
Жұмыстан шығудың дұрыс жолы: кәсіби айырылысу бойынша нұсқаулық
Жұмыстан шығып кету – бұл әлдененің соңы емес, бұл жаңа кезеңнің басы. Дегенмен есікті тарс еткізбей, көпірлерді жағып жібермей, әрі әріптестерді ренжітпей, әдемі кету маңызды. Лайқос жұмыстан шығып кету туралы қашан ойлана бастау керектігін, оны сауатты түрде жасау және қателіктерге жол бермеудің әдіс-тәсілдері мен ең бастысы, абыроймен кету жолы қандай екендігін анықтайды.
Жұмыстан шығу туралы қашан ойланған абзал
- Сіз дамып жатқан жоқсыз. Күн сайын «суыр күні» сияқты сезіле ме? Жаңа тапсырмалар көп уақыттан бері пайда болмай тұр ма? Бәлкім, әрі қарай қозғалатын кез келген шығар.
- Сізді бағаламайды. Айналаңыздағы адамдардың қызметі өсіп жатыр, жалақы индекстелмейді, ал басшылық мақтаудың орнына тек сынай бере ме? Мұнда даму болашағыңыз бұлыңғыр.
- Жұмыс жеке өмір мен денсаулыққа кедергі келтіреді. Егер күйзеліс, артық істелген жұмыс және уытты атмосфера қалыпты жағдайға айналса, өзін-өзі танытуды күтпей-ақ қойсаңыз болады.
- Сіз анағұрлым тартымды ұсынысты таптыңыз. Кейде жұмыстан шығу – бұл қашу емес, бұл анағұрлым жақсы нәрсеге қадам жасау.
Қазақстандағы жұмыстан босатудың құқықтық нюанстары
- Ескерту мерзімі. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49-бабына сәйкес қызметкер жұмыстан босатылғанға дейін бір ай бұрын жұмыс берушіні хабардар етуге міндетті (еңбек шартында өзгеше белгіленбеген жағдайда). Егер қызметкер сынақ мерзімінде болса, ол кетуі туралы күнтізбелік үш күн бұрын хабарлауға міндетті.
- Жұмыспен өтеу. Бұл жерде бәрі еңбек шартына байланысты. Келісімге келсе, жұмыспен өтеу мерзімін қысқартуға немесе, тіпті, одан бас тартуға да болады.
- Есептеу және өтемақы. Сіз жұмыстан шығарылған күні толық төлемді алуыңыз керек. Оған еңбекақы, пайдаланылмаған демалыс уақыты үшін өтемақы және шартта көзделген басқа да міндеттемелер кіреді.
- Құжаттар. Кетер алдында жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесін және салық органына және басқа орындарға ұсыну үшін кіріс туралы анықтаманы сұраңыз.
Маңызды: егер жұмыс беруші сізге қысым көрсетіп, өз еркіңізбен жұмыстан кетуіңізді талап етсе, онда бұл әрекеттері оның еңбек заңнамасын бұзғаны. Тұрғылықты жеріңіз бойынша немесе жұмыс берушінің тіркелген мекенжайы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясына хабарласуыңызға болады.
Жұмыстан кетудің дұрыс жолы қандай
- Жұмыстан кету алдындағы дайындық
- Әріптестеріңізді хаосқа қалдырмау үшін барлық жұмыс тапсырмаларын аяқтаңыз.
- Қажет болса, маңызды байланыс деректері мен файлдарды сақтап алыңыз.
- Басқа жұмысқа өтуді жоспарлаңыз – жаңа орынды тауып алыңыз немесе жұмыссыздық кезеңіне дайындалыңыз.
- Жұмыстан шығу туралы арыз қалай жазылады
Өтініш мыналарды қамтуы керек:
- Күні және адресат (өтінішті кімге бересіз)
- Толық аты-жөніңіз, лауазымыңыз
- Мәтін: «Мені өз еркіммен [күннен] бастап жұмыстан босатуыңызды сұраймын»
- Күні және қолыңыз
- Өтінішті қалай беру керек
- Жеке – оны кадрлар бөліміне немесе басшылыққа тапсырыңыз.
Электронды түрде (компанияда мұндай мүмкіндік қарастырылған жағдайда).
Ең бастысы, тосынсыйлар болмас үшін өтініштің тіркелгеніне көз жеткізіңіз.
Жұмыстан шығу кезінде жол берілмеуі тиіс қателер
- Ештеңе айтпастан кетпеңіз. Егер сіз өз беделіңізді сақтағыңыз келсе, ескертусіз жоғалып кетуге болмайды.
- Бастықпен сөз таластырмаңыз. Тіпті, теріс көзқараспен кетіп жатсаңыз да, үдерісті ұрыс алаңына айналдырмаңыз.
- Жұмыспен өтеу мәселесін елеусіз қалдырмаңыз. Егер сіз екі аптаға келіскен болсаңыз, белгіленген мерзімді ұстаныңыз.
- Компания туралы жағымсыз ештеңе жазбаңыз. Болашақта жолдар қайта тоғысуы әбден мүмкін және әлеуметтік желідегі ескі шағымдар сізге өз кесірін тигізуі бек мүмкін.
Әріптестермен қоштасудың жолдары
- Алғыс хат жазыңыз. Жылы сәттерді еске алыңыз, сәттілік тілейңіз.
- Қоштасу түскі асы немесе кофе ішуді ұйымдастырыңыз. Сіз зейнеткерлікке шықпасаңыз да, жақсы әсер қалдырған әлдеқайда жағымды.
- Байланыс нөмірлеріңізді қалдырыңыз. Ескі байланыстардың қай жерде пайдалы болатыны алдын ала белгісіз.
Позитив, жақсы қарым-қатынас пен беделіңізді сақтай отырып, кету маңызды.
Қорытынды
Жұмыстан шығу – бұл трагедия емес, бұл мүмкіндік. Барлығын кәсіби түрде жасаңыз: жұмыстан кету үшін барлық құжаттарды дайындаңыз, оларды сауатты толтырыңыз, жанжалдарға жол бермеңіз және әріптестермен жақсы қарым-қатынастарды сақтаңыз. Жаңа кезеңге дайынсыз ба? Онда сенімді түрде және күлімсіреп әрекет етіңіз!