
Тиімділік ≠ темекі тарту үзілісі: шылым шегу өнімділігіңізді қалай азайтады
Көптеген адамдар темекі тартуға деген үзілістерді сергіп қалудың, күйзелістен құтылу мен қысқа уақытқа болса да ретке келудің мүмкіндігі ретінде қабылдайды. Алайда ғылыми зерттеулер көрсетіп отырғандай, жұмыс уақытында тұрақты түрде темекі тарту әлдеқайда қымбатқа түсуі мүмкін. Бұл тұста бар гәп тек сол үзіліске жұмсалған уақытта ғана емес, сондай-ақ зейіннің төмендеуінде, хал-жағдай мен жалпы өнімділіктің нашарлауында болып тұр. Лайқос санап көрді.
Бір темекі тарту үзілісі шынында қанша созылады?
Сыртқа әрбір шыққан сайын уақыт алғаш көрінгеннен әлдеқайда көп кетеді. Ағымдағы міндетті аяқтау, шығу, темекі тарту, жұмыс орнына оралу және жұмысқа қайта қосылу қажет. Сондай-ақ зерттеулер көрсетіп отырғандай, кез келген үзілістен кейін адамға зейін қоюын қалпына келтіру үшін біршама уақыт қажет. Егер мұндай үзілістер күніне бірнеше рет қайталанып жатса, жұмыс үдерісі үзіле беретіні анық, ал тиімділік айтарлықтай азая түседі.
Мәселе қысқа үзілістердің өзінде емес екендігін атап көрсеткен маңызды. Керісінше, тұрақты кішігірім үзілістер өнімділік үшін пайдалы болуы әбден мүмкін. Негізгі түйткіл темекі тартудың демалысқа деген шынайы қажеттіліктен емес, тәуелділіктен туындайтынында жатыр.
Ғылыми зерттеулер темекі тарту мен өнімділік жайлы не дейді
Ғалымдар қазіргі шылымқұмарлардың, бұрынғы шылымқұмарлардың және ешқашан темекі тартпаған адамдардың өнімділігін, жұмыстан қалуы мен жалпы тиімділігін салыстырды. Зерттеуге ірі американдық әуе компаниясының 300 жуық қызметкері қатысқан еді.
Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, бұрынғы шылымқұмарлар 10 көрсеткіштің 7-і бойынша өте жақсы нәтиже көрсеткен екен, ал олардың орташа өнімділігі қазіргі шылымқұмарларға қарағанда 4,5% жоғары болып шықты. Сонымен бірге олардың ауру себебінен жұмысқа келмей қалу жағдайлары да сирек болған. Ал темекі шегуден бас тартқаннан кейін уақыт алшақтаған сайын олардың өнімділік көрсеткіштері өмірінде ешқашан темекі шекпеген қызметкерлердің деңгейіне біртіндеп жақындай берген.
Неліктен темекі босаңсуға көмектеспейді: үдерістің физиологиясы
Алғаш қарағанда темекі босаңсуға көмектесетін секілді. Алайда шын мәнісінде адам тәуелділік белгілерінен уақытша арылғандықтан ғана белгілі бір жеңілдікті сезінеді. Біршама уақыттан кейін оның қайтадан темекі тартқысы келіп тұрады да, зейін қоюы нашарлайды, ашушаңдық пайда болады. Келесі темекі тартуға арналған үзілістен кейін бұл сезімдер уақытша жойылады – әрі темекі әлдеқайда жақсырақ жұмыс істеуге көмектесетін сыңайлы болып көрінеді. Іс жүзінде адам тәуелділіктің салдарынан бұзылған әдеттегі күйіне қайта оралады.
Өнімділікті шылым шегу үзілістерінсіз және темекі түтінінсіз сақтаудың жолы
Егер ағзаға шынымен де демалыс қажет болса, онда темекісіз қысқа үзіліс жасаған әлдеқайда пайдалы болмақ: кішкене жүріп қайту, таза ауаға шығып келу, бірнеше жаттығуды орындау немесе бір-екі минутқа айналысып отырған істі жай ғана ауыстырған абзал. Темекі шегуден біржолата бас тарту – денсаулық үшін ең жақсы шешім. Дәл осы бұрынғы шылымқұмарлар ең жоғары өнімділікті танытады және шылым шегуді жалғастырып жүрген адамдарға қарағанда ауруға байланысты жұмыстан сирек қалады.
Әзірге темекіден арылу қиынға соқса, зиянды төмендету тұжырымдамасының аясында түтін шығармайтын балама нұсқаларға, мысалы, хиттерлерге ауысып көруге болады. Кәдімгі шылыммен салыстырғанда олар темекіні жақпайды, сондықтан уытты жану өнімдерінің негізгі көзі – темекі түтіні түзілмейді. Бұл темекі түтініне қарағанда көптеген зиянды және ықтимал зиянды заттектердің деңгейін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді, ал бұл ауруға байланысты жұмыстан қалу жағдайларын азайтып, шылым шегудің өнімділікке деген теріс ықпалын кеміте алады.