Тайм-киллерлер дегеніміз не және олармен күресудің жолы - Лайқос

Тайм-киллерлер дегеніміз не және олармен күресудің жолы

Кейде жұмыс күні артта қалады да, ал міндеттер тізіміне қарасақ, өте аз іс бітіргенімізді түсінеміз. Жұмыстан ешнәрсе алаңдатпаған секілді – әлеуметтік желілерді кішкене қарап шықтық, темекі тартатын жерде әріптестермен аздап әңгмелестік, жұмыс істедік… ал күніміз зулап өте шықты.

Терминнің өзі айтып тұрғандай, тайм-киллерлер – бұл уақытымызды «өлтіретін» өнімсіз істер. Бұл жердегі бар гәп біздің сол істерге өте көп уақыт жұмсайтынымызды байқамай қалатынымызда жатыр. Өзімізге істен небәрі бес минутқа көңіл бөлуге рұқсат беріп едік, ал олар білдірмей, арасында жұмысқа арналған үзілістермен, екі сағатқа айналып шықты.

Тайм-киллерлермен күресу үшін, ең алдымен, оларды анықтап алған жөн. Түрлі міндеттермен жүктелген ми не нәрсеге алаң болады? Шылымқұмарлар үшін бұл, әлбетте, темекі тартуға үзіліс жасау, осы тұста тайм-киллерлер тартылады. Кеңседе –бұл әріптестермен әңгімелер, фриланста болса, думскроллинг, әлеуметтік желілер, рилстер. Бір темекінің орнына – екі-үшеу шегіледі, өйткені сіз әңгімеге қызығып кетесіз немесе жаңалықты оқып аяқтамадыңыз да, бес минуттық демалыстың орнына – жарты сағат ешнәрсе істемейсіз. Осылайша денсаулық үшін де, сол секілді өнімділік үшін де кілең кемшіліктер шығады.

Ал егер интернет-серфинг барысында сізді ойын қосымшаларының жарнамасы еліктіріп әкетсе, не болмаса дәл қазір танымал веб-сериалдардың топтамасын көзіңіз шалса, онда тайм-киллерлер сіздің демалыс күндеріңізге де еніп кетеді, әрі саябақтың ішінде серуендеу немесе достарыңызбен кездесудің орнына сіз күніңізді патшаны жыланнан құтқарып алу талпыныстарына арнайсыз, не болмаса «Корольдер корпорациясындағы» (иә, осындай шағын сериал бар) король үшін уайымдаумен өткізесіз. Айта кетсек, осы «бейкүнә» қызығушылықтар уақытыңыздан бөлек ақшаңызды да сыпырып алады.

Мұнымен не істеуге болады?

  1. Уақыт өлтірушілерді анықтап алу және олардың шын мәнісінде өміріңіздің минуттары мен сағаттарын бостан-босқа жұмсайтынын түсіну. Күні бойы іс-әрекетіңізді қадағалап отыратын қосымшаны жүктеп алыңыз. Көптеген смартфондарда бұл кіріктірілген опция – ол уақытыңызды қай жерде көбірек өткізетініңізді қадағалауға көмектеседі.
  2. Содан кейін тайм-киллерлерден құтылу – қосымшаларды жою, ойын-сауық пабликтерден бас тарту, әлеуметтік желілердегі уақыт шектеулерін енгізуге тура келеді. Ешқандай асыра сілтеу болмауы тиіс, қысқа мерзімді демалыс шынымен де керек, алайда оны тәуелділіксіз өткізгеніңіз абзал.
  3. Тапсырмалар жоспарлағышын немесе қойын дәптерді қолданыңыз. Телефондағы ойыннан болатын ләззат алудың орнына ми орындалған істер тізіміндегі қанат белгілері үшін дофаминді бөледі.
  4. Мақсатты уақыт әдісі көбірек үлгеруге мүмкіндік береді, демек, жағымды қанат белгілері де көбірек болмақ. Кезекте тұрсыз ба? Жиналып қалған хабарламаларға жауап беріңіз. Кептелістерде уақытты зая кетірмеу мақсатында подкаст немесе көптен бері өткіңіз келген сабақтарды тыңдап шығыңыз. Балаңызды жаттығудан күтіп отырсыз ба – хоббимен немесе сіздің дамуыңызға арналған кез келген басқа іспен айналысатын уақыт келді.
  5. Егер темекімен өтетін ұзақ үзілістер – бұл сіз жайлы болса, хиттерлерге ауысып көріңіз. Бұл гаджеттен бөлініп шығатын аэрозольдің иісі жоқ деуге болады, ал айналадағы адамдарға ол алматылық ауадан зиянды емес, сондықтан көптеген жұмыс берушілер оларды тура жұмыс орнында пайдалануға рұқсат береді. Осылайша сіз әріптестермен болатын ұзақ әңгімелерге алаңдамайсыз немесе үйіңіздің балконында тұрып, ойыннан өтуге қызығып кетпейсіз. Сонымен бірге бұл денсаулық үшін де күмәнсіз плюс: зерттеулер дәлелдеп отырғандай, қарапайым шылыммен салыстырғанда қыздырылатын темекінің құрамындағы уытты заттектер 95% азырақ. Дегенмен ең дұрысы, бұл әдеттен мүлдем арылу екені сөзсіз.
  6. Ең ақырында, жұмыста және оқуда көп тапсырмалы тәртіптен аулақ болғаныңыз жөн, алдыңызға қысқа мерзімді мақсаттарды қойыңыз және түрлі коучтер кеңес беретіндей, «пілді бөлшектеп жеңіз». Бастысы, бастап кету, ал 10-15 минуттан кейін кез келген жалықтыратын немесе күрделі тапсырма соншалықты қорқынышты болып көрінбейді. Бәлкім, оны орындаудан гөрі, одан қашқалақтауға жұмсаған уақытыңыз әлдеқайда көп болатын да шығар.

Тайм-киллерлерден құтылу демалуды қою дегенді білдірмейді

Өзіңізге таймер бойынша үзілістерге уақыт бөліңіз, алайда оларды аз қызықтыратын істерге арнағаныңыз абзал. Терезеге қарау, кір жаю (жұмысты үйден істеген жағдайда) немесе саябақты бір айналып серуендеу анағұрлым пайдалырақ, дегенмен айтарлықтай жалықтырғыш екені шүбәсіз, демек, көңіліңізді істерден біржола бөлуге мүмкіндік бермейді.

Есіңізде болсын: тайм-киллерлер сізге шамадан тыс жүктемемен немесе шаршағандықпен күресуге көмектеспейді. Олар сізді шексіз прокрастинацияға әкеліп соқтырады, содан кейін орындалмай қалған тапсырмалар үшін кінәлік сезім пайда болады, ал оның артында мотивация мен өзін-өзі бағалау деңгейінің төмендеуі тұрады. Үзілістеріңізді пайдалы әрі қалпына келтіретін істермен толтыруға тырысыңыз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.