Демалысты дұрыс ұйымдастыру, істерді сауатты табыстау мен жақсы демалудың жолы - Лайқос

Демалысты дұрыс ұйымдастыру мен істерді табыстаудың жолы

10 сұрақ

Демалыс алдында сіз:

Әріптестерге арналған нұсқаулық:

Шұғыл тапсырмалар:

Поштадағы автожауап:

Демалысыңыз жайлы кім біледі?

Демалыс кезіндегі пошта мен чаттар:

Жұмыс қосымшалары:

Демалыс сіз үшін – бұл:

Жұмыс бойынша хабарлама түсті:

Қазір бар ойыңыз:

Сіз кезекті демалысқа қамдануды бастадыңыз. Күнтізбедегі демалыс күндер белгіленген, билеттер де сатып алынған. Алайда ішіңізде бір алаңдаушылық сезімі бар: істерді қалай қалдырамын? Сіз жоқта барлығы талқандалса ше? Лайқос басыңыз жұмыс чатында «қалып қоймауы» үшін демалысқа қалай дайындалу керектігін біліп алды.

Алдын ала демек сабырлы

Егер барлығын реттеп қойсаңыз, демалысыңыз стреске айналмайтыны хақ:

  • Алаңдаушылық азая түседі – маңызды мәселелер әлдеқашан шешілген.
  • Команда сізді хабарламаларымен мазаламай, тыныш қана жұмысты жалғастырады.
  • Қайтып келгеннен кейін поштадағы төбе-төбе хаттарды реттеп отырмайсыз.
  • Соңғы жұмыс аптаңыз тыныш, әрі қарбалассыз өтеді.
  • Сіз ақыры шындап демала аласыз – бойыңызды еркін ұстайсыз, әрі басыңыз да «таза» болады.

Істерді тапсыру және олар жайлы уайымдамау

  • Біреуге істерді тапсыруды соңғы мезетке дейін қалдырмағаныңыз абзал. Шұғыл тапсырмаларды өзіңіз орындағаныңыз дұрыс, ал кейінге қалдыруға болатын шаруаларды әріптестеріңізге тапсырыңыз.
  • Уақыты барларды емес, тапсырмаларды орындай алатын, яғни, тәжірибесі мол және барлық қажетті материалдарға қол жеткізе алатын адамдарды таңдаңыз.
  • Барлық жайттарды жеке талқылап алыңыз: тіпті, нұсқаулықты қалдырған жағдайда да әріптесіңізбен тілдескеніңіз одан не күтетініңізді анағұрлым жақсырақ түсінуіне көмектеседі.
  • Нұсқаулықтарды қысқа да нұсқа етіп жасаңыз – не істеу керек, қандай тәртіп бойынша, қажетті файлдарды қайдан табуға болады.
  • Ең бастысы, егер тапсырмаларды біреуге табыстап қойсаңыз, сол адамға сенгеніңіз жөн. Қашықтан бақылау жүргізу сізге де, командаға да тек қана кедергі ететіні шүбәсіз.

Сіз жоқта жұмыс үдерістерін реттеудің жолы

Демалысқа шығудан бұрын тапсырмаларға қатысты ғана емес, сонымен бірге байланыс орнатуға қатысты тәртіпті де ретке келтіріп қойғаныңыз маңызды.

  • Автожауап беру қызметін қосыңыз: өзіңіздің кезекті демалыста екеніңізді, қай күнге дейін болмайтыныңызды, сіздің орныңызға кімнің көмегіне жүгінуге болатынын көрсетіңіз.
  • Сізге тікелей жаза алатын адамдарға жұмыста болмайтын күндеріңізді алдын ала айтып кетіңіз.
  • Қысқа тізімді құрастырыңыз: кім не үшін жауап береді, керекті файлдар қайда жатыр, қандай тапсырмаларға басымдық беріледі.
  • Барлық әріптестерге де, клиенттерге де жұмыс орнында болмайтыныңыз жайлы міндетті түрде алдын ала ескертіп қойыңыз. Осылайша өзіңіздің де, өзгелердің де уақытын үнемдейсіз.

Жұмыс жайлы қалай ойланбауға болады

  • Маңызды үдерістен шығып қалдым деп ойламаңыз – демалыс та жұмыстың маңызды бөлігі.
  • Миға үзілістер аса қажет. Онсыз зейін қою мен мотивация төмендейтіні сөзсіз.
  • Ережелерді алдын ала анықтап алыңыз: мәселен, поштаны үш күнде бір реттен артық емес және тек қана таңертең тексеру.
  • Жақын адамдарыңыздан жұмысты талқыламауын, әрі «керек болып қалар» деп хабарламаларды салып отырмауын сұраңыз.
  • Хабарламалар дыбысын өшіріп тастаңыз, жұмыс қосымшаларын алып тастаңыз – көңіл сергітуге кедергі ететін нәрселердің барлығын жасыра тұрыңыз.

Демалысыңыз қашықтан жұмысқа айнала бастаса

  • Өзіңіз үшін нақты шекараны айқындап алыңыз – тек қана күндіз және тек қана маңызды мәселелер бойынша жауап беру.
  • Ешкімге ешнәрсе түсіндірудің керегі жоқ. Сіздің демалуға толық құқығыңыз бар.
  • Егер жұмысқа кірісіп кетсеңіз, телефонды қоя тұрыңыз және қарапайым нәрселерге көңіл аударыңыз, мысалы: су, серуендеу, кітап.
  • Егер, тіпті, алғашқы күндер ойыңыздағыдай болып шықпаса, өзіңізге демалысты қайтару мүлдем кеш емес. Дәл осы кештен бастаңыз.

Демалыс – бұл да жұмыстың бір бөлігі

Кезекті демалысыңызды ұйымдастыра білу – тура жобаны жүргізу немесе кездесуде сөз сөйлеу секілді кәсіпқой машық. Демалыстан кейін сіз өзгеріп қайтасыз: әлдеқайда жинақы, сабырлы, ойларыңыз айқын болады. Әрі осыны бәрі де байқайды – әріптестеріңіз де, жақындарыңыз да, өзіңіз де аңғарасыз.

Сіз жай ғана теңіздегі демалысқа емес, іштегі тыныштыққа лайықсыз. Әрі өзіңізге тек сіз ғана осыған рұқсат бере аласыз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.