлісе отырыңыз. Осылайша сіз пайда іздемейтініңізді, оның орнына қарым-қатынастарды бағалайтыныңызды көрсетесіз.
- Тепе–теңдікті сақтаңыз. Егер біреу тым көп орын алып жатса, нетворкинг бұзылады: немесе жылдар бойына ғайып болады, немесе хабарламалар дыбысын өшіріп тастағың келетіндей, өте көп жазған жағдайда.
Қорытынды
Пайдалы байланыстар бір десте визиткалар мен «қажетті адамдарға» шалынатын қоңыраулардан туындамайды, тек қана сенім мен қалыпты адами қарым-қатынастардан пайда болады. Сіз белгілі бір адамға шын жүректен қызығушылық танытқаныңызда, пайдалы нәрселермен бөлісіп, әрі жалықтырмай, араласуды жалғастырғаныңызда ғана қарым-қатынастар өздігінен жұмыс істей бастайды. Шынайы болыңыз – сонда сіздің байланыстарыңыз әшейін нөмірлер тізіміне емес, нағыз қолдау, идеялар мен мүмкіндіктердің жанды желісіне айналары шүбәсіз.