Soft skills – өміріңіз бен мансабыңыздағы басты көзіріңіз
8 сұрақ
1. Soft skills дегеніміз не?
2. Soft skills hard skills-тен несімен ерекшеленеді?
3. Мысалдардың қайсысы soft skills-ке қатысты?
4. Қандай soft skill дау-жанжалдарды шешуге көмектеседі?
5. Soft skills қайсысы жатпайды?
6. Қандай soft skill команда ішіндегі жұмысты жақсартады?
7. Неліктен жұмыс берушілер soft skills-ті бағалайды?
8. Soft skills мансап жолында қалай көмектеседі?
Бүгінде жұмыс берушілер жай ғана өз ісін жақсы білетін жұмысшыларды іздемейді. Оларға келісуді білетін, бейімделе алатын және шабыт сыйлайтын адамдар керек. Осының барлығы – soft skills. Бұл не және неліктен бүгінгі таңда soft skills дағдыларынсыз алға басу мүмкін емес? Лайқос егжей-тегжейіне дейін біліп алды.
Soft skills дегеніміз не
Soft skills – бұл адамдармен араласуға, әрі әдеттен тыс міндеттерді шешуге көмектесетін машықтар. Өлшеуге болатын hard skills-ке қарағанда (мәселен, бағдарламалау тілін білу немесе ағылшын тілін меңгеру), soft skills – бұл адамның қалай жұмыс істейтіні мен әріптестер және серіктестерімен қалайша жұмыс істейтіні туралы жайттар.
Елестетіп көріңіз: сіз аспазды жұмысқа аласыз. Бірінші үміткер – өз ісінің шебері: балық пісірудің 17 түрлі тәсілін біледі (hard skills). Алайда ол сіздің өтініштеріңізді тыңдамайды және командамен әрдайым дауласып жүреді.
Екінші үміткердің тамақ әзірлеудегі білімі біршама қарапайым, дегенмен ол сіздің барлық идеяларыңызды қолдайды және қонақтарыңыз тек тағамдар үшін ғана емес, сондай-ақ көңіл-күй үшін де қайта-қайта оралғысы келетін асүйдегі атмосфераны қалыптастырады (soft skills).
Негізгі soft skills мысалдары
- Байланыс орнату – сөйлей, тыңдай және басқаларды түсіне білу.
- Эмоциялық интеллект – өз эмоциялары мен өзге адамдардың эмоцияларын түсіне және басқара білу қабілеті.
- Команда ішіндегі жұмыс – әріптестермен тіл табыса білу.
- Бейімділік – 2020 ж.ж. бұл дағды ерекше өзекті. Пандемия мен қашықтан жұмыс істеуге ауысқан кезеңді есіңізге түсіріңізші – жылдам бейімделген жандар жеңіске жетті.
- Шығармашыл ойлау – әдеттен тыс шешімдерді таба білу қабілеті.
Неліктен жұмыс берушілер soft skills-ті бағалайды
Soft skills – бұл кез келген компанияның «әлеуметтік валютасы». Келісе алатын және бірлесіп жұмыс істеуді білетін адамдары бар команда әркез анағұрлым жақсырақ нәтижелерге қол жеткізіп отырады. LinkedIn зерттеуіне сәйкес, жұмыс берушілердің 89%-ы қызметкер өз міндеттерін орындай алмаса, бұл кәсіби білімнің емес, «жұмсақ» дағдылардың жеткіліксіздігін білдіреді деп санайды.
Сонымен бірге күнделікті қайталанып отыратын жұмысты машиналар орындайтын автоматтандыру мен жасанды интеллект әлемінде өзара әрекеттесу, көшбасшылық және шығармашыл ойлау дағдылары бұдан да маңызды бола түседі – өйткені оларды роботтарға тапсыру қиын.
Soft skills өмірде қалай көмектеседі
Soft skills жұмыста ғана пайдалы емес.Тыңдай білу қасиеті қарым-қатынастарда көмектеседі, бейімділік күтпеген жағдайларда құтқара алады, ал жасампаздық өмірді анағұрлым қызықты ете түсетіні сөзсіз. Мәселен, біреулер тамақтың қалдығын нағыз гурмандарға арналған кешкі асқа айналдыра алады – бұл да жасампаздық.
Soft skills-ті қалай дамытуға болады
Жақсы жаңалық: икемді дағдыларды машықтандыруға болады. Бұл тура спорт залы сияқты, алайда ол ақыл-ой мен жанға арналған зал.
- Көшбасшы болыңыз. Белсенділік таныта біліңіз және көбірек жауапкершілікті алуға тырысыңыз, тіпті, бұл әшейін кеңсеге арналған корпоративті ұйымдастыру болса да.
- Өзін-өзі талдау. Өзіңізден келесіні сұрап көріңіз: мен нені жақсарта аламын?
- Көпшілік алдында сөйлеу. Бейнежазбаға жолдау жазып көріңіз немесе достарыңыздың алдында сөз сөйлеңіз.
- Командалық жобалар. Бұл басқалардың пікірін тыңдау мен ескеруді дамытуға көмектеседі. Өзіңізді өзге адамның орнына қоя біліңіз және оның көзқарасын түсінуге тырысыңыз.
- Эмпатияны дамыту. «Эмоциялық интеллект» және «Эмоциялар атласы» кітаптарын оқып шығыңыз. Бұл керемет бастама болмақ. Тереңірек шому үшін психотерапияны байқап көріңіз.
Қорытынды
Шабыт сыйлайтын, мотивация беретін және қоршаған әлемді сәл де болса жақсарта алатын адам болыңыз. Өйткені нәтижесінде soft skills-ке инвестиция құйғандар табысқа жетеді, алайда мамандығыңыздың негізгі дағдыларын да ұмытпағаныңыз абзал.