Түйіндемені қалай жасауға болады: тамаша түйіндемені жасауға арналған кеңестер - Лайқос

Жақсы түйіндемені қалай жазу керек: жұмысқа сәтті орналасуға арналған кеңестер мен мысалдар

Түйіндеме – жұмыс іздеу барысындағы сіздің визит карточкаңыз. Әлеуетті жұмыс берушіге өзіңіз туралы бәрін де айтып берген маңызды, әрі мұны кейіннен сізді сұхбатқа шақыратындай, ал содан соң жұмысқа алатындай етіп жасау қажет. Лайқос түйіндемеге не жазу және қалай жазу керектігі бойынша лайфхактарды жинады.

Түйіндеменің негізгі тұстары

Фото

Бұл кезең қаншалықты қарапайым көрінгенімен, адамдардың көбі дәл осы тұста қателікке жол береді.

  • Кәсіби студияда немесе үйде, дегенмен жақсы сапада әрі бір реңкті фонда түсірілген фотосуретті таңдағаныңыз жөн.
  • Сіздің кәсіби салаңызға сәйкес келетін киім стилін таңдаңыз. Макияж жасағанда шектен шықпағаныңыз абзал, сондай-ақ, әрине, селфи қолданудың немесе шомылуға арналған киіммен түскен фотоны пайдаланудың қажеті жоқ.

Байланыс деректері

  • Телефон нөміріңізді, электронды поштаңызды көрсетіңіз. LinkedIn желісіндегі пофиліңіз болса, құба-құп болар еді. Түйіндемеде үйіңіздің мекенжайын және отбасылық жағдайыңызды жазудың қажеті жоқ. Керек болған жағдайда осының барлығын да сұхбат барысында анықтайтын болады.
  • Аты-жөніңіз көрсетілген кәсіби электронды поштаңызды пайдаланғаныңыз абзал (мәселен, аты.тегі@domain.com). Бейресми немесе тым жасапмаз атауларға жүгінбегеніңіз дұрыс.

Білім

  • Соңғысынан бастап кері қарай хронологиялық тәртіп бойынша оқу орындарын көрсетіңіз. Білім алған мерзімдерді, мамандық және алған дәрежелерді қосыңыз.
  • Егер сіз шетелде қандай да бір алмасу бағдарламалары бойынша білім алсаңыз, мұны міндетті түрде белгілеп өтіңіз. Бұл халықаралық компанияларда, әсіресе іссапарлар жоспарланатын қызметтерде жұмыс істеу үшін нағыз артықшылық болып есептеледі.
  • Сіз талаптанатын жұмыс орнына қатыстылығы бар курстар мен сертификаттарды тізіп шығыңыз. Мектеп кезіндегі барлық олимпиадалар мен қызығушылығыңызға қарай аула үйірмелеріндегі жетістіктеріңіз туралы айтпай-ақ қойғаныңыз жөн.

 Жұмыс тәжірибесі мен міндеттер

  • Жұмыс істеген орындарыңызды хронология бойынша кері тәртіпте орналастырыңыз. Лауазымдарыңызды, ұйымда қызмет еткен мерзім мен негізгі міндеттеріңізді көрсетіңіз. Ең бастысы – сіздің жетістіктеріңіз бен қызықты кейстеріңіз.
  • Өз тиімділігіңізді бейнелеу мақсатында сандарды қолданғаныңыз абзал. Ақшалай жетістіктерді ұмытпағаныңыз дұрыс, әсіресе, егер бұл сіздің жұмысыңызға релевантты болған жағдайда. Мысалы: «Мен жаңа клиентті тарттып, әрі оған 4 миллион теңге көлеміндегі жарнамалық құралдарды саттым».

  • Жұмыстағы барлық міндеттеріңізді, соның ішінде күнделікті қайталанып жасалатын істердің бәрін сипаттауға тырыспаңыз. Негізгі 5-6 міндетіңізге көңіл аударып, оларды орындау барысындағы жетістіктеріңізге мән бергеніңіз жөн. Тіпті, есеп жасаудың өзін әдемі түрде көрсетуге болады: «Мен кестені автоматтандырдым, енді есепті дайындау үдерісі небәрі 10 минут уақытты алады».

Дағдылар

  • Тек қана осы вакансия үшін орынды болып келетін дағдыларды қосыңыз. Hard skills туралы ғана емес жазыңыз. Қазіргі уақытта soft skills бағаланады. Өзіңіздің мықты жақтарыңызды қосыңыз (дегенмен олардың саны 10-нан аспауы тиіс): команда ішінде жұмыс істеу, сыни ойлау, тіл тапқыштық.
  • Меңгерген тілдер мен оларды меңгеру деңгейін атап өтуді ұмытпаңыз.

Жиі жасалатын қателіктер

  • Түйіндеменің грамматикасы мен тыныс белгілерін тексеріп өтіңіз.
  • Кәсіби жаргонды шамадан тыс қолданбаңыз.
  • Жалған деректерді қоспаңыз.
  • Түйіндемеге қараған кезде оның тартымды әрі жақсы құрылымдалғаны байқалып тұруы абзал. Қаріп те біртұтас болуы тиіс.

Міне, мінсіз түйіндеме дайын деуге болады. Ең маңызды жайт – егер сіз түйіндемені әрбір лауазым немесе компания үшін бөлек дайындасаңыз, түйіндемені жібермес бұрын оны тексеру керек.

Жақсы әсер қалдыру үшін сіздің бір ғана мүмкіндігіңіз бар. Оны жіберіп алмаңыз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]