SMM: бұл не және әлеуметтік медиа-маркетинг бизнеске қалай көмектесе алады - Лайқос

SMM дегеніміз не және оның бизнеске берер көмегі қандай: негізгі міндеттері мен артықшылықтары

Қазіргі өмірді SMM-сіз елестету мүмкін емес. Бұл ауқымдылығына қарамастан, кез келген бизнестің табысқа жетуінің кілті деседі. Бүгінде барлық адамдар үнемі телефондарына қарап отырады. Қызметтер мен тауарлардың сатылымы болашақ сатып алушыларыңыздың сол жерден не көретініне байланысты болып отыр. Ал егер әлеуметтік желілерді дұрыс қолдана білсеңіз, онда осы қызығушылықты сақтап қалуға да болады.

SMM дегеніміз не

SMM, немесе әлеуметтік желілердегі маркетинг, – бұл Instagram, Facebook, TikTok, LinkedIn және басқа да әлеуметтік платформалар арқылы бренд, компания, өнімді ілгерілету бойынша қолданылатын шаралар кешені. Негізгі мақсаты – мақсатты аудиториямен диалогты бастау және оны қолдап отыру, сонымен бірге брендтің танымалдылығын арттыру.

СММ неден құрылады және оған не кіреді

  • Контент-стратегия – бұл әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың алдын ала жоспарлануы, қызықты тақырыптар, мәтіндердің форматы мен суреттердің таңдалуы болып келеді. Бүгінде осы істе жасанды интеллектіге негізделген жүздеген онлайн-ресурстар көмектесе алады. Олар жазбалар, мәтіндерді шығарады, стратегиялар мен контент-жоспарды жазады. Бастысы, сұрау салуыңызды нақты тұжырымдау және ЖИ оны дәлірек орындауы мақсатында мүмкіндігінше майда-шүйдесіне дейін барлығын көрсету.
  • Мақсатты аудиторияны (МА) талдау – тиімділік анағұрлым жоғары болуы үшін аудиторияның қызығушылықтары мен мінез-құлқын зерттеу. Ең алдымен әлеуметтік желілердегі аккаунттарыңызды кімнің қарайтынын көріп алыңыз. Клиенттеріңіздің орташа жасын, жынысын, географиясы мен қызығушылықтарын анықтау үшін әлеуметтік желілердің кіріктірілген талдамалық құралдарын қолданыңыз, олар: Instagram Insights, Facebook Analytics, Twitter Analytics және т.б. Сонымен бірге әлеужелілерде сауалнамалар, анкеталар және викториналарды ұйымдастыруға болады: бұл оқырмандарды тартып қана қоймай, сондай-ақ олардың қалаулары туралы құнды ақпаратты беріп отырады.
  • Ілгерілету – мұны әртүрлі жолдармен жасауға болады, мәселен, жарнама, ортақ жобалар арқылы. Мақсат – жаңа аудиторияны тарту. Бюджет шектеулі болған жағдайда, әсіресе, бастапқы кезеңде таргетолог маманын жалдаудың қажеті жоқ. Instagram өзіңізге жазбаларыңыз бен стористеріңізді ілгерілету мүмкіндігін ұсынады, ол үшін небәрі «Жалжыту» батырмасын басу керек. Қосымшаның өзі-ақ аудиторияның параметрлерін реттеуге көмектесе алады – аумақ, жас шамасы және қызығушылықтар секілді жайттар – әрі үдерісті қолжетімді және қарапайым ете түсіп, мақсатты аудиторияңыздың арасында контентті жылжытуды бастайды.
  • Сараптау – бұл SMM бойынша жасалған жұмысыңыздың нәтижелерін бағалау. Статистиканың барлығын қосымшалардың ішінде қадағалап отыруға болады. Олардың өз бетімен сіздің өткен аймен немесе былтырғы жылмен салыстырғандағы жұмысыңыздың қаншалықты жақсарғанын сараптайды. Сіз өзгерістердің динамикасын көріп отырасыз, бұл стратегияны түзетуге және оны әлдеқайда тиімдірек етуге көмектеседі.

Неліктен SMM бизнестің ілгерілеуі үшін маңызды

  • Клиеттермен тікелей байланыс орнату – бизнес әлеуметтік желілер арқасында тұтынушыларымен тікелей араласа алады, әрі пікірлерін біліп, сұрақтарына жауап беру мүмкіндігіне ие.
  • Танымалдылықтың өсуі – тұрақты түрде шығарылатын жазбалар мен аудиториямен өзара әрекеттесу брендтің танымалдылығын арттыра түседі.
  • Сенімділіктің жоғарылауы – бизнестің әлеуметтік желілерде болуы аудитория үшін оны анағұрлым ашық және қолжетімді етеді. Болашақта, клиенттердің брендіңізге деген сенімділігі жеткілікті деңгейге дейін жеткен кезде, сіз мұны UGC-контентін (пайдаланушылар тарапынан жасалатын контент) жасау үшін пайдалана аласыз. Демек сатып алушыларыңыз өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, сіздің «жарнама агенттеріңізге» айналады, бұл жаңа клиенттерді тарту мен қазіргі клиенттеріңізбен арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға септесетін әлеуметтік дәлелденгендіктің мықты әсерін тудырады.
  • Үнемділік – дәстүрлі жарнамамен салыстырғанда SMM өзінің жоғары тиімділігін көрсете отырып, аз шығынды қажет етеді.
  • Икемділік пен бейімділік – әлеуметтік желілердегі маркетинг клиенттер қажеттіліктері мен нарықтағы өзгерістерге орай жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы әлемде әлеуметтік желілерге атсалысу опция болып саналмайды, бұл табысты стратегияның міндетті бір бөлігі. Егер сіз клиенттік базаңызды кеңейтуді, имиджіңізді жақсарту мен сатылымдарды арттыруды қаласаңыз, онда SMM саласын зерттеу мен қолдануды бастаңыз – сонда сіз нәтижесін жылдам байқайсыз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]