Онлайн- және оффлайн-сұхбаттасуға дайындалу мен одан сәтті өтудің жолдары

Онлайн және оффлайн сұхбаттасудан өтудің жолдары

Сұхбаттасу – бұл әрдайым біршама толқытатын жағдай екені рас. Бұл тұста ноутбук камерасының алдында отырасыз ба, әлде рекрутермен үстел басында әңгімелесесіз бе – маңызды емес, әрбір үміткердің ойында бір ғана сауал болады: жақсы әсер қалдыру мен арманындағы жұмысқа ие болудың жолы қандай? Лайқос мінсіз әсер қалдыруға арналған әмбебап нұсқаулықты әзірлеп қойды.

Онлайн немесе оффлайн: айырмашылығы неде

Сұхбаттасудың мақсаты біреу – бірін-бірі жақсырақ тану мен осы рөлге қаншалықты лайық екеніңізді біліп алу. Алайда кездесудің форматы оның атмосферасына айтарлықтай ықпал ететіні шүбәсіз. Онлайн-сұхбат одан әлемнің кез келген жерінен өтуге әрі уақытыңызды үнемдеуге болатынымен ыңғайлы, дегенмен интернеттің тұрақты қосылып тұруы мен айналадағы шудың болмауын қамтамасыз еткен маңызды.

Оффлайн-сұхбаттасу компанияның атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді: кеңсеге кірген бойдан сіз бұл жерде қандай адамдар жұмыс істейтінін, олардың бір-бірімен қалай араласатынын бірден байқайсыз, сондай-ақ әңгімелесушінің көңіл-күйін оңай айырып танисыз. Мұндай формат байланысты жеңіл орнатуға көмектеседі, өйткені жеке қатысу арқылы эмоциялармен алмасу және сенімді қалыптастыруға көбірек мүмкіндік туғызады.

Келтірілген нұсқаның екеуі де байыпты дайындық пен сенімді болуды талап етеді: табысқа жету сіздердің қай жерде кездескеніңізге емес, сіздің сөйлеу, тыңдай білу және диалог үшін ашық болу қабілетіңізге байланысты болып келеді.

Қалай дайындалған жөн: практикалық кеңестер

  • Компания туралы көбірек біліп алыңыз. «Компания туралы» тарауды ғана зерттеген аздық етеді. Сондықтан әлеуметтік желілер, соңғы жаңалықтар, қызметкерлердің пікрілерін зерделеңіз.
  • Бос жұмыс орны жайлы сипаттамада көрсетілмеген жайттарды долбарлап түсіну. Қандай қасиеттер басымдыққа ие? Ал қайсысы – тұспалданып тұр?
  • Кейстер мен жетістіктеріңіз жайында мұқият ойластырыңыз. Абстрактілі тұжырымдардан гөрі шынайы мысалдарды келтіргеніңіз әлдеқайда жақсырақ. Әшейін «мен команда ішінде жұмыс істей аламын» деудің орнына күрделі тапсырмаларды қалай шешкеніңізді көрсетіңіз.
  • Алдын ала даярлықты өткізіңіз. Камераны қосып, өзіңізді жазып алыңыз. Бұл артық қимылдарыңызды көруге, дауыс ырғағыңызды түзету мен керексіз кідірістерді алып тастауға көмектеседі.
  • Дұрыс сұрақтарды ойластырыңыз. Жалақы туралы ғана емес. Мансап жолы бойынша даму, команда, ағымдағы сын-тегеуріндер жайында сұраңыз – бұл сіздің қызығушылығыңыз жайлы айтып тұрады.
  • Әлсіз жақтарыңызды жасырмаңыз, алайда бұл тұста жұмыс істеуге дайын екеніңізді көрсетіңіз. Үйрену мен дамуға деген дайындық мінсіздіктен әлдеқайда маңызды.

Көбінесе қандай қателіктер жасалады

Кеңінен таралған қателік – шаблондар бойынша сөйлеу. «Мен өте сабырлымын», «Жылдам үйренуге бейім болып келемін», «Жетілуді қалаймын». Жұмыс берушілер осыны күніне 20 рет естіп отырады. Оның орнына былай дегеніңіз абзал: «Өткен аптада біз дедлайн шартында жобаны мерзімінен 5 күн бұрын іске қоса алдық. Мұны былай жасадым…»

Екінші қателік – дайындықтың жеткіліксіздігі. Егер сіз алдыңғы жұмыстан неліктен кеткеніңіз немесе мықты жақтарыңыз қандай екендігі жайлы сұрақтарға жауап таппай қалсаңыз, тіпті, мінсіз түйіндеме де құтқара алмайды.

Ең ақыры, бейсезімдік белгілерді елемеу. Онлайн бұл дегеніміз баяу интренет, артқы фондағы шуыл, камера алдындағы сенімсіз мінез-құлық болуы мүмкін. Оффлайнда – жерге қарау, қолды айқастыра қою, әңгімелесудің тым еркін стилі.

Қорытынды

Жақсы сұхбаттасу – бұл сенімділік, шынайылық пен дайындық турасында. Егер сіз жұмыс берушінің нені талап ететінін түсініп отырсаңыз, әрі қай тұста пайдаңызды тигізе алатыныңызды білсеңіз, бұл – табысқа жетудің 80% деген сөз. Қалғаны – техника, тәжірибе және көзқарасыңызға байланысты жайттар.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.